Еркебаева Нуржамал Аманбаевна учитель казахского языка и литературы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Тәуелсіз еліміздің тіліне,мәдениетіне,ұлтымыздың болашағына деген жарқын үміт бел ала бастады.Рухани қазыналарымызды қастерлеп,оны келер ұрпақтың еншісі етудің кезеңі туды.Сондықтан ұлттық рух пен халықтық өсиет-өнегенің ,тәлім-тәрбиенің бастау алар орны,жас буынның бойына себілер адамгершілік дәнінің өнер жері,әрине,білім ордасы-мектеп болмақ.
Бүгінгі заман талабына сай жаңадан құрылған ұлттық өнеге берер,болашақ мектептің қандай болмағы мұғалімдерге үлкен міндет артады,шығармашылықпен жұмыс істеп,тынбай ізденуді қажет етеді.
Білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандартында: «Белгіленген мақсатқа оқушына әр түрлі жолмен жетуіне мүмкіндік жасайды.Әр түрлі ұйымдастыру формаларымен белгіленген мақсатты жүзеге асыруда мұғалімге шығармашылықпен түрлі технологиялар арқылы әрекетенуге еркіндік беріледі»,-деп көрсетілген.Сонымен бірге,жеке тұлға,қоғамға керекті дарынды,шығармашылық тұлға қалыптастыру-білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы болып отыр.Мақсатты білім беру—өмір талабы,тұлғаның дамуын жүзеге асыру мәселесі күн тәртібінде тұрған маңызды іс.