Жоба тап, жол көрсет
Келешек қамы үшін.
Барыңды, нәріңді тірлікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңда із қалдырар,
Шын бақыт-
Осыны ұқ,
Мәңгілік өлмейсің.
(Шәкәрім Құдайбердіұлы)
Ойшыл Абай: «Ақырын жүріп анық бас, еңбегін кетпес далаға. ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп айтқандай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз, әрине, өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Мұғалімнің әрбір сөзі, ісі, қимылы, киіну мәнері, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады.