Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
1 месяц назад

Джанбирова Гулжан Адиловна

учительница начальных классов

Казахстан сш .7

Материалов: 5 Просмотров: 1494 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Начальная школа
Инфоурок / Сайты учителей / Джанбирова Гулжан Адиловна

1988 жылы Гурьев педагогикалық институтын бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі. Еңбек өтілі 27 жыл.1988 жылдан бері Маңғыстау облысы Қарақия ауданы,Мұнайшы селосындағы №7 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі және бастауыш сыныптарының әдіскері қызметін қоса атқарып келді. Осы жылдар ішінде әдіскерлік тәжірибесі мол, білімді, білікті маман ретінде танылды. Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану арқылы оқу мазмұнын жаңарту, нәтижеге бағытталған білім беру мен мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін үздіксіз жетілдіру, инновациялық тәсілдерді меңгеру арқылы оқушыларға сапалы білім беру мәселелеріне ерекше назар аударатын ұстаз. Гулжан Адиловна ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының ІІІ негізгі деңгейі бағдарламасы бойынша сындарлы оқытуды жүзеге асыру әрекетінде іс- тәжірибесін дамытуда.Осы бағдарлама аясында ұйымдастырылған Республикалық «Ұлттық сана және Алаш арыстары» атты конференцияға қатысып, ІІІ Республикалық «Ұлағатты ұстаз» конкурсында «Әдістемелік әзірлемелер»бағыты бойынша–ІІІ дәрежелі дипломды иеленді. Әдіскер ретінде аудандық, облыстық «Үздік әдіскер»байқауына қатысып, жеңімпаз атанған Гулжан Адиловна өзінің саласы бойынша білімін үнемі жетілдіріп,өз білімі мен талантты ғибратын , тәжірибелік әдіс- тәсілдерін жас мамандармен, әріптестерімен бөлісуден жалыққан емес.Еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік- тірегім»атты байқаудың жеңімпазы атанып, аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.Үлгілі сабақтары республикалық «Бастауыш білім», «Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі», «Бастауыш сынып» сынды ғылыми –әдістемелік журналдарда, еліміздің озық тәжірибелі мұғалімдерінің шығармашылығын насихаттайтын «Жаңа білім-жаңа ғасыр», «Білім — болашаққа жеткізетін нұрлы жол» атты топтамаларда жарық көрді.Ол аудандық, облыстық Құрмет грамоталарының иегері.

  • 5 материалов

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх