Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
3 месяца назад

Есимова Гаухар Серикбаевна

бастауыш сынып мұғалімі

Казахстан Түгіскен орта мектебі

Материалов: 1 Просмотров: 94 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Начальная школа
Инфоурок / Сайты учителей / Есимова Гаухар Серикбаевна

Тәрбие теориясын жасаушы педагог-ғалымдар – еңбек тәрбиесінің теориясын жасауда, әсіресе, басты рөл атқарған К.Д.Ушинский болды. Ол өзінің еңбегінде адамның жан-жақты дамуы үшін еңбектің маңызының зор екендігін көрсетті. К.Д.Ушинский өзінің еңбегінде «Еңбектің психикалық және тәрбиелік мәні» деген мақаласында еңбек тәрбиесін арнайы қарастырды. Ал, «Балалар әлемі», «Ана тілі» оқулықтарында осы тәрбие жөнінен балаларға арнап сан алуан материалдар жазды. К.Д.Ушинский талаптарының ең бастыларының бірі – еңбексүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу. Кімде-кім пайдалы еңбекпен айналысса, сол адамның қоғамның лайықты азаматы бола алады деп біледі. Әрбір баланы қоғамға пайда келтіретін, өзінің пайдалы еңбегінің жемісімен күн көретін азамат етіп тәрбиелеу үшін, Ушинский баланың санасына сәби кезінен-ақ еңбек етудің қажеттілігі мен маңыздылығын ұялатуды, пайдалы іс-істеуге тырысушылыққа, қандай істе болса да шын ниетпен және ұқыпты орындауға тәрбиелеуді ұсынды. «Еңбек тәрбиесі шәкірттің еңбекке деген сый-құрметімен сүйіспеншілігі ғана емес, сонымен қатар еңбек ету әдетін де оның бойына сіңіреді»- деді. Ол селолық мектептерде ауыл шаруашылығына тікелей байланысты болу қажеттігін талап етті. Еңбек тәрбиесінің ең басты да негізгі міндеттерінің бірі жас өспірімдерді қоғамдық-пайдалы, ауыл шаруашылығының жетістіктерін жете түсіну және оған өзщдері тікелей араласу, өндірісті білу, онымен жұмыс істеу тәжірибесін бойына сіңіріп отыру дейді. Сондай-ақ ол «Балалар жұмыс істейтін бағы, бақшасы, азда болса жері жоқ мектеп шын мәніндегі мектеп бола алмақ емес»,- деп атап көрсетті. Сонымен бірге Ушинский ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отьыруына да ерекше мән береді.

  • 1 материал

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх