Мен, Елдізерова Ақтоты Нұрболатқызы 1984 жылдың 30 мамыр айында Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында дүниеге келдім.
2001 жылы Шалқар қаласындағы №6 мектепті бітірдім. 2001-2004 жылдар аралығында Ақтөбе гуманитарлық колледжіне түсіп, «Бастауыш сыныптарды оқыту қазақ (негізгі) мектебінде орыс тілін оқыту» мамандығы бойынша бітіріп шықтым. 2010-2013 жылдар аралығында Мемлекеттік Қ.Жұбанов атындағы университетін «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бітіріп шықтым.
2005 жылдан бастап "№6 атындағы ЖОББМ" КММ-де ұзартылған күн тобы тәрбиешісі болып жұмысқа орналасып, еңбек жолымды бастадым.
2009 жылдың қыркүйек айынан бастап мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі болып тағайындалып, жұмыс жасадым.
2013 жылдың қыркүйек айынан бастап бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасадым.
2018 жылдың қыркүйек айынан бастап бастауыш сынып бойынша орыс тілі пәні мұғалімі болып жұмыс жасап келемін.