Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
3 месяца назад

Имангазина Гульбаршын Куандыковна

Учитель

Казахстан город Актобе, специальная коррекционная школа №7

Материалов: 5 Просмотров: 5107 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Инфоурок / Сайты учителей / Имангазина Гульбаршын Куандыковна

Мектеп - ол шағын картада белгіленбеген мемлекет. Мектеп – ол өте қызықты да, көркем әлем, ондағы әр күн бір – біріне ұқсайды. Әр сәтте : жаңашаланған қызықты бір нәрселер іздейсің, ешқашан зерікпейсің, және әр бала сенің көңіл – күйіңе , сөзіңе қарап отырады. Мен кішкентайымнан бастап, сол елдің тұрақты мекендеушісі болсам екен деп қиялдағанмын. Яғни ол жерде: тек қана нағыз мықтылар, нағыз шыдамдылар, ең жауаптылар, әлемдегі ең меиірімді және қызықты адамдар тұрады. Және ол адамды МҰҒАЛІМ деп атайды. Мұғалім.....Осы уақытқа дейін мен өзімнің балалық арманымның орындалғанына қуанамын. Тек қана жұмыс емес, одан мен серпіліс алдым. Мен ,осы мұғалім мамандығын таңдағанымды мақтаныш етемін. Үлкен әріпті мұғалім болу үшін, осы кішкентай елдің тұрғындары балалардың сенімін ақтауың керек. Тек қана солар ғана біздің ісімізді сараптайтын, тек қана солар бізді біз ететін. Мен сол үшін оларға разымын.Оларды тәрбиелей отырып, мен өзім өзгеремін. Мен олар қандай болса, сондай күйінде қабылдаймын. Олардың жасаған қылықтары мен, қателеріне сабырлық пен қараймын. Және де олармен қарым – қатынасқа түскенімнен өзіме шапағат аламын. Міне, осы балалармен жұмыс жасағаныма 20 жыл уақыт өтіпті. Алдыма, жаны жаралы ата – ана өз баласын жетектеп алып, келгенде, жаным менің солармен бірге ауырады. Және соларға көмек беруге бар ынтамды саламын. Я.А.Каменский «Күн астындағы барлық мамандық ішінде, біздің мамандығымыз ең жақсысы» дегендей, әр баланың жүрегіне жол табу үшін, мұғалімнің өзі де, жүрегі кең адам болуы қажет. Сабаққа келе отырып, әр балаға көмек бергім келеді, әр ата – ананың үмітін өшірмеуге тырысамын. Балалар бір нәрсені меңгеруі үшін, оларға сабақ қызықты да түсінікті болуы қажет. Ол үшін мұғалім көп ізденуі қажет. Өз сабағымда дәстүрлі емес, жұмыс формасын қолдануда, яғни : сабақ- саяхат; сабақ- рольдік ойындар; сабақ ертегі; дидактикалық ойындар қолданылған кезінде сабақтың тиімділігі артады. Бұл белсенділікті арттырудың бір формасы.Сабақ аяқталды, балалар кабинеттен шығып болмайды. Олар кластағы достарын, тәрбиеші мен мұғалім апайын қимастық пен үйіне қайтуға асықпайды. Сондай кезде жаным өлең айтады. Демек, күн босқа өткен жоқ. Мен бір маңызды нәрсе, яғни бір балаға болса да, бүгінгі күн үшін көмек бере алдым. Мен балалардың бақытты жүзін байқадым. Және де , ертең келетінін айтып, бетімнен сүйіп қуанып кетіп бара жатқанын байқадым. Демек, осындай бір сәттер үшін ғана МҰҒАЛІМ болуға тұратынын айтар едім....

  • 5 материалов
Я дыбысы мен әрпі

Начальные классы
Презентации 26.04.2015 Просмотров: 1242 Комментариев: 0

Сабақтың тақырыбы : Я я дыбысы мен әрпі Мақсаты : 1) Өтілген дыбыстарды білу ,меңгеру, айту, бекіту. Дыбысқа сөздер ойлау , сөзге қысқа сөйлем құрау. 1, 2 буынды сөздерді деңгейіне қарай қосып оқуға баулу. 2) Көрнекіліктер арқылы баланың көру және есту қабілеттерін дамыту.Зей- іннің тұрақтылығын жаттығулар арқылы , ойындар арқылы баланың танымдылық , ойлау қабілеттерін түзету және дамыту.Ұстау және көрсе- ту арқылы ұсақ моторикасын дамыту.Диалог пен мимотехника арқылы сөйлеу қабілетін және сө...

Өтілген (а, о,л, т, м, п,н ,р) дыбыстарды қайталау

Начальные классы
Другие методич. материалы 07.12.2014 Просмотров: 249 Комментариев: 0

Бұл ауыр деңгейдегі зерде бұзылыстары бар оқушыларға арналған сабақтың жоспары. Осы берілген тақырып бойынша сабақ презентациясы сіздердің назарларыңызға ұсынылуда.Сабақ барысында ақыл - ойы орташа бұзылған оқушылар категориясымен материалды меңгеруде қолданылатын әдістер мен тәсілдер көрсетілген. Сабақ мақсаты бойынша оқушылар өткен сабақтардағы дыбыстар мен әріптерді есіне түсіріп қайталау арқылы, дыбысқа әртүрлі сөздер мен сөйлемдер құрастырады. Және де бір , екі буындарды қосу арқылы сөзд...

"Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата - аналарымен жұмыс жасаудың жоспары және олардың жанұяларына әлеуметтік - психологиялық қолдау көрсету

Начальные классы
Другие методич. материалы 07.12.2014 Просмотров: 2391 Комментариев: 0

Ата-аналарды оқыту баланы тәрбиелеуге байланысты білімдер мен дағдылар туралы ақпараттарды тарату мақсатындағы жүйелі және мақсатты жұмыс ретінде қарастырылады. Ата-аналарды оқытудың екі негізгі міндеті анықталады: 1) бала тәрбиесіне қажетті, педагогикалық білімдерді жинақтау, 2) өзін-өзі тәрбиелеу, ол өз алдына ата-аналарға өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалауға көмектеседі, балаға деген сенімділік пен дұрыс ұстанымды қалыптастырады . Ақауы бар балалардың ата-наларымен жұмыс істеудің түрлі бағдар...

Интеллекті ауыр деңгейде бұзылған оқушыларды әлеуметтік ортаға дайындаудың алғашқы қадамдары.

Начальные классы
Другие методич. материалы 02.12.2014 Просмотров: 382 Комментариев: 0

Бүгінгі күні біз жаңа дәуір - жаңа ғасыр - жаңа мыңжылдықта өмір сүріп отырмыз. Ұрпақ тәрбиесі ел алдындағы маңызы бар зор міндет. Ұрпақ тәрбиесін қозғай отырып, дені сау балалармен бірге, мүмкіншілігі шектеулі балалардың да құқылы білім мен тәрбие алуына байланысты ҚР заңнамалары бекітілген. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі ақыл-ойы орташа дамыған балаларды оқыту және тәрбиелеу зерде бұзылыстары бар балаларға арналған мектепте болуы мүмкін екендігін көрсететін оқу жоспа...

Арнайы түзету мектебінде « ерекше» балалармен жұмыс (семинардың бағдарламасы)

Другое
Рабочие программы 26.11.2014 Просмотров: 848 Комментариев: 0

Ауыр деңгейдегі зерде бұзылыстары бар оқушылардың барлық мүмкіншілігін дамыту, түзету және де қоршаған ортада өздерін бейімдей алуға тәрбиелеу мәселесі бойынша арнайы мектептің мұғалімдері мен тәрбиешілеріне арналған кеңестер беріледі.1) Ерекше балалар оқитын сыныптардағы жұмыс жасайтын мұғалімдерді мәселенің негізгі бағыттарымен және жолдарымен таныстыру. 2) Педагогтардың тәжірибелік іс әрекетінде жаңа әдістер мен формалар арқылы оқушылардың дамуына және тәрбие алуына қолайлы жағдайлар қарас...


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх