Аты-жөні: Қалиева Жанар Кенжебайқызы
Туған күні, айы, жылы: 14 наурыз, 1968 жыл.
Білімі: жоғары, Қазақтың Абай атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді педагогика институтын, 1990 жылы толық курсын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдады.
Педагогикалық еңбек өтілі: 25 жыл.
Білім жетілдіруі: 2006 ж., Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институты, Алматы қаласы,
Тақырыптары:
«Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы инновациялық технологиялар»,
«12 жылдық білім беру жағдайындағы қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың инновациялық технологиялары»,
«Бейінді-бағдарлы оқытудың мәселері»,
«Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану тәсілдері»,
«Инновациялық технологиялардың бейінді-бағдарлы оқытудағы рөлі».
Жетістіктерін дәлелдейтін құжаттар: 1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің «Жүзден жүйрік» атты облыстық сайысында сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру номинациясы бойынша мақтау грамотасымен марапатталды. Петропавл қаласы, 2004.
2. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор жеке үлесі үшін алғыс білдірілді . Астана қаласы, 2005.
3. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 115 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстан Республикасында білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында ұлттық мәдени құндылықтарды игерудің көкейкесті мәселелері» тақырыбындағы облыстық педагогикалық оқуға белсене қатысып, ақынның мұрасын жас ұрпаққа насихаттаудағы шығармашылық табыстары үшін құрмет грамотасымен марапатталды. Петропавл қаласы, 2008.
4. Ауданның білім беру жүйесіндегі шығармашылық еңбегі мен жеткіншек ұрпақты оқыту және тәрбиелеудегі табыстары үшін мадақтамамен марапатталды. Новоишим ауылы, 2008.