Білім беру желілері біздің санамызда өзгеріс енгізуді үйрету үдерісін бейнелейтін маңызды стратегия деп саналады. Желілердің маңыздылығын қолдайтын экономикалық айғақтар да бар. ЭЫДҰ-ның «Тұрақты икемділік» атты зерттеуінде ақпарат пен білімге негізделген ХХІ ғасырдың жаңа экономикалық жағдайында жұмыс сипаты да өзгеретіні айтылған. Тиімді білім беру жүйелеріне арнайы құрылған басшылық керек. Желінің табыстылығы өзіне басқарушылық ролді алған адамдардың ұстанымдарына, қажырлылығы мен күш-жігеріне, табандылығына байланысты.Көкжиегiмiзде көрініп тұрғaн жарқын болaшағымызға жету жолдарының нышандары атқарар қызметінің салмағы жағынан ерекше болып табылатын білім беру жүйесінен көрініс табуда. Қазіргі таңда әлем өзгеруде, соған сәйкес мұғалім де өзгеріссіз қалмай, өздерінің білім беру жүйесі арқылы орын алған өзгерістерге қалай ықпал ететіндігін білуі тиіс.
Мұғалім бойындағы қасиет Шуль¬манның «үш көмекші» деп анықтаған – «бас – кәсіби түсінік, қол – оқытудың тәжірибелік дағдылары, жүрек – кәсіби тұтастық» туралы ойымен, Абайдың «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген фило¬софиялық ойларымен үйлессе ғана оқы¬ту сапалы және табысты болатынына көз жеткізді. Осы уақытқа дейінгі 3 айлық курсты аяқтаған мұғалімдердің тәжірибесі мұны дәлелдей түсуде.
Білім беру желілері біздің санамызда өзгеріс енгізуді үйрету үдерісін бейнелейтін маңызды стратегия деп саналады. Желілердің маңыздылығын қолдайтын экономикалық айғақтар да бар. ЭЫДҰ-ның «Тұрақты и...