Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
1 месяц назад

Ильяшева Гульнар Ахметжановна

учитель казахского языка и литературы

Казахстан КГУ гимназия "BEST"

Материалов: 1 Просмотров: 96 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Другое
Инфоурок / Сайты учителей / Ильяшева Гульнар Ахметжановна

Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан еңгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. Бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгеру және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді. Көшбасшылық бағдарламаның- өн бойында мұғалім енгізетін өзгерістер тарапынан қарастырылады. Сондықтан мұғалім көшбасшылығы әр деңгей қырынан қарастырылу мақсатында Бағдарламада жеке модуль ретінде белгіленген. Осы модульде әсіресе 3 – деңгейде, айтылған көшбасшылық тәсілі, «Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жөніндегі жұмыстар» қағидатына негізделген. Бұл тұрғыдан қарастыратын босақ, мұғалімдер Бағдарламада қарастырылатын идеялар аспектілері аясында өз тәжірибелері туралы ой тұжырымдарға сүйене отырып өзгереді. Олар осы идеяларға сәйкес өз тәжірибелерінің жекелеген тұстарын анықтайды, зерттейді, бағалайды және дамытады. Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмыстар бағдарламасы «мұғалім зерттеуші» түсінігінде емес, «мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы» түсінігінде құрылған. Мұғалімдер мектептерде оқыту мен білім беруді жақсарту мақсатынан алшақтамауды қадағалап отыру керек. Шын мәнісінде мұғалім ата – ана , оқушылар, жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін қатысатын үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады. Мұғалім дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рефлексияны, жоспар құруды, кеңес беруді біртіндеп жүзеге асыру әдісі арқылы қолдау таба алады. Көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс мектепте жаңа білімді қалыптастырады, дегенмен мектептен тыс жерде алынған жаңа білімдерді беру де мұғалімнің өз мектебіне орасан зор пайдасын тигізеді.

  • 1 материал

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх