Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
3 месяца назад

Искакова Лина Кудабаевна

преподаватель

Казахстан гуманитарный колледж им. М.Жумабаева

Материалов: 1 Просмотров: 103 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Другое
Инфоурок / Сайты учителей / Искакова Лина Кудабаевна

Пән: қазақ әдебиеті Тақырыбы: Ғ.Мұстафиннің(1902-1985жж.)өмірі, жазушылық қызметі. Сабақтың мақсаты: 1). Білімділік Жазушының өмірі, шығармашылығы, шығармаларындағы сол кез өмірін тарихпен сабақтастыра отырып, қоғамдағы қызметін оқушыларға түсіндіріп, білімдерін кеңейту; 2). Дамытушылық ұлы тұлғаның өмірін шығармашылық қызметімен байланыстыра ортаға сала білу; жазушы мұраларының сырына үңіліп, шығармаларын талдай білу; 3). Тәрбиелілік Отанының жанашыры болу, ұлылар есімін дәріптеу, әдебиетті сүю, әр оқушы білім алуды бірінші мақсат етуге, қалаған мамандығының иесі болуға, соған ұмтылыс жасауға тәрбиелеу. Сабақтың әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі: оқулық, хрестоматия, лекция, кесте Сабақтың түрі: дәріс сабақ Сабақтың типі: жаңа сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, эвристикалық, зерттеулік, өнімді оқыту әдістері Сабақ жоспары: I. Ұйымдастыру кезеңі а). Оқушылармен амандасу; ә). оқушыларды түгендеу; б). аудиторияның тазалығына назар аудару; в). топты психологиялық тұрғыдан сабаққа даярлау. II. Жаңа материалды оқыту. Эпиграф: «Мен әрдайым бүгінгіні, шамам келгенше – ертеңгіні жаздым. Жазушы, алдымен, өз дәуірінің жаршысы. Мен өз бойымдағы бүкіл дарыным мен күш-қуатымды… халық мүддесіне қалтқысыз, алаңсыз бағыштаған жазушымын. Менің шығармашылығымның негізі жаңа заман, жаңа адам. Ғабиден Мұстафин. Оқытушы сөзі: Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Ғ.Мұстафиннің өмірі, жазушылық қызметі. Мақсаты: - Ғабиден Мұстафин өмірімен мұраларын танып-білу; - жазушының асыл мұралары арқылы әдебиетке терең бойлау, тарихқа көз жүгірту. Жоспар: 1. Ғ.Мұстафиннің өмір жолы; 2. Жазушының шығармашылық қызметі; 3. Шығанақ туралы сыр. Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1. Ұ.Әбілдаұлы, Ә.Дайырова, Р.Батталова Қазақ әдебиеті, Алматы: «Рауан» баспасы, 1997. 2. Ұ.Әбілдаұлы, Ә.Дайырова, Р.Батталова Қазақ әдебиеті. Хрестоматия, 11-сыныпқа арналған, Алматы: «Рауан» баспасы, 1997 3. Қазақ әдебиеті.ХХ ғасыр. 11 сыныпқа арналған оқулық.-А.,2007; 4. С.Мақпырұлы, Т.Садықов Қазақ әдебиеті 1-бөлім «Фолиант» баспасы, 2007. Ғ.Мұстафин қазақ әдебиетінен ерекше орын алатын тұлғалардың бірі.