Джумаева Аманджан Алибаевна

  • Учитель математики
  • Ср шк№6
  • Казахстан
  • 30.08.1955

Категории по интересам:

Ұстаздық-ұлы қасиет «Ұстаздың абыройы мен білімі болмаса- шәкірттері оның сақалымен ойнайды» Сайф Саран Мен, Джумаева Аманджан Алибаевна №6 орта мектепте математика мұғалімі болып 33 жылдан бері қызмет етемін.Ұстаздық-ұлы құрмет.Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да,ғалымын да,еңбекқор егіншісін де,кеншісін де ұстаз өсіреді.Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ,сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз»-деп Бауыржан Момышұлы айтқандай «Ұстаз» сөзінің түпкі мағынасы «ұста» сөзінен алынып,шебер,яғни барлық жұмысты істей білуге үйрететін кәсіп иесі деген мағынаны білдіреді.«Әрбір істің өз ұстасы болады,ал әрбәр ұстаның да ұстазы болады»-деген халық нақылының мағынасы тереңде жатыр. Ұрпақтардың әрі тәрбиелі,әрі білімді болуы да тікелей ұстаздардың еңбегімен ұштасып жататындығы белгілі.Ұстаз өз бойындағы білімі арқылы шәкірттерді ғибраты мол ғылым ғылымына түсіруінеде тікелей ықпал етеді.Сондықтан да әрбір ұстаз әрі терең,әрі жан-жақты білімдар болуы тиіс және ол бойындағы бар білімін шәкірттер санасы сіңіру үшін еңбек етеді. «Мұғалім-өзінің үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім,оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі жойылады»-деген К.Д.Ушинскийдің пікірі барлық мұғалімнің жадында тұруы тиіс. Ұрпақтарымыздың білімді болуын алаш ардақтылары да өз еңбектеріне басты арқау етіп өткендігі олардың шығармаларынан айқын байқалады.Алаш ардақтыларының бірі-А.Байтұрсынов бабамыз ұлтымыздың болашағы білімді жастарға тікелей байланысты екендігін ұлттық ұран ретінде биікке көтереді.Ол жастарды білімге ұмтылдыру мақсатында ұран тастап, «Басқалардан кем болмауымыз үшін біз білімді һәм күшті болуымыз керек.Білімді болуға оқу керек…»- деп жастарға тікелей байланысты екендігіне ескерту жасап,мына жыр жолдарын арнады: «Тән көмілер,көмілмес өткен ісім, Ойлайтындай мен емес бір күндігін. Жұрт ұқпаса,ұқпасын,жалықпаймын, Ел-бүгіншіл,менікі-ертеңгі үшін! Мұғалім-мамандық болса,ұстаздық-ұлы қасиет.Өмірде мамандықтардың бәрінің өз орны бар десек те,мұғалім мамандығы әлемдегі өзге мамандықтармен салыстырғанда,ең құрметтісі,қасиеттісі және абыройлысы екендігін ешкімде жоққа шығара алмайды.

В друзьях у автора: 0

Автор в друзьях: 0

  • Материалы: 3
  • Просмотры: 4195
  • Коментарии автора: 0
  • Коментарии автору: 0