Калиев Коблан Балтаевич осы №44 орта жалпы білім беретін мектепте 15 жылдай ұстаздық етіп,18 жыл үздіксіз музыка пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келеді.
Әдістемелік тақырыбын «Музыка сабағында жаңа технологияны қолдана отырып, ұлттық музыка арқылы жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік қасиеттерді сіңіріп тәрбиелеу» деп алып осы бағытта оқушылармен төрт жылдан бері жұмыстанып келеді.
Мұғалім әр сабақ сайын оқушылардың пәнге қызығушылығын, ой - өрісін тереңірек дамытуға және алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуіне мүмкіндік жасап тұрады. Өзінің әдістемелік тақырыбы бойынша сабақтарда оқушылар алдында проблемалық жағдайлар туғызып, олардың ой-орісінің дамып өз бетімен білім алуына , өздігінен қорытынды жасау арқылы алған білімін терең де тиянақты етуді мақсат етті.
Калиев Коблан Балтаевич – жас ұрпақты тәрбиелеуде көп ізденушілік танытып, шығармашылықпен жұмыстанатын ұстаздардың бірі. Әр сабағы әдістемелік жағынан шыңдалған үлгі - өнегеге толы.Оқытудың жаңа технология әдіс-тәсілдерін тиімді қолдана отырып, оқушылардың жан -жақты дамуына көп көңіл бөледі. Әр сабақты талапқа сай жоғары ғылыми әдістемелік дәрежеде өткізу, үздіксіз іздену, әдістемелік теорияның білімін жүйелі көтеріп отыру мұғалім жұмысының нәтижелігіне жеткізуде. Мұғалім үнемі шығармашылық жұмыстанып отырады..Оқушылары облыстық,қалалық сайыстарға қатысып жүлделі орындарды иеленіп жүр.
1.Таймас Рауан. 2012 жыл. Қалалық Абай оқулары сайысында «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша ІІ орын»Құрмет грамотасы.»
2.Орынбаев Ердәулет, Есеев Нұржан 2013 жыл. Қалалық «Өнерлі бүлдіршін 2013» байқауында ІІ орын «Құрмет грамотасы».
3.Есеев Нұржан. 2013 жыл. Облыстық С.Сейфуллин әндері байқауында «Алғыс хат»
4. Идресова Жадыра .2014 жыл. Қалалық «Өнерлі бүлдішін 2014» байқауында «Алғыс хат»
5. Халелова Камила, Есеев Нұржан 2014 жыл. Қалалық «Ұстазға арналады аяулы әнім» ән байқауында «Алғыс хат»
6. Сапағалиев Ақтілек 2014 жыл. Қалалық «Ұстазға арналады аяулы әнім» ән байқауында ІІІ орын «Диплом»
7. Сапаргалиев Ақтілек 2014 жыл. Облыстық «Ұстазға арналады аяулы әнім» ән байқауында «Алғыс хат»
8.Алмағанбетов Мырзағұл 2015 жыл. «Қалалық өнерлі бүлдіршін 2015» ән байқауында «Алғыс хат»
9.Сапарғалиев Ақтілек 2015 жыл. Қалалық әнші композитор Әділбек Сүлейменовтің ән байқауында «Алғыс хат»
10.Есеев Нұржан 2015 жыл.Аймақтық «Жас Дарын» шығармашылық байқауында І орын «Диплом»
Мұғалім сабақтарын түрлендіріп өткізуге үлкен мән беріп келеді. Әр сабағын ойын-жарыс, сайыс түрінде, интерактивті тақтаны пайдаланып өткізіп тұрады.
Ұсаздың сабақтары Республикалық ғылыми-педагогикалық «Тәрбие құралы»журналы 2013 жыл, «Жезтаңдай әнші Ғарифолла Құрманғалиев» Республикалық ғылыми –әдістемелік және педагогикалық «Қазақ тілі »журналы 2013 жыл. «Күй тербеткен Нұрғиса» атты тәлімдік сабақтары үздіксіз жарияланып келеді.
Ұстаздың сабақ беретін сыныбы бойынша білім сапасы жақсы деңгейді көрсетіп келеді.
5-сыныптар 92 % (2012 - 2013)
6-сыныптар 96% (2013-2014)