Оның асыл мұралары 20-40-жылдардағы Қазақстанның көркемдік шежіресі. Жазушы шығармаларынан ескен шындық - дән салмағынан басын көтере алмай, маужырай тербелген қалың бидай мен гүрсілдеген шыңырау шахтаны аралатып, туған өлкеге көз жібертеді – еңбекке толы уақытты, қарапайым еңбек адамын көреміз. Ғабиден Мұстафин жағымды кейіпкерлердің тұтас бір тізбегін жасады. Олар жарқын болашақ үшін батыл күресіп, ел-жұртының арман-тілегі, мүдде-мақсатының орындалуына аянбай ат салысты – азаматтық тұғырдан түспеді. Өз заманымен тығыз байланысып, күш-қуатын уақыт алдындағы борышты өтеуге арнау, өз замандасына аянбай қызмет ету, еңбек адамының ой-арманын, баянды ісін мадақтай жырлау, белсенді күрескер биігінен таймау - Ғабиден Мұстафиннің рухани келбеті болатын. XX ғасырдың бірінші жартысында қазақтың көп жанрлы жазбаша әдебиетін қалыптастырып, көркемдік мәдениетін биік белеске көтерген, ұлттық ой-сананың кемелдене дамуына өлшеусіз үлес қосқан біртуар, әмбебап қалам қайраткерлерінің шоқ жұлдыздай бір шоғырын Ғабит Мүсірепов "алыптар тобы" деп атаған болатын. Оқымысты-оқырман қауым сол топқа әлгі сөзді айтқан Ғабит Мүсіреповтің өзін де, оның түйдей құрдас суреткер досы Ғабиден Мұстафинді де жатқызады. Ғ.Мұстафин — жазуға кештеу кіріскенімен, ә дегеннен сүйікті туындылар жазудан бастап, әрі қарай өмір сыры, тіршілік тартысын тереңнен толғайтын айтулы романдарымен қазақ әдебиетінің өрісін биіктеткен зор талант иесі. Өмір философиясын терең меңгерген дана жазушының туындыларында өз заманының ауқымды көріністері орын алып, адал да арлы еңбек адамының азаматтық бейнелері сомдалған, оның қаламынан туған дүниелердің беттерінде көркем ойлар мен хас шебердің қырнап-мінеуінен өткен тіл өрнектері тұнып тұрады. Осындай тұлғаны тануда әуелі сиқырлы сандармен сырласып көрсек Сиқырлы сандар сыры Сандарды кезекпен тақтаға іле отырып, мәліметтерді көмекші сөздермен оқушыларға толықтыртқызу. 1902 жыл 14 қараша - Қарғанды облысының Тельман ауданында шағын дәулетті отбасында өмірге келді. Талапты бала әуелі ауыл молдасынан оқып сауатын ашады; 1916 жыл - зауыттағы орысша-қазақша мектептің төртінші сыныбына түсіп, бір жылдан кейін бітіріп шығады; 1918-1925 жылдары - ауылдық кеңестің әр алуан жұмысына араласады, жоғарғы сотқа қызметке орналасады; 1927-1928 жылдары - алғашқы шығармасы «Сәрсен мен Боқаш» «Жыл құсы» журналында жазылады; 1929 жыл - тұңғыш кітабы «Ер Шойын», кейін «Қан», «Қашқын» әңгімелері шықты; 1930 жыл – үш жыл шахтада жұмыс істейді, жер қазады, токарь мамандығын игереді; 1933 жыл - Ғ. Мұстафин «Қарағанды пролетариаты» газетінің жауапты секретары қызметіне тағайындалды, «Қызыл ту» атты жаңа газеттің ашылуына байланысты Новосибирь қаласына ауыстырылады 1938 жыл - Алматыға көшіп келеді; 1939 жыл - Қарағанды шахтерлерінің өмірінен «Өмір мен өлім» атты тұңғыш романын жазады; 1939-1948 жылдары - «Әдебиет майданы» (қазіргі «Жұлдыз») журналында қызмет істейді 1940 жыл - Ғ.Мұстафиннің алғашқы көлемді туындысы – «Өмір мен өлім» романы жарыққа шықты, 1942 жыл - «Айғақ» атты шағын пьеса, «Тұтқын», «Күлмеген адам», «Құлаған құз», «Керуен» әңгімелерін жазды. 1945 жыл - «Шығанақ» жарық көрді 1948 жыл - «Миллионер» жинағы 1952 жыл - «Қарағанды» романы, 1953–1957 және 1961-1964 жылдары - қазақстан Жазушылар одағын басқарды; 1958 жыл - Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі (Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1960 жыл - ғұмырнамалық «Көз көрген» романы шығады. 