Мен Баймағанбетова Бағила Қайырханқызы 1977 жылы 15 қаңтарда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шебір аулында дүниеге келдім.1984 жылы 1 қыркүйекте 1-Май сегізжылдық мектебіне 1-класқа бардым.Оны 1992 жылы бітіріп шықтым.Содан кейін Тұщықұдық елді мекенінің С.Жанғабылов атындағы орта мектебіне 10 класқа қабылдандым. Оны 1994 жылы бітіріп шықтым. 1997 Ш.Есенов атындағы Ақтау университетінің орыс тілі мен әдебиетінен сырттай бөліміне оқуға түстім. Өз мамандығым бойынша Қаратөбе орта мектебінде жұмыс жасаймын. Тұрмыс құруыма байланысты Қаратөбе орта мектебінен босатылдым. 2003 жылы Б.Жұмалиев атындағы мектепке орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмысқа қабылдандым. 2006 жылдан 2009 жылға дейін кітапханашы болып жұмыс жасадым. 2009 жылдан 2014 жылға дейін лаборант болып қызмет атқардым. Қазіргі таңда 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Өзін-өзі тану пәні мұғалімі болып жұмыс атқарамын.
Мен Баймағанбетова Бағила Қайырханқызы 1977 жылы 15 қаңтарда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шебір аулында дүниеге келдім.1984 жылы 1 қыркүйекте 1-Май сегізжылдық мектебіне 1-класқа...