Білімі жоғары,Қостанай Педагогикалық институтын 1985 жылы аяқтаған.Педагогикалық өтілі 30 жыл.Жұмыс барысын 1985 жылы Қзылту №1 орта мектебінде химия,биология мұғалімі ретінде бастаған.1988-1994 о.ж. Чехов орта мектебінде оқу ісі меңгерушісі және пән мұғалімі,1994-2000 о.ж. Қарашілік орта мектебінде оқу ісі меңгерушісі және химия,биология пәні ,2000-2010 о.ж. Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясында оқу ісінің меңгерушісі және химия,биология пәні мұғалімі болып жұмыс атқарды.2010-2012 о.ж. Аудандық Білім Бөлімінде әдістемелік кабинет меңгерушісі, ал 2012-ші оқу жылынан бастап, Кішкенекөл мектепгимназиясының директоры және пән мұғалімі.
Дүйсенбекова Марфуға Қайрденқызы – кәсіби біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол, шәкірттерімен тіл табыса алатын шебер ұстаз. Әр сабақта бағдарламалық материалдарды күнделікті өмірмен тығыз байланыстырып оқушыларға жетік тілмен түсіндіріп, күнделікті сабаққа мұқият дайындалып отырады. Өз тәжірибиесінде тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра біледі. Оқушылардың ақыл-ой қабілетін дамытуға, олардың шығармашылық көзқарасын қалыптастыруға көп көңіл бөледі. Сабақтарында үлестірмелік топтамаларды, сызбаларды, көрнекіліктерді, тест тапсырмаларды интерактивті тақта арқылы пайдаланады. Жұмысында ұстанатын негізгі мәселесі-оқушылардың химия-биология пәніне деген ынтасын арттыру, дамыта оқыту технологиясын пайдаланып, әрбір оқушыны қабілеті мен мүмкіндігіне қарай оқыту. Химия-биология білімінің оқушы интелектісін дамыту мен өзін-өзі дамытудың басты шарты ретінде тұтастығын қамтамасыз ететін тақырыптарды неғұрлым жетілген жүйесін құрады. Мұғалімнің ерекшілігі-жүйелі де тиянақты білім беру, есеп шығару жолдарында өздігімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Химия кабинеті жабдықталған, әр оқушыға жағдай жасалған. Марфуға Қайрденқызы мектептегі білікті ұстаздардың бірі. Оқушыларға тиянақты, терең білім дарыту жолында көп ізденіп, әрбір сабағын жоғары дәрежеде өткізеді. Пән бойынша көптеген дидактикалық материалдар дайындаған, оларды сабаққа ұтымды пайдаланады.