Оқу - тәрбие үрдісіне жаңа технологияны енгізу-жеке тұлғаның шығармашылығына жол ашады.
Менің ойлауымша, осы бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын атап керсетті. Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылықтарын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын айтса, Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбат түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше, «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға тартылады, осылайша, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие. Сабақ барысындағы әлеуметтік өзара іс-әрекеттер оқуда маңызды рөл атқарады,- деген ғалымдардың сөздерін оқып, саралап, осы дәлелдеулер мені қатты қызықтырды. Бағдарлама идеясы 7 модульге біріктірілген. Осылардың ішінде білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулі жаңа тәсіл ретінде диалогтік оқыту мен қалай оқу керектігін үйретуді қарастырады. Диалог арқылы оқыту модулін сабақтарда қолдана білсек, балаларға қалай әсер етеді, олардың қызығушылығы дами ма, сабаққа қатыспай отыратын оқушыларым сабаққа қатыса ма деген қызығушылық болды да, осы тәсілді таңдап, қыр-сырына үңілгім келді. «Мұғалім - оқушы» және «оқушы-оқушы» жағдайындағы қарым-қатынас түсінікті дамыту мен мағынаны ашудың елеулі бөлігін құрайды. Осы зерттеулерге сүйене отырып, сабақтар топтамасында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, диалогтік оқыту тәсілін енгіздім. Осы жоспарымды жүзеге асыру үшін 8 сыныпты таңдадым.Себебі бұл сыныпқа бұрыннан сабақ беріп келемін.Олардың білім деңгейін білгендіктен маған жеңілдеу болды. 8 «А» сыныбында өткізген сабақтарымды бастамас бұрын тақырыптарыма сәйкес суреттер мен бейнекөрсетілімдер көрсетіп, оқушы ойларын жүйелеп алудан бастап отырдым. Ондағы мақсатым, біріншіден, бір айналым әңгіме арқылы ойларын білдім. Екіншіден, ауызша айтқаннан, көзбен көріп айтқан ойдың арасы жер мен көктей екен. Барлығы өз ойын білдіруде алдарына жан салмады. Бұдан байқағаным, бұрын оқушыларға ойлауға мүмкіндік бермеген екенмін. Бұл қателігімді ескере отырып, басқа сабағымда жібермеуге тырыстым. Осы жерде модульдің қалай оқу керектігін үйрету идеясы көрініс тапты, демек оқушылар бір-бірін оқыта отырып, өздері саналы түрде білім алады. Менің алғашқы сабағым Қ.Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» әңгімесі.