Джанабаева Мамыркуль Отынбаевна

  • математика пән мұғалімі
  • Ленин атындағы орта мектеп
  • Казахстан
  • 05.10.1969

Категории по интересам:

Мінездеме Джанабаева Мамыркуль Отынбайқызы 1970 жылы 5 қазан күні Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген. Джанабаева Мамыркуль - өз ісін жетік меңгерген сауатты маман, арнаулы пәнді оқытуда қазіргі заманға сай әдіс – тәсілдерді қолдана біледі. Оқытушы беретін сабағының теориялық және практикалық жақтарын жетік меңгерген. Оқытушының жұмысының негізгі мақсаты – еңбек іс әрекеті бойынша жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Студенттері оқу және практика барысында бірін – бірі түсіну, бірігіп жұмыс жасау сияқты қарым – қатынастарын арттыруда шеберліктерімен көзге түседі. Бақытжамал Сағындыққызы әр студенттерін жете зерттеп олардың шығармашылық қасиеттерін арттырып отырады. Қабілеті жоғары студенттерге аса көңіл бөледі. Мұндай студентері республикалық, облыстық, қалалық іс шараларда топ жарып ерекшеленеді. Ұстаздық жолға түйсеннен бері Джанабаева Мамыркуль Арнаулы пәндерді оқытуда жеке тұлғаны қалыптастыру жолдары» атты ғылыми жұмыспен шұғылданып жүр. Осы аталған ғылыми жұмысы колледждің ғылыми- әдістемелік кеңесінде қорғалып, Қарағанды облысы мемлекеттік білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында үздік жоба ретінде қорғалды. 2011 жылы Қ.Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына орай ашық тәрбие сағаты және сырттай оқу бөлімінің студенттерімен «Сөзім жыр, лебізім күй ерке едім атты» әдеби – сазды кеш өткізіп бұл жұмысы облыстық баспасөз беттерінде жарияланды. Осы жылғы түлектерге арнап Елбасының саясатымен бастама алған «Дипломмен ауылға» жобасын іске асыру мақсатында «Бүгінгі жас маман ауыл тірегі» атты жоба қорғалып, бұл жұмысы баспасөзде жарық көрді. 2011 жылы «Ы.Алтынсарин әңгімелеріндегі сан есімнің мағыналық түрлерінің қолданысы» атты ашық сабақ өткізді. Қала мектептерінде, колледжде Елбасымыздың халыққа жолдауын насихаттау, ақпарат – құралдарында жастар арасындағы саяси көзқарас туралы материялдар жариялау, радиохабарлар жүргізу сияқты іс-шараларға қатысуы Бақытжамал Сағындыққызының атқарған игілікті істерінің бірі. Бақытжамал Сағындыққызының түлектері бүгін де облысымыздың әр түкпірінде қызмет атқаруда және жоғарғы оқу орындарының мемлекеттік грантын жеңіп алған студенттері бар. Олар: Нығманова Қ, Нұранова Г, ДосжановаС, Маулиянова З, Мәлік Л, Абдилдина Радана, Тиштыбекова Қамар т.б. Бақытжамал Сағындыққызының жетекшілік етіп дайындаған студенттері облыс, қала, колледж ішілік сайыстардың женімпаздары. Атап айтсақ, 2004 жылы бітірген түлегі Муфталова Аққу Құсайынқызы Қарағанды облысы әкімінің білім саласындағы сыйлығының жеңімпазы. 2009 жылғы түлегі Сұраубай Гүлжан Бұқар жырау ауданы бойынша «Жылдың ең үздік жас маманы» номинациясын жеңіп алса, сол жылғы түлегі Бегам Күнсая «Жылдың ең үздік жас журналисі» жеңімпазы. 2008 оқу жылында Сурабай Гүлжан «Махамбет оқулары» атты сайыста 2 орын иеленіп, О.Бөкей атындағы «Өр Алтайдың ақиығы» байқауында облыстық алғыс хатпен марапатталды. Ктанова Мөлдір «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты байқауға, Мұқашева Гүлім «Боламын ақын Қасым әлі де мен» атты мүшайраға қатысып алғыс хаттармен марапатталды. 2010 жылы Темірғалиева Жанар «Жаңғырық» атты облыстық телеойынына қатысып I орын иеленді. 2011 жылы «Мен - Қазақпын» атты жалпы облыстық жастар байқауында рухани ізденіс көрсетіп, ерекше көзге түскені үшін Бағдаулет Дауренбек марапатталды. Бөлекбаев Азамат «Тіл – барлық білімнің кілті» атты облыстық байқауға қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты облыстық педагогикалық олимпиадада үшінші орынға ие болғаны үшін дипломмен марапатталды. «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты республикалық педагогикалық олимпиадада бірінші орынға ие болғаны үшін дипломмен марапатталды Джанабаева Мамыркуль – шәкірттері мен әріптестері арасында сыйлы да қарапайым, инабатты, салмақты, ізденуден, үйренуден бірде – бір жалықпайтын «таланты өсіретін – талап» екенін көруге болады. Биікке қарай, қанаты талмай, самғай ұша беретін ұстаздың бірі - Джанабаева Мамыркуль деп танимыз.

В друзьях у автора: 0

Автор в друзьях: 0

  • Материалы: 5
  • Просмотры: 1039
  • Коментарии автора: 0
  • Коментарии автору: 0