Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
3 месяца назад

Гайсина Зибагуль Максутовна

учитель

Казахстан ЗКО, г.Уральск СОШ№19

Материалов: 5 Просмотров: 438 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Информатика
Инфоурок / Сайты учителей / Гайсина Зибагуль Максутовна

Гайсина Зибагуль Максутовна -№19 орта жалпы білім беретін мектепте 2006 жылдан бастап информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасайды. Жоғары білімді, еңбек өтілі -14 жыл. Ұстаздық еткен жылдарында өз кәсіби шеберлігін үнемі арттырып, заман талабына сай «Оқыту үрдісінде ақпараттық – технологияларды пайдалана отырып, информатика сабағында оқушылардың логикалық ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту» деген әдістемелік тақырыпта жұмыстанып келеді. Ұстаз сабақтарын түрлендіріп өткізуде жаңа технологияларды тиімді пайдаланады. Сабақтарында оқушылардың теориялық білімдері мен практикалық жұмыстарын шебер ұштастыра біледі. Оқушылардың жан- жақты да тиянақты білім алуын қамтамасыз ете отырып, білім беру мен тәрбие жұмыстарын қатар ұстанған мұғалім оқушылардың өз бетінше шұғылдануына жете көңіл аудара отырып, оң табыстарға жетуде. Мұғалім өзінің білімін үздіксіз жетілдіріп отырады. 2014жылы «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалында «Батыс Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты», «ҚР білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгізу негізінде педагог қызметкерлердің АКТ – құзыреттілігі» тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтті. Мұғалім еңбегінің жемісі оқушылардың жеңісінен көрінеді дегендей, оқушыларының мынандай жетістіктері бар: 2011ж Қалалық компьютерлік сурет конкурсында 7- сынып оқушысы Қасымбеков Нұрбек – ІІ орынға ие болды. Қалалық кіші олимпиадада 7-сынып оқушысы Таумова Медина, 8- сынып оқушысы Салахиев Асылжан - ІІІ орынға ие болды. 2012ж Қалалық «Ақпараттық технологиялар» олимпиадасында 10 сынып оқушысы Қайырбаева Эльянора Алғыс Хатқа ие болды. 2012ж Қалалық «Компьютерлік сурет» байқауында 7- сынып оқушысы Хамитов Бекарыс ІІІ – орынға ие болды. 2013ж Қалалық «Менің сүйікті ертегім» атты компьютерлік сурет байқауында Габдышакиров Адильбек Алғыс Хатқа ие болды. Қалалық «Ең үздік оператор байқауында 7-сынып оқушысы Қабош Мейрам – ІІІ орынға, 8-сынып оқушысы Жаңабай Шолпан –І орынға ие болды. 2014ж Қалалық информатика пәнінен 5-8 сыныптар арасында өткен «Ең үздік» оператор байқауында 5-сынып оқушысы Нуптыгалиева Арухан ІІІ –орын иеленгені үшін Құрмет грамотасымен, 7-8 сынып оқушылары Шарипова Дина Мейрам телманұлы Алғыс Хатпен марапатталды. 2014ж Информатика пәнінен 9-11 сыныптар арасында өткен «Ақпараттық технологиялар» олимпиадасында 9- сынып оқушысы Байырова Мархабат Құрмет грамотасымен марапатталды. 2015ж Информатика пәнінен қалалық «EXPO -2017» компьютерлік сурет байқауында 6- сынып оқушысы Максимов Асылжан Алғыс Хатқа ие болды. Әріптестері, оқушылары және ата-аналарымен үнемі сыйластық қатынас ұстайтын Зибагүл Мақсотқызы ұжымда үлкен құрметке ие.

  • 5 материалов

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх