Я, учитель казахского языка и литературы в ОСШ имени М.Ауэзова, село Урангай, город Туркестан. Родился 1984 году 10 августа в Городе Туркестан.
Алғаш болып мен мектеп директоры Н.Ә.Кадиров және мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Н.Мамбетов мырзалармен кездесу өткіздім. Ол кісілерге үш айлық курстың негізгі мақсаты мен міндеттерін түсіндіре отырып, тізбектелген сабақтар өткізуім керектігін және дебасқа да іс-шаралар өткізуім керектігін айтып, өзіме керекті сыныбымды белгілеп берулерін сұрандым. Директор менің сөздеріме қолдау көрсете отырып, мектеп әкімшілігімен кездесу өткізу үшін және де маған сабақ өткізуім үшін жағдай жаратып беретінін айтты. Тізбектелген сабақтарымды өту үшін маған 8 «Г» сыныбын белгілеп берді.
Мектеп директорымен кездесіп болған соң мен мектептегі әріптестеріммен кездесу өткізіп, курста үйренген біліммен бөлістім. Әріптестеріммен бірге, атап айтқанда, А.Мамбетов, С.Алимбеков, М.Азизханов, А.Жусупов, Х.Азимов, У.Абдуллаева, А.Хамидов, Ш.Азизханов, Л.Атаханов, А.Ахмедов, Ә.Джахаевтармен сындарлы оқыту технологиясының білім беру үдерісіндегі пайдасы мен оқыту процесінің тиімді әдісі екендігін мойындап, осы тақырып төңірегінде өз ойларын ортаға салып, ынтымақтастық аясында сұхбат жүргіздік және осы бағдарлама бойынша оқуға барып келген және менен басқа оқып жүрген әріптестеріммен бірге практикалық жұмыстарды іске асыру жоспарларын жасадық. Мектептегі тәжірибе кезеңін 8- «Г» сыныбымен өтетіндігімді ескерттім. Әріптестерім сындарлы оқыту технологиясының оқыту мен оқуға көрсетер әсері мол екендігін айта отырып, бұл әрекетіме қарсы еместігінжәне сабақтарды өту барысында қолдарынан келгенінше көмектерін аямайтынын айтты.
Өзіме бекітілген сынып оқушыларының белсенді ата-аналарымен кездесу өткізіп, олармен өз балалары жөнінде және олардың мектептегі оқулары, сабақ үлгерімдері, олардың неге қызығатындығы, мінезі жөнінде пікір алмастық. Ата-аналар өз балаларындағы табиғаты мен сабақ үлгерімдері жайлы ойларын ортаға салды. Мен оларға өзімнің оқып келген сындарлы оқыту бағдарламасы негізінде сабақ өтуім керектігін, бұл бағдарламаның пайдасы мен тиімділігін айта отырып олардан балаларын сабаққа қатысуына рұқсат беруін сұрадым. Ата-аналар өз балаларының білімді болғанын қалайтындары және қалай етсе де олардың білімді болуы үшін бәріне дайын екенін, менің әрекеттеріме қарсы еместігін айтты.
Осы өткізген кездесулерімнің басты мақсаты – оқытудағы Кембридж тәсілінің сындарлы оқыту теориясының мазмұнымен, яғни сындарлылық теориясына негізделген оқытудың оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана блуін қамтамасыз ету екенін әріптестеріме түсіндіру еді. Бұл бағытта маған мектебімізден алғашқы болып осы бағдарламаның жоғары деңгейлі курсын оқып келген Абдураим Мамбетовтың маған берген көмегі үлкен болды. Ол өзінің осы бағдарламаның мазмұнынан хабардар екенін айтып, бағдарламаны мектеп тәжірибесінде қолдану арқылы мектептің оқу үдерісін дұрыс бағытқа бұратынымызды, біз сияқты саналы да сапалы білім бере алатын тәжірибелі мұғалімдерді бір қоғамдастықтың астына біріктіре отырып, мектебіміздің білім сапасын арттыруға үлесімізді қосуымыз керектігі жөнінде насихаттар берді.