Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
3 месяца назад

Хамзина Жумагуль Қуанышбайқызы

педагог-психолог

Казахстан Подстепный қазақ ЖОББМ

Материалов: 2 Просмотров: 77 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Психология
Инфоурок / Сайты учителей / Хамзина Жумагуль Қуанышбайқызы

Жұмагүл Қуанышбайқызы Хамзина 1981 жылдың 20 қарашасында Орал облысы, Қаратөбе ауданы, Үшағаш ауылында / Шөптікөл совхозы, Үшағаш ауылы/ дүниеге келген. 1988 жылы Үшағаш орталау мектебіне 1 сыныпқа қабылданған. 2000 жылы Орал педагогикалық колледжіне оқуға түсіп «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша 2003 жылы бітірген. Еңбек жолын Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебінде «Тәлімгер» болып бастаған. 2003 жылы еңбектен қол үзбей жүріп М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттін Университетіне «Педагог-психолог» мамандығы бойынша оқуға қабылданып, оқу орнын 2006 жылы аяқтады. 2009 жылы осы аталмыш мектепте педагог-психолог болып жұмысын ауыстырды. Оқушылармен психологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу, талдау, сараптама жасаумен қатар, психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету жұмыстарын жүргізді. Әр сыныпқа арналған психологиялық папкалар оқушылармен жүргізілген жұмыстармен толықтырылып отырады. Оқушыларды ОЖСБ /МАБ/-ға психологиялық тұрғыдан әзірлеу мақсатында Оқушылардың бойындағы қобалжу, мазасыздану деңгейін басу бағытында және ҰБТ-ға қатысатын оқушыларға психологиялық қолдау көрсету мақсатында «Жүйке жүйесіне түскен күштен арылу», «Емтихан кезінде өзіңді қалай ұстау керек?» Ата-аналарға «Мен баламды қолдаймын» сияқты тренингтер өткізді. Психолог-маман сыныптағы оқушылармен ғана емес ұжымның әр мүшесімен қарым-қатынаста болып, олардың пікірін бағалауға, іс-әрекеттерге қалыптастыруға, сенімін нығайтуға жұмыстар жүргізді. Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысында «Діни теріс ағымдардан балаңызды сақтаңыз» және 9 сынып ата-аналарына «Ата-ананың үйден балаларына дұрыс кәсіптік бағдар беруіне ықпал жасауы» атты баяндамалар оқылды. Қараша айында «Жан сыры» тақырыбында психологтардың ұйымдастыруымен апталық күндері оздырылды. Онда оқушылар бір күндік көңіл- күйлерін анықтау мақсатында «Сынып түймедағын» жасады, «Жоқ» деп айта біл тақырыбында зиянды заттарға коллаж құрастырды, «Жүректен жүрекке» тақырыбындағы шарада оқушылар бір- біріне, достарына, мұғалімдерге және мұғалімдер де оқушыларға жылы лебіздерін білдіріп жатты. «Табысқа жеткізер формула» тақырыбында мұғалімдермен тренингтік, релаксациялық жаттығулар жүргізілді. Осы апта ішінде мектептің радио торабынан релаксациялық музыкалар ойнап тұрды. 2012 жылы мектеп жанындағы жазғы демалыс лагерінің басшысы болып тағайындалды. Оқушылардың жазғы демалысының жүйелі ұйымдастырылуы арқасында аудандық «үздік жазғы демалысты ұйымдастыруда» ІІІ орын иеленгені үшін марапатталынды. Жұмагүл Қуанышбайқызының жетекшілігімен 2012 жылы наркологиялық бекеттің «Нұрлы болашақ» атты еріктілер тобы Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне орай өткізілген аудандық «Біздің арамызда есірткіге жол жоқ» атты фестивалда Бас жүлдені иеленіп, «Жайық жастары есітркіге қарсы» атты облыстық фестиваліне қатысып «Үздік Призентация» номинациясы бойынша ІІІ орын, «Үздік үгіт топтары» аталымы бойынша ІІ орын және Наркобекет топтарын дайындағаны үшін Ж.Қ.Хамзина алғыс хатпен марапатталынды. Сондай-ақ аудандық «Үздік педагог-психолог» байқауында І орын алған үшін марапатталынды. «Жан сыры» атты облыстық ғылыми –әдістемелік «Ұстаз» журналының қосымша журналына 2011 жылы 2(19) нөміріне «Менің ерекшелігім өзгенің көзқарасымен» тақырыбында оқушылармен жүргізілген тренинг, «Теректі жаңалығы» газетіне әлеуметтік тақырыпта мақала жарияланды.



Внимание! Сегодня последний день приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • 2 материала

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх