Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
1 месяц назад

ИМАНАЛИНА НУРСУЛУ СЕРГАЗИЕВНА

учитель английского языка

Казахстан школ гимназия им.Абая

Материалов: 2 Просмотров: 1056 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Другое
Инфоурок / Сайты учителей / ИМАНАЛИНА НУРСУЛУ СЕРГАЗИЕВНА

Иманалина Нурсулу Сергазиевна. Кіріспе Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың ұйымдастырушылық негізі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып табылады, сонымен қатар ол қазақстандық білімді жаңғыртуды жалғастыруды қамтамасыз етеді. Бағдарлама мақсаттардың бірі – білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, жалпы орта білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі жəне рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін əлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады. Осы бағытта 2011 жылдан бастап оқу процесіне автоматтандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу үшін жағдай жасалуда, орта білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі пайдаланыла бастады. 2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқыту Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады. «Өзін-өзі тану» пәнін «Адамның үйлесімді дамуы» институты (Алматы, «Бөбек» ҰҒПББСО) дайындаған, ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген орта білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. «Өзін-өзі тану» пәнін біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді.Оқушылардың жетістіктері білім мазмұнының базалық деңгейі шеңберінде шығармашылық тапсырмалар жүйесімен жарты жыл сайын «сынақ/сынақ емес» жүйесімен бағаланады. Инклюзивті білім беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 3 шілдедегі №283 бұйрығымен бекітілген орта білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылад 2013-2014 оқу жылынан бастап 1-сыныпқа«Шетел тілі» пәні енгізіледі. «Жолда жүру ережелері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда ана тілі, музыка, бейнелеу өнері, технология пәндерінің аясында іске асырылады, сабақтан тыс мерзімде, сынып сағаттары есебінен іске асырылады. «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда дүниетану оқу курсының аясында: 1-3-сыныптарда жылдық оқу жүктемесі 6 сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; 5-9-сыныптарда дене шынықтыру оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; 10-11-сыныптарда алғашқы әскери дайындық оқу курсының аясында 25 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушыларының оқытуымен іске асырылады. Өмір қауіпсіздігінің негіздерін оқыту сабақтары міндетті болып табылады және оқыту уақытында жүргізіледі. «Экономика және қаржылық сауаттылық негіздері» курсы 4-сыныпта «Дүниетану» оқу пәнімен, 5-11-сыныптарда «Технология» оқу пәнімен кіріктіру арқылы оқытылады. Мұғалімдерге көмек ретінде оқу пәндері бойынша тақырыптық жоспарлау үлгілері әзірленіп (Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, www.nao.kz) тақырыптар мен сағаттардың бөлінісі ұсынылады. Мұғалім ұсынылған жоспар үлгісін өзгеріссіз қолдана алады. Сонымен қатар, пәнді оқуға бөлінген оқу тақырыптары мен сағаттарының аясында оқушылардың тұлғалық ерекшелігін ескере отырып жоспарлық өзгерістер енгізуге болады. Орта білім беру ұйымдарында тілді меңгерудің жалпыеуропалық үлгісіне сәйкес шет тілін және оқу қазақ тілінде жүргізілмейтін мектептерде қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде деңгейлеп меңгертуді жүзеге асыру жалғасады. Бұл жүйенің ерекшелігі – оқыту тілінің тапсырылған деңгейі болып табылады. Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізбесі «Білім беру ұйымдарында 2013-2014 оқу жылында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттерінің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 сәуірдегі № 146 бұйрығымен анықталған. Оқыту ұйғыр, өзбек, тәжік тілдерінде жүргізілетін жалпы орта білім беретін мектептерде аударма оқулықтар немесе оқушылар мен ата-аналардың қалауымен қазақ тіліндегі оқулықтар қолданылады. Қазақстандық білім беру реформасы бағыттарының бірі бәсекеге қабілетті білім беру кеңістігін құруға бағытталған жалпы орта білім деңгейіндегі бейінді оқыту болып табылады. Бейінді оқыту жалпы орта білім деңгейінде оқытуды саралау жүйесі ретінде қарастырылады. Осыған сәйкес жоғары сыныптар қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математика бағыттары бойынша оқытылады. Мектеп екі бағыттың бірін немесе екеуін де оқушылар мен олардың ата-аналарының сұранысын ескере отырып таңдай алады. Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда сынып толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда шағын жинақты мектептерде – білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда: 1) оқыту қазақ тілді емес 1-11 сыныптардағы қазақ тілі; 2) оқыту қазақ тілді емес 5-11 сыныптардағы қазақ әдебиеті; 3) оқыту қазақ, ұйғыр, тәжік және өзбек тілдерінде жүретін 3-11 сыныптардағы орыс тілі; 4) 1-11 сыныптардағы шетел тілі; 5) 5-11 сыныптардағы информатика; 6) бейінді пәндер (жергілікті атқарушы органның құзыреттілігіне кіреді); 7) 5-11 сыныптардағы технология (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтары); 8) 5-11 сыныптардағы дене шынықтыру сабақтарын өткізуде сыныпты екі топқа бөліп оқыту жүзеге асырылады. Білім беру үдерісінде мұғалімнің оқушылармен қажетті деңгейде назарын аударуы мақсатында дамыуында мүмкіндіктері шектелген балалардың дені сау оқушылармен оқыту кезінде бір сыныптағы мүмкіндіктері шектелген балалар саны 3-тен аспауы керек. Сыныпты топқа бөлу сыныптағы оқушылар санын 1:3 қатынасында жүзеге асырылуы тиіс, яғни сыныптағы дамуында мүмкіндігі шектелген бір оқушыға дені сау үш оқушыдан келеді. Дарынды балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарында, гимназияда, мектеп-гимназиялар мен лицейлерде, мектеп-лицейлерде және үш тілде оқытатын жалпы білім беретін мектептерде пәндерді тереңдетіп оқыту үшін факультативтер және оқушылардың таңдауы бойынша қосымша курстарды ұйымдастыру үшін әр сыныпқа 4 сағат, әр сыныпқа үйірмелер, студиялар, ғылыми жобалар ұйымдастыру үшін мұғалімдерге 0,25 ставка, сонымен қатар шарт негізіндегі жоғары білікті мамандарға жеке курстар мен лекциялар төлеу үшін мектеп бойынша жылына 1500 сағат есебінен қаражаттар бөлінеді. Дарынды балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарында көптілділікті оқытудың жұмыс оқу жоспарлары үлгісі ұсынылады (Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, www.nao.kz). Таңдау бойынша факультативтік сабақтар және курстар топта 10 адамнан асса ғана жүргізіледі. Вариативті компоненттен 9-сыныптар үшін міндетті түрде «Дінтану негіздері» курсына 1 сағат апталық жүктеме беріледі. «Дінтану негіздері» курсын тарих немесе біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мамандары жүргізеді. «Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында оқушыларды топқа бөлу медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады. Бастауыш мектепте қосарланған сабақтарды өткізуге болмайды. 5-9 сынып оқушылары үшін қосарланған сабақтар тек зертханалық, бақылау жұмыстары, еңбек сабақтары, мақсатты (шаңғы тебу, жүзу) дене шынықтыру сабақтарында рұқсат етіледі. 10-12 сыныптарға қосарланған сабақтарды негізгі және бейінді пәндер бойынша өткізуге рұқсат етіледі. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарына сәйкес 2014 жылдан бастап оқу жетістігін сырттай бағалау рәсімі шеңберінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығы тексеріледі. Бағаланатын функционалдық сауаттылықтың түрлері: оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі), математикалық сауаттылық және жаратылыстану ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология, география). Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының халықаралық салыстырмалы зерттеулердегі нəтижелерін (оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама - PISA), 4 жəне 8-сынып оқушыларының математика жəне жаратылыстану саласындағы сауаттылығын бағалау (TIMSS), («Оқу жəне мəтінді түсіну сапасын зерделеу») (PIRLS) көтеру және жаратылыстану-математика пəндері бойынша білім беру оқу бағдарламаларын жетік меңгерген оқушылардың үлесін арттыру мақсаты қойылды. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту бағытындағы «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленіп ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген «Өлкетану» (7-сынып), «Алаштану» (9-сынып), «Абайтану» (9-11 сыныптар) таңдау курстарының бағдарламалары мектептердің таңдау еріктіліктеріне ұсынылады. Мектеп және оқушы компоненті пәндері бойынша оқу жетістігін ағымдық бағалау, сондай-ақ емтихан, ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілмейді. Білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі сыныптағы және сыныптан тыс (факультативті, жеке және үйірме сабақтары) оқу жұмыстарының барлық түрлерін қоса алғанда, 1-сыныпта – 24 сағаттан, 2-сыныпта – 25 сағаттан, 3-сыныпта – 29 сағаттан, 4-сыныпта – 29 сағаттан, 5-сыныпта – 32 сағаттан, 6-сыныпта – 33 сағаттан, 7-сыныпта – 34 сағаттан, 8-сыныпта – 36 сағаттан, 9-сыныпта – 38 сағаттан, 10-сыныпта – 39 сағаттан, 11-сыныпта – 39 сағаттан аспауы тиіс. 1-сыныптағы оқу жылының ұзақтығы 33 оқу аптасын, 2-11 сыныптарда 34 оқу аптасын құрайды. Оқу жылында 1-11 сыныптардағы каникул күндері кемінде 30 күнді құрайды. Оқу жылы ішінде 3 рет каникул беріледі: күзде, қыста және көктемде. 1-сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда 1 апта қосымша демалыс беріледі. Каникулдың нақты мерзімін Қазақстан Республикасы білім саласының уәкілетті органы белгілейді. Кешкі мектептерге күндізгі және сырттай оқыту бойынша оқу жүктемесінің үлесі: негізгі орта білім беру кезеңі бойынша: 7(8) сыныпқа – 26 сағат, 8 (9) сыныпқа – 29 сағат, 9 (10) – 31 сағат; жалпы орта білім беру кезеңі бойынша: 10 (11) сыныптарға – 27 сағат, 11 (12) сыныптарға – 29 сағат, 12 (13) – сыныптарға – 29 сағат белгіленсін. Әр сыныпқа сыныпқа сынақтан өткізу үшін аптасына 4 сағат болып қарастырылсын. Сынақ сағаттары мектеп әкімшілігінің шешімімен бөлінеді, бірақ 8 пәннен көп емес. Кешкі мектептерге күндізгі және сырттай оқыту бойынша жұмыс оқу жоспарларының үлгісі ұсынылады (Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, www.nao.kz). Жалпы білім беру мектептерінің басшыларына оқыту үдерісін және мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыру үшін келесі нормативтер ұсынылады: № Бақылау нысанасы Нормасы 1 Сабақтарға және сыныптан тыс шараларға қатысу және оларды талдау Аптасына 5 сабақ, жылына 170 сағат; 0,5 жүктемесіне – 80 сағат (директор орынбасарлары үшін); Аптасына 4 сабақ, жылына 136 сағат (мектеп директорлары үшін). 2 Сынып журналдарын тексеру Айына 1 рет, жылына 8-10 рет 3 Оқушылардың күнделіктерін тексеру Айына 1 рет, жылына 8-10 рет 4 Пәндер бойынша оқу бағдарламаларының орындалуын тексеру Тоқсанына 1 рет, жылына 4 рет 5 Оқушылардың жеке іс құжаттарын тексеру Жылына 2 рет 6 Пәндер бойынша тақырыптық және күнтізбелік жоспарларды тексеру Жылына 1-2 рет

  • 2 материала
6 сынып орта мерзімді жоспар

Иностранные языки
Рабочие программы 25.02.2015 Просмотров: 470 Комментариев: 0

6 сынып орта мерзімді жоспар Сабақтың тақырыбы: Хоббилер Сілтеме: Слайд, оқулық, бейнефильм,тірек сызбалары,кесте Жалпы мақсаттар: 1.Хоббиді сипаттайтын жаңа сөздерді енгізіп,тұрақты сөз тіркестерін түсіндіріп ,жаттығу барысында қолданып үйрету 2.Өзгенің хоббиі туралы естіп түсіну 3.Өз хоббиі жайында сөйлеу Оқыту нәтижесі: Оқушылар өз хоббилері жайында ауызша мәлімет беруге қабілетті болу, хоббилер жайында түсінік алу Негізгі идеялар: Оқушы өзінің,өзгенің хоббиі жайында диалогке түсіп -сұрақ...

Present Simple Орта мерзімді жоспар

Иностранные языки
Рабочие программы 19.02.2015 Просмотров: 586 Комментариев: 0

Ағылшын тілі 5-сынып 10.12.2012 жыл Сабақтың тақырыбы: Present Simple Сілтеме: Слайд, оқулық,тірек сызбалары,формула Жалпы мақсаттар: 1.Осы шақтың жасалу жолдарымен таныстырып,түсіндіру, жаттығу барысында қолданту. 2.Оқушылардың сөздік қорын арттыру, оқу, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Оқыту нәтижесі: Күндегі немесе әдетте істейтін іс-әрекеттерін айта алады, өзінің досының болашақта кім болғысы келетінін айта алады. Негізгі идеялар: Балалардың сөйлеу қабілетін арттыруға бағытталған әрекет олард...


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх