Менің шығармашылық жұмыстарым
Бұл бөлімге мен өзімнің шығармашылық жұмыстарымды енгіземін.Абай атамыз айтқандай "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін"демекші аздап шабыт келгенде өлең жазатын әдетім бар.
Осыдан 5 жыл бұрын Жеңістің 65 жылдығына орай жазған "Ұлы Жеңіс ұранымын" атты өлеңім бар.2014-2015 оқу жылында яғни Елбасымыздың жолдауына байланысты "Шет шұғыласы"аудандық газетке жазған "Нұрлы жолда атқарар істеріміз сәтті,болашағымыз жарқын болсын!"атты мақалам жарық көрді.
Нұрлы жол-Нұрлы болашақ.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің«Нұрлы жол –болашаққа бастар жол» атты Жолдауы еліміздің негізгі стратегиялық бағыты болып табылады.Осы орайда Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын мектеп ұжымы болып талқыға салдық.Арнайы жолдауды талқылау барысында мектеп ұжымы бір кісідей жиналды.Мектебіміздің басшысы Гүлназия Абуталиевна көш бастап сөйлеп,Жолдаудың негізгі бағыттары мен міндеттерін түсіндіре айтып өтті.Кәсіподақ төрағасы,бастауыш сынып мұғалімі Усербаев Саят Жолдауға байланысты баяндама жасап,ұстаздар ұжымы өз пікірлерін білдірді.Шынымен де жыл сайын Елбасымыздың халқына жария ететін жолдауынан келер күннен тек жақсылықты күтетініміз анық. Елбасы Жолдауының«Нұрлы жол» аталуының да өзіндік терең мән-мағынасы бар.Мемлекет басшысы бізге жарық,шұғылалы әрі шапағатты ашық та анық жол нұсқап отыр.Ұлы жолда сапарларымыз сәтті,болашағымыз жарқын болсын!
Искакова Жанат Толеухановна
Бастауыш сынып мұғалімі
А.Ермеков атындағы жалпы орта білім беру мектебі.
Ұлы Жеңіс ұранымын.
1.Жойқын соғыс қоршап еді туған жерді,
От өршігіп,туған елге қауіп төнді.
Сол майданда талай ер қанын төгіп,
Отан үшін,ел үшін құрбан болды.
2.Қайсар баба Бауыржандай қайратты,
Баубек,Мәншүк,Әлиядай айбатты.
Ерлеріміз тайсалмастан жауларды,
Талай-талай ұрыстарда жайратты.
3.Содан бері талай жылдар өтті тез
Бейбіт өмір заманына болдық кез.
Отан үшін құрбан болған ерлерге,
Ұрпақтары тағзым етіп өтерміз.
4. Бізге жеңіс оңайлықпен келген жоқ,
Қан төгіліп,ажал құшты атқан оқ.
Енді міне 65 жыл тойлайтын
«Жеңіс»сөзі қалмақ мәңгі ұран боп.
5.Ұлы Жеңіс,Қасиетті ұраным!
Дәріптейтін құдіретті құралым.
65 жыл өтседағы арада,
Жеңіске арнап жазылады жыр-әнім!
Бұл менің осыдан 5 жыл бұрын Жеңістің 65 жылдығына арнап жазған жүрек жарды туындым.
Бұл шығармашылық жұмысым тәуелсіздікке байланысты жазылған
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.