Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
2 месяца назад

Еримбетова Дамебике Абдигалиевна

учительница начальных классов

Казахстан сош №18 имени М.Сатыбалдиева

Материалов: 5

Просмотров: 709

Комментарии автора: 0

Комментарии автору: 0



Категории по интересам: Начальная школа
Инфоурок / Сайты учителей / Еримбетова Дамебике Абдигалиевна

2011 жылы өткен қалалық «Ең үздік бастауыш сынып мұғалімі» байқауына қатысып, Алғыс хатпен марапатталды. 2013 жылы XIV қалалық педагогикалық оқуда «Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында баяндама жасап, ІІІ орын иеленді.Мектепішілік сайыстарға да белсене қатысады. Жыл сайын мектепте өткізіліп отырған семинарларда үлгілі сабақтарын көрсетіп келеді.»Сабақта бейнематериалды тиімді қолдану тәсілдері»атты әдістемелік бастауыш сынып семинарында Ө.Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңімен танысу сабағында әртүрлі әдістерді қолдана отырып,оқушыларға өз туған өлкесі Атырау қаласы туралы бейнематериалды тамашалатты.Сабақ үлгілі сабақ деп бағаланды.»Оқу мен Жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» мектепішілік семинарында өз тәжірибесінен А.Құнанбаевтың «Күз» тақырыбында панорамалық сабағын көрсетті.Өз сыныбының ата- аналарымен жақсы тіл табысып,оқушылар жөніндегі мәселелерді талқылап отырады.»Менің жанұям» атты ата- аналармен бірлескен танымдық кешінде оқушылар мен бірге ата- аналары да белсене қатысты. 2013-2014 оқу жылындағы мектептің жазғы сауықтыру демалыс «Кәусар» лагерінде тәлімгер болып,өз сыныбындағы шәкірті Атау Мейрамгүл Қазақстан Республикасының балаларды сауықтыру лагерьлеріндегі 8-11 жастағы демалушы балалардың арасында қашықтықтан өткізілген «Топтың өмірінен бір күн-мобильді көзқарас» тақырыбындағы «Электрондық презентация» номинациясы бойынша сертификатқа ие болды. «Зерде» оқушылардың зерттеу жұмысы мен шығармашылық сайысының қалалық бірінші кезеңі бойынша биология,қоршаған орта секциясында шәкірті Қожбан Мұхаммед «Үй қояндарын өсіру арқылы еңбекке дағдыландыру» тақырыбында жүлделі ІІІ-орынға ие болды.2015 жылы ІІІ деңгейлік оқыту курсын аяқтады. Ізденімпаз мұғалім жеке тұлғаны тәрбиелеу мен нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа технологияларды пайдалана отырып,биік жетістіктерге жетуге толықтай мүмкіндігі бар.

  • 5 материалов

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх