Мен мектептегі тәжірибе кезінде 8-сыныпта сабақ өткіздім. Қалай оқыту керектігі модулі өткізілген барлық төрт сабағымнан да көрініс тапты. Мысалы, оқушылардың жоғарыда айтылған метатану үрдісі арқылы түсінуін бірінші, үшінші, төртінші сабақтарда жаңа тақырыпты өткенде мен Блум таксономиясы бойынша бағыт - бағдар ретінде сұрақтар қойып, сол сұрақтарға оқушылар өздері топта бірлесіп, жұмыс жасап жүзеге асырып, алған білімді түсіну мақсатында бір тапсырма орындады. Алған түсінікті қолдануға жол ашты. Метатану үрдісі арқылы бақылау және оқу тәжірибесіне қадағалау жүргізу қабілеттерін оқушыларда үшінші, төртінші сабақтан байқауға болады. Үшінші сабақта лексикалық тақырып «Елдерге саяхат» тақырыбы бойынша мен алдын ала оларды топқа бөліп, сол тақырып бойынша әр топ берілген елдер туралы біраз мәлімет жинап әкеліңдер деген тапсырма берген болатынмын. Сабақта төрт топ болып жұмыс атқарды және зерттеуге алынған екі оқушы Ф есімді және Р есімді қоса Г есімді бақылаушы тобын құрды. Бұл жерде бұрын менің сабағыма ешқандай қызығушылық танытпайтын Р есімді бақылаушы рөлінде өзін ұсынды. Топ тапсырма орындап жатқанда бақылаушы топ әр топқа барып, сырттай жұмыстарын қадағалап отырды. Осы жерде Р есімді қадағалау, бақылау үрдісі жүзеге асқанын байқауға болады. Топтар жұмыстарын орындап болғаннан кейін, тақтаға кезекпен плакаттарын қорғап шыққасын, бір –бірлерін стиктер арқылы бағалап, бір ұсыныс, бір жұлдызша беріп отырды. Метатану үрдісі бойынша бағалау жүзеге асты. Бірінші сабақта қызығушылық танытпайтын Р есімді үшінші, төртінші сабақтарда ашылып өзін –өзі реттеп, метатату үрдісі бойынша өзгергенін байқауға болады. Бала тапсырманы мұқият талқылауға үйренеді, соңында абстрактілі ойлау мен іштей сөйлеуін пайдалана отырып, өзін толық реттей алады.
Мен мектептегі тәжірибе кезінде 8-сыныпта сабақ өткіздім. Қалай оқыту керектігі модулі өткізілген барлық төрт сабағымнан да көрініс тапты. Мысалы, оқушылардың жоғарыда айтылған метатану үрдісі...