1962–1964 жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы болып қызмет атқарды. Өмір жолы. Ғабиден Мұстафин 1902 жылы Қарағанды облысының Тельман ауданына қарасты қазақ ауылында мінер ат, ішер асқа зәрулігі жоқ күйлі отбасыңда туған. Әкесі Мұстафа қажы мұсылмандық жолын мықты ұстанған, молдалығы да айтарлықтай, сонысымен ауылына ғана емес, аймағына да беделді кісі болыпты. Әкесінен имандылық тәлім, ауыл молдасынан мұсылмандық дәріс алған сара көкірек бала Ғабиден бұл жағынан бірталай білім, түсінік жинаған. Арабша хат танып, судыратып кітап оқи алатын болады. Бірақ бұл кез қазақ арасында жаңа үлгідегі мектепте оқьш, пән негіздерін үйренуге деген беталыс басталған заман-тын. Сондай себеппен 14 жасар Ғабиден де Спасск зауытына барып, бір жыл орысша оқып, содан кейін орысша-қазақша мектептің 4-сыныбына түседі де, оны 1918 жылы бітіріп шығады. Одан ары оқуға мүмкіндігі болмаған ол 1918—1925 жылдарда ауылдағы кеңес жұмысына қатысады. 1925 жылы оқу іздеп, сол кездегі астана — Қызылордаға келеді, бірақ оқуға түсе алмай, жоғарғы сотқа қызметке орналасады. Осыған дейін талай көріп, сан өткелектен өткен ойлы да сезімтал жас сол бір күрделі дәуірден алған әсерлерін, өз көзімен көріп, басынан кешкендерін суреттеп жазуға талпынады. Газеттерге хабар, очерк, фельетондар жаза жүре, біртіндеп көркем шығарма да жазьш байқайды. 1929 жылы "Ер Шойын" деген атпен тұңғыш әңгімелер жинағы жарық көреді. Бірақ өзінің жазушылық мүмкіндіктеріне әлі де жете көз жеткізе қоймаған ол, "өмір сабағын" алу мақсатымен 1930 жылы Қарағандыға келіп, кейін өзі "шахта дегендері— бір кұдық" деп еске алатын кәсіпорынға қара жұмысқа орналасады: үш жыл шахтёр, слесарь, токарь больш істейді. 1933 жылы "Қарағанды пролетариаты" газетінде бір жыл, одан соң Новосибирьде қазақ тілінде шығатын "Қызыл ту" газетінде 1938 жылға дейін (жабылғанша) істейді. Сонымен, 1938 жылы, жазушылықтан 10 жылдай қол үзіп кеткеннен кейін, Алматыға келеді. Жазуға қайта ден қойып, қаламгерлік ортаға жақындасады. Өзі жақсы білетін Қарағанды кеншілерінің өмірінен 1939 жылы "Өмір мен өлім" атты роман жазып, ол1940 жылы жарық көреді. "Әдебиет майданы" (қазіргі "Жұлдыз") журналына алғашында әдеби қызметкер больш орналасып, ақыры бас редакторлыққа жоғарылап, 1948 жылға дейін он жылға жуық қызмет атқарады. колхоз болмысындағы жаңа өзгерістер кезеңін көрсетуге арналған "Миллионер" (1948) романдары жарық көріп, одақтық деңгейдегі татымды табыс ретінде бағаланады, кеңес халықтары мен шетел тілдеріне аударыла бастайды. 1952 жылы жеке кітап болып шыққан"Қарағанды" романы — қазақ әдебиетіндегі өндіріс тақырыбына жазылған ең үздік көркем туынды ретінде бағаланады. Содан кейін жазушының ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетінің ірі жетістігі саналған "Дауылдан кейін" романы (1960) дүниеге келді. Осы жылдары жазушы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының корреспондент-мүшелігіне 1958)сайланады. Жазушының соңғы көрнекті туындысы— өмірбаяндық "Көз көргендер" романы. Ғ.Мұстафин аса көрнекті суреткер ғана емес, зор беделді әдебиет, мәдениет қайраткері, парасатты да кемеңгер кісі болды. Кешегі өзінің дітінен шықпағанды кешірмейтін тоталитарлық жүйе тұсында А. Байтұрсынов бастаған арыстандарымызды ақтау туралы сол кездегі басшылықтан ауызша да, жазбаша да қадала сұрап, талап еткен де — осы Ғабиден Мұстафин. Ол 1953—1957 және 1961—1964 жылдары Қазақстан Жазушылары одағын басқарды, Абай атындағы Мемлекеттік және Жамбыл атындағы сыйлықтардың иегері болды. Шығармашылығы. Ғабиден Мұстафин үлкен прозаға көп дайындықпен, табанды ізденіспен, қажымай оқып-үйренумен, қажырлы еңбекпен келеді. Жазушының жеке басының ғана емес, бүкіл қазақ әдебиетінің елеулі табысы болып табылатын "Шығанақ", "Қарағанды", "Дауылдан кейін", "Көз көргендер" сияқты романдары — оның өзі тікелей қатысушысы болып, ыстығына күйіп, суығына тоңған өмір шындығын терең білгірлікпен, реалистік шеберлікпен бейнелеген туындылар. Сонықтан Ғабиденді кеңестік Қазақстанда болған жаңарулардың жарты ғасырдан астам тарихының көркем шежіресі деуге болады Алтыншы сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Ленин орденімен (2 рет), ІІ дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту (2 рет), Халықтар Достығы ордендерімен, медальдармен марапатталған. Абай атындағы Мемлекеттік және Жамбыл атындағв сыйлықтардың иегері. ІІІ. Шығармалармен жұмыс: 1. «Шығанақ» шығармасынана үзінділер оқу № 1. Қар ери бастаған. Жер біресе жібиді біресе қатады. Қарасын әлі кеңи койған жоқ. Шығанақ қыс бойы өзімен-өзі болып шықты. Жер өндеуге керек деп құстың қиын жинады. Үш күннен бері, өзі ғана біледі, басқаның бәрінен жасырады, - бір нәрсемен әуре. Алдыңғы күні, ел жатып қалғанда, кемпірінің қасынан ұрланып тұрып, далаға шықты. Аспан бұлт, көзге түртсе көргісіз қараңғы. Қора маңын түртпектеп жүріп, тығулы жатқан бір кеспекті сопаң еткізіп суырып алды. Домалатып барады, домалатып барады. Ескі қораның түбіндегі ескі орға әкеліп көмді де, бетін білдірмей тегістеп кетті. Таңертең дәрет сындырған кісі болып дәл сол арада тұрған- да, айнып қалған екен. Өткен түні қайта қопарып, маяның астына апарып тықты. Бүгін маяның да бір осалдығын тапқан тәрізді. "Ойылға қатқақпен барып қайтамын" деп таң атпай тұрды да, кеспекті тағы домалатты. Бұл жолы қора маңына жуыған жоқ, тіпті ауылдан безіп барады. Кеспек бұлталақтап, бұрыла қашып қоймаған соң екі ернеуден қолын алмай домалатты. Қабыршақ мұз сылдырласа да, өзі жөтелсе де біреу сезіп қалды ма деп жалтақтайды. Ауылдың жел жағында, екі-үш жүз қадамдай жердегі қалың бейітке жеткенде демін бірақ алды. Шаршап қалған екен, алқынып отыр. Алқынып отырып, ауыл жақтан шыққан бір жөтелді байқаған жоқ. Кеспекті орға көмді де, жолынан қалмай жүріп кетті № 2. (автор, Шығанақ, бала) Бағанағы жөтел тегін болмады. Бәрін көріп тұрған сияқты. Шығанақ кетісімен сумаң етіп бір адам жетіп келді. Келісімен кеспекті суырып алып, бұ да домалата жөнелді... Берікке тығып, көңіл демдеген Шығанақ, кешке жақын Ойылдан қайтып келе жатып жол үстіндегі бейітке көз қырын тастаса, кеспектің құр орны жатыр. Бармағын мықтап бір тістеді де, қайрылмастан кете барды. Сыртқа шыққан өкініш белгісі осы ғана. "Ұрлаттым" деп Шығанақ айтқан жоқ. "Ұрладым" деп ешкім әкеп берген жоқ. Ұры да, құрлаушы да жасырын, бірін-бірі білдірмей іздеумен болды. Аттан түскеннен бастап, айттаған кісідей Шығанақ ауыл қыдырды. Екі күнде бас сұқпаған үй қалмады. Бірі де іздеген жоғын айтпады. "Егін дайындығы" деген сылтаумен келеді де, аз әңгімелесіп кете барады. Сыртына шығармаса да, ішінен қан өтіп жүр. Өзі қара кісі өрт сөндіргендей түтігіп кетіпті. Өзге түгіл өз үйінен жасырған ардақты кеспекті қоярға жер таппай түндерде домалатқан Шығанақ, енді өзі сол кеспектей жай таппады. Таяғын беліне көлденең ұстап, көрші ауылдарға жаяу тартты. Қарсы алдында, қаннен-қаперсіз бір бала келеді Мұрнының боғына ақ тарыны илеп асап, малжан-малжан күйсеп келеді - Тоқташы, балам! - деді Шығанақ өтіп бара жатып. - Тарыңнан титтей берші. Бала бір шөкім берді де кете барды. Шығанақ тарыны алақанына салып қарап тұрып күліп жіберді. - Менің тарым! Іле кейін қайтты. Бала белгілі. Бара салып үйін астан- кестен қылуға бір лоблып, қайта басылды. Өз үйіне келіп, үй төбесіне шықты да, баланың үйін кешке дейін бақылаумен болды. Ештеңе сезе алмады. Күн батып, қас қарайған уақыт. Шығанақ қара суды қараңғыда жағалап, құс ататын кісіше қамыс-қамыстың арасымен бұғып келіп, дәл сол үйдің желкесінен төнді. Ас пісіп, алдына енді алды-ау деген кезде терезесінен сығалады. Екі адам түрегеліп күбір-күбір сөйлесіп тұр. Кім екені белгісіз. № 3 (екі адам, Шығанақ, әйел, бала) - Білінген күнде осы үшін мені соттай ма? - дейді бірі. Екіншісі: - Соттамайды. Тауып алдым дейсің - деп шамға еңкейігі шылымын тұтатты. Сол кезде оның жүзін анық көрген Шығанақ, жүрегі су етті. - Төкен ғой мынау! Бұл ит қайдан жүр?! Төкен бөгелмей жүріп кетті. Ол кетісімен үй адамдары буын бұрқыратып, бірдемені борп-борп ұрттап жатты. - Көже! Не көже?! - деп айыра алмай тұрғанда біреуі шашалып қалды. - Тары. Тары көже, - деді Шығанақ ішінен. - Иттің баласының жаман терезесін жұлып алып кіріп барайын ба?! - деп тағы бір лоблыды. Бірақ ұрыдан тары қымбат. Тарыны табу керек деген оймен қайта басылды. Талай уақыт тауықша теріп, кезенген жылы тұқымға септірмей алтындай сақтаған ақ тарыны қылқып отырғандар Шығанаққа қанішерден бір де кем көрінбеді. "Ісім сенімен түссін. Әуелі кеспек табылсын" деп тұрғанда ыстық көжеге тойған үйдің даусы жыртық терезеден анығырақ естілді. Үй қожасы болу керек. Бөтелке шамның сығырайған сәулесімен бет нобайы азар көрінеді. - Кете берсем бе екен? -деді, әйелі: - Ел жатсын, - дегенде, баланың бірі елең етті: .- Қайда барасың, көке? - Ешқайда бармаймын, қарағым. Тойдың ба? Жат енді. - Тойдым. Апа, таңертең тағы да тары бересің бе? Бүгін қарным ашқан жоқ. - Берем, - деді шешесі. Баласынын жүзі гүл жайнады. Атып тұрып, сумқасын жастығының астына әкеліп қойды да, томпиып жата қалды. Бала көзін жұмған кезде әкссі әйелімен ашық сөйлесті: - Ұрыны қарақшы ұрласа, уақа емес. Момындікі болса, ішінен қан өтіп отырған шығар, ә? - Момындікі болса жоқтамай ма, әлі күнге? - Жоқтағанша сол боп жатпаса? - Ендеше ұрлап нең бар? Қайтып бер тарысын. - Берсем берем, тап иесін. - Тарының буымен абақтыға түсер бұл қатын, - деп күйеуі орнынан тұрды. Қолына күрек алып есіктен шыққан кезде, Шығанақ қамыс арасына барып тығылып, баспалап қарап тұрды. Үй қожасы аяғын еппен басып, тың тыңдап, ештеме сезілмеген соң, қора алдындағы күл төбесін қопара бастады. Шығанақтың іші жылып кетті. "Кеспек үйге қарай домалағанда, төтеден қосылармын" деп тұр еді. Үйден күлге қарай домалағанда, тап беріп, тоқтала қалды. № 4 ( Шығанақ, автор) - Ә-ә, жаңа көмгелі жүрмісің? Көміп бол... Көміп болып, көңіл жай тапқан үй иесі үйіне барды да жатып қалды. Ол кетісімен Шығанақ жетіп келген жоқ. Келмеске бекіп тұр. Ыза буып тұншығып барады. Дереу акты жасатып, ауданға шаптырып, арамды орнымен құртып жібермек. "Бір малымды ұрласа, жаныма мұндай батпаған болар еді. Тырнақтап жинап, дәл кезеніп тұрғанда кесті қолымды. Кеекені емей немене, тұқым келіспей, егін келіскен бе? Іріктеп қойған ақ маржанды ұрлағаны - бар егінді, бар несібені ұрлағаны. Тіпті атса да рауа екен өзін!.." деп ашумен қазандай көтерілді де, басылып сала берді. - Сап-сап, Шығанақ! - деп өзіне-өзі ішінен. - Осы шіркіннін бұрын мұндайы жоқ еді. Қарны ашқан болар. Аш қарын арды не қылсын, арамды не қылсын, бір күн тоймаса қырық күннің ақылын бір-ақ жейді. Ал сонда қарын неге ашады?.. Жоқ! Мыжи берсін жұрт. Сайын келгенде ұры да, белсенді де, үкімет те кінәлі емес. Тарының аздығы кінәлі. Тары көбеймей шатақ құрымас. Шамаң келсе тарыны көбейт, Шығанақ! Құртпақ түгіл көрқытпа, ұялтпа сорлыны. Қалсын осы арада, - деп күлден кеспекті суырып алды да, үн-түн жоқ домалата жөнелді... Өмір бойы сол адамды ешкімге айтпастан кетті ол. 2. Ой қорыту (қағаз қиындыларының бетіне жазушы шығармасымен танысу арқылы қандай түсінік қалыптасты, соны түсіру) 3. Шығанақ бейнесіне кластер құру еңбекқор ІҮ. Тақырыптың негізі ұғымдарын бекіту бойынша жұмыс «Ғ.Мұстафин - өмір сыры, тіршілік тартысын тереңнен толғайтын айтулы романдарымен қазақ әдебиетінің өрісін биіктеткен зор талант иесі» осы мағынадан ой жинақтап қорытынды сөз шығарту Ү. Үй тапсырмасын беру 1. Ғ.Мұстафин өмірі мен шығармашылық қызметіне қатысты реферат жазу; 2. «Шығанақ» шығармасын оқып мазмұнын игеру, композициялық талдау жасауға даярлану. ҮІ. Бағалау Сабақ барысында жұмыс істегендерді бағалау.

  • 1 материал

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх