7-сыныпта «Абай Құнанбаев«Жиырма тоғызыншы қара сөзі» атты ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты оқушылар Абайдың 29 қара сөзінің тәрбиелік мәнін түсінеді.
Сабақтың нәтижесі:оқушылар қара сөздің мазмұнын ,мақал-мәтелдердің мәнін түсінеді,
қара сөз мазмұнын, идеясын ашады, ақпараттарды өз сөзімен жүйелі жеткізе алады, шығарма оқиғасын өмірмен байланыстырып, салыстырып өз толғанысын қорыта алады.
Сабақ интерактивті жүйеде ,топтық жұмыс түрінде,өте жоғары деңгейде өтті. Алдымен оқушылар орындарынан тұрып, мұғаліммен бірге «Австриялық жаңбыр» жаттығуын жасап, сабақты көңілді бастауға кіріседі.Үй тапсырмасы тексерілген соң, оқушылар интерактивті тақтада сөзжұмбақты шеше отырып тақырыпқа шығады. Тақырыпқа шыққан соң, оқушылар электронды оқулықтан «Жиырма тоғызыншы» сөзін тыңдайды. Тыңдалған аудио бойынша сұрақтарға жауап береді. «Ой салу» стратегиясы бойынша оқушылар топта талқылап, берілген кестені толтырып, интерактивті тақтаға шығарып, ойларын білдіреді. «Кім тапқыр» ойыны арқылы тақырыпқа сай мақал-мәтел тауып, тақтада берілген сызбадағы тапсырманы орындайды.Рефлексия кезеңінде оқушылар «Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым» немесе «Абай атаға хат» жазады. Сабақтың әр кезеңі бағаланып, оқушыларды қызықтыра түсті.
Сабақ барысында тақырып бойынша барлық сұрақтар талқыланды. Тақырып күрделі болды,бірақ оқушылар барынша тырысып,жақсы атсалысты. Абай қарасөзіне жан-жақты талдау жасалды, оқушыларөз ойын ортаға салды.