Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
15 дней назад

Ермаханова Кулженис Кистаубаевна

учитель начальных классов

Казахстан Сш №33

Материалов: 4

Просмотров: 732

Комментарии автора: 0

Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Начальная школа
Инфоурок / Сайты учителей / Ермаханова Кулженис Кистаубаевна

Мен Ермаханова Кулженис Кистаубаевна 1970 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келдим. Отбасым бар.Жолдасым ,еки балам бар.Бітіргенім Қорқыт Ата атындағы педагогикалық университетінің бастауыш сынып мұғалімі.Жоғарғы санатты мұғаліммін.23 жыл жұмыс жасадым.Жаңа технология бойынша бастауыш сыныпта білім беру үрдісінде қызмет етемін.Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік журналға мақалаларым шығып тұрады.Оқушыларым "Ақбота" интеллектуалды байқауларға қатысып тұрады және "Ақ көгершін" байқауына қатысып оқуышларым Серікқызы Айгерім мен Серікқызы Айнұр 1-ші орынды иеленді. "Балдай тәтті балғыншақ" байқауына қатысып оқушып Нұрсапа Алибек 3-ші орынға ие болса, "Әдемі" би тобы бас жүлдеге ие болды. оқушым Нұрсейіт Қуаныш М.Мақатаев және Абай оқуларына қатысып жүлделі 1-ші орынға ие болды.Баспа бетіне бастауыш мектеп журналына өзім өткізген сабақтарымды жариялап отырамын."Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы" жинағына мақалам жарыққа шықты. Облыстық мамандар кәсібін дамыту институтынан жарыққа шықан "Зияткерлі жеке тұлғаны қалыптастыру жолдары" атты кітабында "Батауышым - балбұлағым " атты тәрбие сағатым жарыққа шықты. Сонымен бірге оқушыларымның шығармалары "Балдырған" "Мөлдірбұлақ" "Қайнар көзі" "Нұрлы таң" журналдарына шығып тұрады.Сабақ барысында топтық, жұптық жеке тапсырмаларды сыни тұрғыдан ойлауға байланысты көбірек қолданамын. Мысалы: "кубизм, семантикалық картаны толтыру, эссе, бес жолды өлең құрастыру" тағы басқа тапсырмаларды сабағыма қолданамын. Бұл тапсырмаларды кіріктірудегі мақсатым оқушылардың сыни тұрғыдан ойлануын дамытуға өз бетімен ізденіп өзін-өзі оқытуға және топ ішінде бір-біірмен пікірлесіп білмегендерін үйрену үшін пайдалы.Сабақтарымда жеті модульді пайдаланып, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сыни тұрығыдан ойлауы дамыған , алған білімін өмірде пайдалана алатын оқушы тәрбиелей алатынымз сөзсіз. Осы еңбектеріме сай Облыстық,аудандық әкімшілк тарапынан марапаттаулар мен құттықтау қағаздарына ие болдым. 2015 жылы "Жылдың ең үздік сынып жетекшісі" байқауына қатысып жүлделі 1-ші орынға ие болдым. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттық елдің болашағы - жас ұрпақ тәрбиесіне сапалы білім алуына, мықты көңіл бөлуді қажет деп санаймын. "Жеті жұрттың тілін біл" , "Жеті түрлі білім біл" деген халық мақалдары Қазақстан халқының білімге ғылымға деген көз қарасының қаншалықты жоғары екенін көрсетеді.

  • 4 материала

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх