Каденова Ардак Надырхановна
5 лет назад

Әдебиеттік оқу. Шыбын мен көбелек

Пәні:әдебиеттік оқу

Уақыты:

Сыныбы: 4 «Д»

Мұғалім: Каденова А.

Сабақтың атауы

Сейітқұл Оспанов "Шыбын мен көбелек" /мысал/

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Білімділік. Оқушылардың С. Оспановтың өмірі мен шығармалары туралы білімін кеңейту. Шыбын мен көбелек әңгімесінің мазмұны мен идеясын ашу. Жануарлар, жансыз заттар әрекет ететін мысалдың рөліндегі жәндіктер өміріне тоқталу. Шыбын мен көбелектің пайдасы мен зияны туралы түсінік беру. Дамытушылық. Оқушылардың ойлау, сөйлеу, тілдік қорын дамыту. Тәрбиелік. Табиғатты аялауға баулу. Жақсыдан үйрену және жаманнан жиренуге тәрбиелеу. Адамгершілікке, инабаттылыққа, бірлікке тәрбиелеу. Түрі: жаңа сабақ. Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, диалогтық сұрақ - жауап, оқу дағдысын дамытатын әдіс - тәсілдер (мәнерлеп оқу, тізбектеп оқу), ой тастау, РАФТ әдісі, Инсерт әдісі. Оқыту технологиясы: ақпараттық технология, СТО. Көрнекіліктері: интерактивті тақта, компьютер, суреттер, үлестірмелі қағаздар

Психологиялық ахуал

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу.. Психологиялық даярлық. Мұғалім: ---------------------- Оқушылар: Әрбір адам - ----------------- Туысым, досым, жұрағат, Әрбір сабақ - ---------------- Үйрену, ұғу, ұлағат. Әрбір ісің - ------------------- Тірлік, тірек, адалдық, Әрбір сөзің - ----------------- Шындық, бірлік, адамдық.

Үй тапсырмасын тексеру. Адырбек Сопыбеков. Сапар мен Парта. Миға шабуыл. Сұрақ – жауап.

1. Сапар мен парта шығарманың қай түріне жатады? 2. Мысал деген не? 3. Сапар мен парта мысалы не жайлы? 4. Парта неге ренжіді? 5. Парта өз ойын қалай білдірді? 6. Монолог деген не? 7. Сапар өз күнәсін мойындады деп ойлайсың ба? 8. Мысалдың тәрбиелік мәні не деп ойлайсың?

Қызығушылықты ояту

Жаңа сабақ. Жұмбақтар шешу: 1. Ас көрсе - ақ жалайды, Содан ауру тарайды. (шыбын) 2. Көлбең - көлбең етеді, Гүлден ұшып жетеді. Гүл шырынын сорады, Соған риза болады. (көбелек)

Мағынаны тану

Сейітқұл Оспанов ағамыздың «Шыбын мен көбелек» атты шығармасымен танысамыз. Сабақтың мақсатын хабарлау. С. Оспанов туралы мағлұмат беру. С. Оспанов (1955 - 2003) 30 - наурызда Қызылорда облысының Қазалы қаласында дүниеге келді. Шығармалары: «Бәйге», «Ащы қауын, тәтті қауын», «Күн көтерілген шақ» атты жыр жинақтары, «Ағаш ат», «Бақытты үй», «Құлдар көтерілісі»атты кітаптарының авторы.

Нәзік жанды бунақ денелілер 1 ақ күн өмір сүреді екен. Арасындағы ең мықтысы, 2 күнге дейін шыдаса, рекорд болып саналмақ. — Алайда, сол 2 күннің ішінде, қолынан келгенше өз жұмысын шебер түрде атқарады. Яғни, мыңдаған гүлдерді тозаңдандырып, болашақ гүлдердің тағдырына тікелей қатысы бар екен. Бір күнде 1000 тұқымдай тастай алады. Тұқымнан құртқа, құрттан қуыршаққа айналады. Сол қуыршақтан көбелек болып шығуы да бір ғибратты әңгіме: Егерде көбелектің сол қалыбынан шығып жатқанын көріп қалсаңыз, оның қатты қиналып жатқанына куә боласыз. Жаныңыз ашып, құрт қабынан шығып жатқан көбелекті босатып жіберсеңіз, оған тек жамандық жасаған боласыз. Кейіннен, өмірде еш ұша алмай қалатынына себепкер болып қалуыңыз әбден мүмкін. — Көбелек, сол құрт қалыбынан шығамын деп тырысып, қиналғанда, әлсіз қанатына күш жинайды екен. Сол жиналған әлдің арқасында бір күнгі өмірінде көптеген тозаңдандыру процестерін жасайды екен. Жібек көбелектен жібек мата алынады. Шыбынның пайдасы мен зияны туралы айту Шын мәнінде шыбын өте лас жәндік екен. Зияндылығы өте көп, бірақ пайдаға асатын тұстары да бар. Мәселен, синантроптық шыбынның медициналық - санитарлық мәні бар. Жаз кезінде 12 - 14 күннің ішінде шыбынның жаңа ұрпағы өсіп - өніп отырады. Шетелдерде оның құрты көбейтіліп, үй құстарын жемдеуге, балық аулауға пайдаланылады. Англияның Нортхемптон округінің орталығына осы құрттарды саптатын автомат қойылған көрінеді. - Бізде де осы мәселе қолға алына бастады. Мәселен Семейдегі құс фабрикасында жемді шыбын - құрттарымен байытып беру тәжірибеге енгізілген.

Ой толғаныс

IV. Оқулықпен жұмыс: Мысалды оқушыларға оқыту. Сұрақтарға жауап алу. Әңгіменің негізгі кейіпкерлерін ата? Шыбын мен көбелек неге келіспей қалды? Шыбын не деп мақтанды? Көбелекке неге халің мүшкіл деп айтты? Көбелек оған не деді? Қайсысының айтқаны дұрыс деп ойлайсың? Жалпы сұрақ Мысалда адамдардың қандай қылығы сыналады? Мысалда адамдардың мақтаншақтық, тоғышарлық, жалқаулық қасиеттері сыналады. Сөздік жұмысын жүргізу. Көз шырымын алу - ұйықтау Қауыз - ашылайын деп тұрған гүл басының жұқа қабығы Жұқсыз - сүйкімсіз, жек көрінішті Сұғанақ - ұры Сапалақ - шыбын қорығыш құрал Шылғи өтірік - мүлде өтірік

Кім мықты? сайысы.

1 – топ. Көбелекке мінездеме беру

2 - топ. Шыбынға мінездеме беру

Қорытынды. Мысалдағы кейіпкерлерді сипаттау, мінездеме беру.

1 – топ. Көбелектің пайдасы мен зияны туралы айту.

2 - топ. Шыбынның пайдасы мен зияны туралы айту. Мақал-мәтелдер: 1.Алтау ала болса, ауыздағы кетер, Төртеу түгел болса, төбедегі келер. 2.Еңбек-бәрін де жеңбек. 3.Бірлік болмай, тірлік болмас. 4.Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

Үйге тапсырма

Үйге тапсырма. 67-68бет. Мысалды түсініп оқу. Рөлге бөліп, сахналау. Оқушылар күнделіктеріне жазады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Бүгінгі сабақ ұнады ма? Өз көңіл күйлерін стикерге жазып, светафорға іледі. Жасыл жақсы түсіндім, сары шала түсіндім, қызыл мүлдем түсінбедім.

Поделиться:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.