Заводта болсаң, күнбе-күн көрінер еді табысың. Дәрігер болсаң, түрлі емің - сырқаулы жанның бағы шын. Ал сенің еңбек жемісің өзгеше тіпті басқадан: ол - өзін арнап ел үшін осынау жүрген жақсы адам. Жақсы адам - елдің тірегі, байлығы туған халықтың, шапағын шашар үнемі көгінде тұрған жарық күн. Сан жастың қамын шертесің, тағдырын ойлап толғанып. Әр үйдің бір-бір еркесін үйреттің өзің қолға алып. Ұстазсыз жанда сөнбек күн, шәкіртсіз өмір - сусыз жер. Көрінбес ғажап еңбектің бейнетін кешіп жүрсіздер. Жүректе тұрар жалқы үнің, жанымнан жалын жігер күт. Ұстазым, сенің әр күнің, әр сәтің тұрған бір ерлік! Автор: Жандос Нуржанов Ғұлама, білгіш ғалымнан Оқушы жас жалыннан, Мархабатты ойшылдан, Мал өсірген қойшыдан, Жазушыдан, ақыннан Ғарышкерден – Батырдан Өнері асқан актерден, Ырыс қазған шахтерден, Мың бұралған бишіден, Ой тербеткен күйшіден, Оқыған жас-кәріден Оқушының бәрінен, Ұстаздарға мың сәлем! Автор: Жандос Нуржанов
Заводта болсаң, күнбе-күн көрінер еді табысың. Дәрігер болсаң, түрлі емің - сырқаулы жанның бағы шын. Ал сенің еңбек жемісің өзгеше тіпті басқадан: ол - өзін арнап ел үшін осынау жүрген жақсы адам....