Тегі аты, әкесінің аты: Халабаева Зулфия Рохатовна.
Туған жылы: 03 сәуір, 1977 жыл.
Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстаз- әр мұғалімнің борышы.Ұстаз 18 жыл бойы, соның ішінде тоғыз жылдан бері осы мекемеде оқушылардың шыныққан шымыр болып өсуіне білімі мен тәжрибесін арнап үзбей еңбек етіп, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбиесін беріп келеді. Ол бірінші санатты тәжрибелі мұғалімдердің бірі. Оның дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген ынталарын арттыру және топпен жұмыс істеу технологиясын қолдану арқылы өткізетін сабақтары, іс-шаралары жан-жақты ізденудің нәтижесі деуге болады. Осы тұрғыдан келесі тақырыптар бойынша 5-сыныпта «Гимнастика», 2-сыныпта «Акробатикалық жаттығулар», 8-сыныпта «Баскетбол ойыны», 3-сыныпта «Жалпы дамыту жаттығулар» атты өткізілген ашық сабақтар барысында оқушылардың адал жолдастық қарым-қатынасын, ұйымшылдығын, алғырлығын және шапшаңдығын байқауға болады. Сабақтан тыс 2-4 сыныптар аралығында денсаулық күніне арналған «Эстафеталық ойын» спорттық жарысын, Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Жұлдызды эстафета» атты көңілді жарысты мұғалімдермен және 11-сынып оқушылар аралығында, «Әкем, шешем және мен, біз спорттық әулеттен» атты жанұялық жарыстар шәкірттердің пәнге деген қызығушығын арттырады. Мектепшілік пән апталықтарына, әдістемелік күндерге, семинарларға белсене қатысып, өз тәжрибесін ортаға салуда.
Әдістемелік тақырыбы «Жалпы дамыту жаттығулар арқылы оқушының дене бітімін, сымбатын қалыптастыру». «Көркем гимнастика» үйірмесінің жетекшісі.Үйірменің жетістіктері: «Ақмола жұлдыздары-2012 жыл» атты аудандық байқауға қатысып Қыдырболатова Айнұр Бекболатқызы лауреат атанды. «Ақмола жұлдыздары-2014 жыл» аудандық халық шығармашылығы байқауында I-дәрежелі дипломмен үйірменің қыздары марапатталды. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «Мектептегі дене шынықтыру» журналы 2012жыл, № 3 cанында «Гимнастика» сабағы және 2013 жыл, № 2 санында мұқабаның 2-бетінде Қыдырболатова Айнұр Бекболатқызының суреті жарияланды. «Көркем гимнастика» үйірме қыздарым аудан көлемінде, аудандық семинарларда, мектепшілік шараларда өз өнерлерін көрсетуде. Ұстаз оқушыларының жыл сайынғы өткізілетін волейбол, баскетбол, футбол, теннис .т.б. спорттық ойындарына қатысулары үшін ат салысады деп айтуға болады. Сонымен қатар ұрпақ тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарайтын ұстаз өзі жетекшілік ететін сыныбымен де көптеген тәрбиелік іс-шаралар өткізуде. Солардың бірнешеуін атап айтар болсақ мұғалімдер мерейтойына арнап «Әзіл кеш» концерттік бағдарламаны, 1-желтоқсан Президент күніне арналған «Ел болашағы- Елбасымен жарқын» атты тәрбиелік іс-шараларды айтуға болады. 16- желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Егеменмін, Тәуелсізбін, Азатпын!» атты сынып сағаты жоғары деңгейде өткендігінің айғағы мектеп әкімшілігі атынан, ата-аналар тарапынан алғыс пен жылы лебіздер айтылды. Ұстаздың сертификаттары: 2011 жыл 30 мамырдан 11 маусым аралығында Ақмола облысы басқармасы жанындағы білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау иниститутында өз білімін көтерді. Облыстық дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери дайындық оқу-әдістемелік орталығының сертификаты 11қаңтар 2013 жыл берілді. 2013 жыл мамыр айында III Халықаралық әлеуметтік-педагогикалық инновациялар Жәрмеңкесіне үздік қатысқаны үшін сертификат иегері атанды. Жетістіктері: Әкімшіліктің алғыс хаты 2008 жыл. Әкімшіліктің мадақтамасы 2009 жыл.Аудандық білім бөлімінің мадақтамасы 2010 жыл. Аудандық «Жыл мұғалімі-2011»- грам при бас жүлдесінің мадақтамасы. «Дене тәрбиесінің үздік мұғалімі-2012» аудандық I дәрежелі дипломмен, Ақмола облысының білім басқармасының мадақтамасы: «Үздік дене тәрбиесі мұғалімі-2012» атты облыстық конкурстың мадақтамасы, «Ұлағатты ұстаз-2014» Республикалық конкурста II-орынды жеңіп алғаны үшін марапатталды. Ұстаздың авторлық жұмысы: 2013 жылы дене шынықтыру пәні арналған тесттер жинағы (9-11сныптар) және жалпы дамыту жаттығулар жинағын құрастырды.
Тегі аты, әкесінің аты: Халабаева Зулфия Рохатовна.
Туған жылы: 03 сәуір, 1977 жыл.
Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстаз- әр мұғалімнің борышы.Ұстаз 18 жыл бойы, соның іш...