Мен Каирова Айнагүл 1980 жыл 27 тамызда Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Алға селосында дүниеге келдім.1986 жылы алғаш мектеп табалдырығын аттадым, 1994 жылы аудандық гимназия мектебіне қабылданып,1997 жылы аяқтадым. 1997 жылы Атырау облыстық Халел Досмұхамедов атындағы бұрынғы АПИ қазіргі АМУ университінің домбыра мамандығы бойынша бітіріп шықтым. Еңбек өтілім 12 жыл, ІІ -санатты мұғаліммін. Менің алға қойған мақсатым «Еліміздің болашағы жас ұрпақты кез-келген қоғамда өзін-өзі дамыта алатын шығармашыл тұлғаны қалыптастыру».
Өзімнің еңбек жолымды:2001-2003 жылдары Ақкөл поселкілік мәдениет үйінде көркемдік жетекшісі қызметін атқарудан бастадым.
2003 жылдан қазіргі уақытқа дейін Ақкөл орта мектебінде музыка пәнінің мұғалімі қызметін атқарамын.Сондай-ақ атқаратын қоғамдық қосалқы міндеттерім «Айна би» тобының жетекшісімін.
Өзімнің өмір жолындағы жетістіктеріме тоқталатын болсам:
2001 жылы аудандық « Жасқанат-2001» байқауында жүлделі І- орын. 2002жылы аудандық «Жасқанат-2002» Байқауында жүлделі ІІ- орын. 2004жылы аудандық «Ауылым- алтын бесігім» ІІ-дәрежелі диплом. 2012жылы аудандық «Мөлдір бұлақтан...» отбасылық турнир «Бас жүлде». 2013жылы облыстық «Мөлдір бұлақтан...» отбасылық фестиваліне қатысып «Саламатты отбасы» наминациясымен марапатталдым. Тек өзімнің жетістіктеріме тоқталып қана қоймай оқушыларымның да аудандық байқауларда шығармашылықтарын шыңдап, жетістіктерге жетуге ықпал еттім.
2006жылы «Айна бишілер» тобы Шара Жиенқұлова атындағы ІІІ-аудандық бишілер байқауына қатысып ІІ- дәрежелі диплом.
2006жылы аудандық «Би самалы» байқауы ІІІ- дәрежелі диплом.
2008жылы аудандық «Биші балапан» «Бас жүлде».
2008жылы «Сан алуан билер-ай!» атты аудандық бишілер байқауына қатысып Амірғалиева Аягөз І-дәрежелі дипломмен марапатталды.
2008жылы аудандық «Халықтың бірлігі-рухани келісімде» атты байқауында «Айна би» тобы марапатталды. 2009жылы аудандық «Биші балапан» байқауына қатысып жүлделі ІІІ-орын. 2010жылы аудандық «Бұраң бел» байқауында Амірғалиева Аягөз ІІІ-дәрежелі диплом. 2010 жылы аудандық «Бұраң бел» байқауында «Айна би» тобы ІІІ-орын.
2011жылы аудандық «Қош келдің,Жаңа жыл!» байқауында «Аққу-Маржан» би тобы «Бас жүлде». 2012жылы аудандық «Айна би» тобы «Бұраң бел» байқауында жоғарғы деңгейде белсенділік танытқаны үшін марапатталды.
2013жылы аудандық «Биші балапан» байқауында «Айна би» тобы ІІ-дәрежелі диплом. 2014жылы аудандық «Қош келдің,Жаңа жыл!» «Аққу-маржан» би тобы «Алғыс хат».