Исабекова Сандугаш Рахметуллиновна

  • учитель
  • Кайратская средняя школа
  • Казахстан
  • 12.03.1976

Категории по интересам:

Ұстаз-әрбір оқушыны жан-жақты зерттеген ерекше тұлға.білім беретін оқушыларын ұстаз-психолог ретінде,дәрігер ретінде, педагог ретінде, тәрбиеші ретінде, ата-ана ретінде, дос ретінде жан-жақты зерттеп білуге тиісті.Мұндай зерттеулер-мұғалімнің тәрбие мен білім беру әрекетінің әдісін айқындап береді.Менің мақсатым-қандай әдісті қолдансам да, оқушының есінде қалатын білім мен санасына жетер тәрбие беру. Бұл реттегі негізгі әрекет мұғалімнің әдіс-тәсілі қорының оны практикада пайдалана білу әрекетінің шебер ұштасуы негізгі нәтижеге қол жеткізудің бастамасы болып табылады. Ұстаздық еңбек төзімділік пен табандылықты талап етеді. Мен еңбек жолымды 1996 жылы осы мектепте бастадым. Еңбек жолымның осы уақытқа дейінгі 18 жылы осы мектепте өтті, алғашында бастауыш сыныптарда және географиядан сабақ бердім, кейін Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университетіне түсіп, тарих пәнінен сабақ бере бастадым. Өзім тәрбиелеген, оқытқан, білім берген оқушым- парасатты, білімді, белгілі қызметкер, үлгілі шаңырақ иесі, елге елеулі, жанашыр, ұйымдастырушылығымен әулетке ақылшы азамат болып шықса бұл ретте менің де үлесім бар деп білемін. Оқушы тарих пәні бойынша бағдарламаны толық меңгерген, жас ерекшелігіне қарай саяси білімі болуы шарт. Оқушыға туған жерінің тарихын, туған өлкесінің өткеніні меңгерту тарих мұғалімінің құзырында деп білемін. Ке келген ақпараттың тарихын талқылай білуге, бұл ақпараттың бүгінгі күнгі қоғамдық өмірдегі орны жайлы өзіндік қорытынды жасай білуге тәрбиелеу керек. Мұғалімнің бойынан қажырлы еңбекті талап ететін сала-ғылыми білгірлік деп білемін.

В друзьях у автора: 0

Автор в друзьях: 0

  • Материалы: 7
  • Просмотры: 2611
  • Коментарии автора: 0
  • Коментарии автору: 0