Дуйсенбай Зылиха Мурсаликызы

  • учитель начальных классов
  • Сш, № 11 им. Ы.Алтынсарина
  • Казахстан
  • 15.08.1961

Категории по интересам:

Мен,Дуйсенбай Зылиха 1991 жылдан бастап №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет етудемін. Қызметтестер арасында қолымнан келгенше көмегімді аямаймын.Шәкірттерімді білім нәрімен сусындатып,тәлім-тәрбие беруде,жақсы қасиеттерді бойына дарытуға,адамгершілік рухта бағыт-бағдар беріп жүрмін.Менің шығармашылық тақырыбым «Деңгейлеп оқытудың тиімділігі»,мақсаты-оқушылардың пәнге деген қызығушылығын раттыру арқылы білім деңгейін жетілдіре отырып, өз бетімен жұмыс жасауға бейімдеу ,шығармашылық қабілетін дамыту арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.Мен бұл тақырыппен 2005 жылдан бері айналысып келемін.2010жылы Қалалық бастауыш сынып мұғалімдер семинарында осы тақырыппен баяндама оқыдым.Ал 2011 жылы қалалық «Жыл мұғалімі» байқауына қатысып, жүлделі І дәрежелі дипломмен марапатталдым. 2011-2012 оқу жылында мектепішілік семинарда «Бастауыш сыныптардағы тіл сабақтарында қолданылатын жаңа технологиялар.» атты баяндамамды түрлі слайдтар арқылы түсіндіріп,өз ойын ортаға салдым.Қазақ тілі пәнінен «Сөйлем» тақырыбындағы өте жоғары дәрежеде өткізген ашық сабағым тірек сызба,топтастыру,деңгейлік тапсырмалар т.б әдістер арқылы оқушылардың қызығушылығын оятып,өз-өздеріне сенімділігін арттырды. Сондай-ақ «Ел нышаны- рәміздер», «Тіл-ұлт тірегі», «Білімді мыңды жығады» атты еңбектерім республикалық Ұстаздар сайтына еніп,www.45 minut.kzинтернет ресурсында жарияланып, сертификат алдым. Мен өзім өткізген әр сабағымда жаңа технологияларды ұтымды пайдаланып оқушылардың жете түсінуіне , шығармашылықпен жұмыс істеуіне мән беремін. Оқушыларым мектепішілік, қалалық олимпиадаларға қатысып өздерін биік белестерден көрсетуде. «2011 жылы «Шығармашылық-өмір талабы» мектептегі инновациялық үрдіс тақырымен қалалық «Инноватор меңгеруші-2011» байқауына қатысып, жүлделі ІІ дәрежелі дипломмен марапатталдым.Бастауыш сынып оқушыларымен «Зерде» математикалық білім сайысы,«Білімді мыңды жығады» атты интеллектуалдық топтық сайысты интерактивті тақтамен өткіздім «Өз мамандығымды таптым ба?,Көппен жұмыс істей аламын ба?, Мен кіммін?» сұрақтарына жауап алу мақсатында «Психологиялық тренинг» өткіздім. 2013 жылы қараша айында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы ұйымдастыруымен «Білім беруде рухани тәрбиенің маңыздылығы:ізденістер мен тәжірибелер,жаңа бағыттар» атты облыстық ғылыми-практикалық конференцияда «Білім беру ортасында жеке тұлғаның адамгершілік-рухани қасиеттерінің дамуы» тақырыбында баяндама оқыдым. 2012жылы өткен республикалық «Ақбота» интеллектуалдық марафонында да оқушыларым жүлделі дипломдармен марапатталды. Сыныбым 2012-2013оқу жылында52%,2013-2014 оқу жылында ,53% болса,биылғы 2014-2015 оқу жылында 54% болды.Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі жаңалықтарды өз тәжірибесіне енгізе отырып, бірнеше рет білім жетілдіру курстарынан өттім.Сонымен қатар «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Атырау қаласының филиалынан бірінші(ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдердің оқыту курсын 2014жылы қараша айында бітіріп,сертификат алдым.Дарын орталығының ұйымдастыруымен республикалық қашықтық олимпиадасына 2013,2014,2015 жылдары қатысып отырдым.2016 жылы 15.01-15.02 аралығында Халықаралық «Базис» интеллектуалдық орталықтың ұйымдастыруымен ғылыми-практикалық қашықтық семинарына 72 сағаттық «Бастауыш білімнің мазмұнын жаңарту (12 жылдық мектептің үлгісі)» тақырыбымен қатысып,дипломмен марапатталдым.

В друзьях у автора: 0

Автор в друзьях: 0

  • Материалы: 5
  • Просмотры: 1147
  • Коментарии автора: 0
  • Коментарии автору: 0