№11 орта мектеп-гимназиясының бастауыш сынып
мұғалімі Тежигүл Бекхалыевна Избасароваға мінездеме
Тежигүл Бекхалыевна Избасарова 1966 жылы 5 наурызда дүниеге келді. 1987 жылы педагогика училищесін бітіріп, өз мамандығы бойынша жұмыс істеп бастады.
Т.Б.Избасарова 2006 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының «Педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі» мамандығының толық курсын бітіріп шықты.
Т.Б.Избасарова бастауыш сынып оқушыларына білім мен тәрбие 2007-12 оқу жылы аралығында № 4 арнаулы орта мектептің бастауыш сыныптарына сабақ берді. 2010 жылы облыстық Ұстаз газетінде «Жол ережесін үйрен!» тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты басылып шықты. 2010 жылы «Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман» атағы берілді.
2012-2013 оқу жылынан бастап № 11орта мектеп- гимназиясының бастауыш сыныптарына сабақ беріп келеді. Т.Б.Избасарова күнделікті сабақты жан-жақты дайындықпен өткізеді. Т.Б.Избасарова әр сабағында жаңа технологияның элементтерін жоспарлы түрдеі енгізіп отырады. Ол өз білімі мен кәсіби шеберлігін жетілдіру мақсатында арнаулы курстарға үнемі қатысып отырады. 2013-жылы «Бастауыш мектептерде инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсын бітіріп шықты. 2013 жылы Ақтөбе облыстық педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру инситутының курс тыңдаушыларына «Сауат ашу сабағынан 1-класс оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбында панорамалық сабақ берді. 2013-жылы қалалық ғылыми әдістемелік орталықтың семинар тыңдаушыларына «Ю дыбысы мен әрпі» тақырыбында ашық панорамалық сабақ берді.
2013 жылы Республикалық әдістемелік Бастауыш мектепте оқыту журналында «Ана тілін ардақта» тәрбие сағаты басылып шықты. 2014 жылы «Ақтөбе –Дарын» ӨҒТҚББО Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің тиімді жолдары оқу –әдістемелік жинағында дүниетану сабағынан «Көкөніс» тақырыбы басылып шықты. Мектепшілік және қалалық семинарларға тұрақты түрде қатысып, алған тағылымдарын өз сабақтарында басшылыққа ала білді.
2014жылы Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық)деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтады. Мұғалімнің өзекті мәселесі «Бастауыш сынып оқушыларын сыни ойлауға дағдыландыру». Өзекті мәселесін шешу мақсатында Кембридж университеті бағдарламасының жеті модулін сабақтарында ықпалдастырып өткізеді. 2014-2015 оқу жылында Халықаралық экология және инженерия ғылым академиясы ұйымдастырған математикалық олимпиадасынан оқушылары Ағыбаева Асылзат 1 орын, Хасанов Дамир 3 орын дипломмен марапатталды. Жас жеткіншектерді кітап оқуға тартып, адамгершілікке тәрбиелегені үшін облыстық Н. Байғанин атындағы балалар кітапханасы «Алғыс хат» берді.
Т.Б.Избасароваға 2015 жылы «Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты маман» атағы берілді.
2015-2016 оқу жылында оқушылары Хасанов Дамир, Акышова Аслия «Кішкентай білгірлер» қалалық интеллектуалды олимпиадасында 3 орын дипломмен марапатталды.
2015-2016 оқу жылында оқушысы Акышова Аслия Республикалық «Зерде» конурсының қалалық кезеңінде математика, информатика секциясы бойынша қатысып, зерттеушілік қабілетін жоғары дәрежеде көрсете білгені үшін жүлделі 3 орын дипломға ие болды.
2015-2016 оқу жылында оқушысы Акышова Аслия Республикалық «Зерде» конурсының облыстық кезеңінде математика, информатика секциясы бойынша қатысып, зерттеушілік қабілетін жоғары дәрежеде көрсете білгені үшін жүлделі 3 орын дипломға ие болды.
Т.Б.Избасарова сынып жетекшісі ретінде де, ұйымдастырушылық қызметімен оқушылардың жеке бастарын жан-жақты тәрбиелеудегі шеберлігімен бағаланады. Өз пәнін жетік білетін, әдістемелік тұрғыда тың ізденістерін таныта білетін, шәкірттеріне орынды талап қоятын, жаңалыққа жаны құмар ұстаз өз ұжымында беделді,оқушылар мен ата-аналар арасында сый құрметке ие.