Инфоурок / Сайты учителей / Кожбанова Лаура Жаксыгалиевна

Кожбанова Лаура Жаксыгалиевна

  • тәрбиеші
  • №5 «Балбөбек» бөбек- бақшасы
  • Казахстан
  • 06.07.1993

Категории по интересам:

Бала болашағы – менің қолымда. Мен лайықтымын ақылдымын абзал жанмын Арманның қиялынан таңдағанмын. «Тәрбиеші» деген ұлы істің мәнін біліп, Өміріме діңгек қып таңдап алдым деген жүрекжарды тәрбиешінің ұлы іске құлшынған жүрегімнен шыққан біраз өлең жолдарымен бастауды жөн көріп отырмын. Тәрбиеші жолымның бастау алғанына екі жылдай уақыт болса да балабақша өмірі мен үшін оттай ыстық, көңіліме жақын. Бірақ айырмашылығы қиын да абыройлы тәрбиеші жолында жүруім. Сол тәрбиеші атына саймын ба? Жаңарған, жасарған қоғамда тәрбиеші міндетін қалай атқарып жүрмін? Тәрбиеші болу – жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Тәрбиеші білімді, еңбекқор, бала жанын түсіне алатын болса ғана тәрбиешілік кәсіптің шыңына жете алады деп ойлаймын. Олай болса, ең алдымен өзімді өзім танып, үздіксіз ізденіп, аяусыз еңбектенуім керек. Бойымдағы бар білімді, асыл қасиеттерімді бүлдіршіндеріме арнай білсем, олардың жүрегіне жол тауып, жан–жақты білуге талпындырсам, тілін құрметтеуге әрі Отанды, адамзатты сүюге тәрбиелесем менің мақсатымның орындалғаны, еңбегімнің ақталғаны деп білемін. Мен бұл мамандықты неге таңдадым? Ол жан-жақты зерттейді. Мен-дем беруші, баланы тәрбиелеуші тәрбиешімін . Менің басты бағытым,өмірге еш өшпенділіксіз,қорқынышсыз қарауды балалардың санасына жеткізу. Балаларды алға ұмтылуға,алда ғажайып нәрселердің бар екендігін,жақсы өмірдің кілтін аша алатындарына сендіру! Осылайша мен Ақтөбе Көпсалалы «Болашақ» колледжінің «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту » мамандығының факультетіне түсіп,оқуымды бітіріп,мамандығым бойынша өзімнің білім нәрін алған Мәртөк ауданы Саржансай ауылы,№5 «Балбөбек» бөбек- бақшасына тәрбиеші болып орналастым. Мен үшін бұл мамандық ерекше саналады.Өйткені бүлдіршіндердің күнделікті қастарында болып қызықты сәттерімен қуаныштарын тыңдап бірге болып, қолдау көрсету. Сондықтанда бұл мамандықты әр адам әр қалай түсінеді. Мен үшін тәрбиеші мамандығы не? Ол кең мағыналы. Мен – дем берушімін Мен әр кезде өз әлемімді балалармен бөлісуді,оларға дем беріп,олардың жан-дүниесіне үңіліп,олардың бүгіп,ұялып, сыртқа шығара алмай жүрген ойларын іске асыруға ұмтылдырамын. Мен балалардың күнделікті өмірден бір сәтке болсада шығып,өздерін жаңа қырдан танып,өздерін жақсы қырдан көрсете алуларын айтып,өмірдің әр сәтін тек жақсылыққа,артынан өкінбейтін жақсы істер жасауына,өмірден дұрыс жол таңдап,тек қана алға ұмтылуларын қалаймын.Осы жерде ұлылардың «Өзіңді біл,таны,аш сол кезде әлемді де біліп ,аша аласың» сонымен қатар «Жаныңды ұсақ уайым,болымсыз қам-қарекет дертімен былғанудан сақтаңыз»деген нақыл сөзді айтқым келеді. Мен –тәрбиешімін. Мен күнделікті ұсақ-түйек шаруаға күш жұмсауға үйретіп,өзіңнің ішкі дүниеңдегі ғажайыпты көре білуге үйретемін.Әлем айна сияқты, әр күн сайын өз бейнеңді көріп тұрасың, өз мойныңа жауапкершілікті ала білуге,берген уәдеңде тұруды үйретемін.Менің өзіме деген сенімімді жоғалтқандай сезінген кездерімде,жұмысқа деген құлшынысым азайғанда мен «Алланың адамға берген ең үлкен сыйы, оның өмірі» екенін есіме аламын. Адам кей уақытта өзіне деген сенімін жоғалтып,күйзеліске ұшырасада,өмірге деген сенімін,құштарлығын жоғалтпай, тоқтамастан тек қана алға ұмтылуы керек екенін ұмытпауы тиіс. Қандай қиын жағдай болсада бар күш-жігерін жинап,алға ұмтылса ғана барлығын жеңіп,жүрегінде де,жан-дүниесінде де тыныштық орнайтынына,барлығы тек жақсы болатынына сенуі керек.С.Торайғыровтың «Адамның ең ұлы қасиеті бақытты болуға ұмтылу»дегім келеді. Менің өмірдегі басты мақсатым-балалар өмірге еш қорқынышсыз,зұлымдықсыз қарап,олар алдарында бір ғажап жұмбақтың шешімін табатындарына және де алда ашық,жарқын күндер күтетініне сенсе екен деймін. Тәрбиеші жолдың, ұрпақ тәрбиелеудің қаншалықты жауапты, қаншалықты қиын екендігін, сонымен қатар балалар ғана сыйлай алатын қуаныштың, олардан ғана табатын мейірімнің ештеңеге ұқсамайтынына көзім жетті. Тәрбиеші деген мамандық қой, ал мен ізгілік пен мейірімге шақырар ұлағатты тәрбиеші болғым келеді. Мақсатсыз адам қанатсыз құс сияқты, ұша алмайды. Ал менің осы тәрбиеші жолда алдыма қойған үлкен мақсатым бар. Ол жүректері мейірім мен ізгілікке толы, адал, еңбекқор, отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу. Өз елін, ұлтын, ділін, тілін, салт дәстүрін жақсы көріп, соны сақтауға ұмтылатын, өзге ұлт мәдениетіне сыйластықпен қарай алатын, заманауи білім, танымды қабылдай отырып өз бастауынан алған нәрін жоғалтпайтын рухани мықты адам тәрбиелеу. Білім, экономика, мәдениеттегі қатал бәсеке дәуірінде барлық жағынан бәсекеге қабілетті, ізденімпаз, шығармашыл еркін, еңбекқор адам тәрбиелеу. Жоғары білім туралы диплом алу бізді тәрбиеші етпейді. Адамды нағыз тәрбиеші ететін балалар. Нағыз шебер тәрбиеші болу үшін уақыт пен ыждахатты еңбек, балаға деген сүйіспеншілік керек. Осы ұлағатты жолда мен ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың мына сөздерін өзіме басшылыққа аламын: Жай тәрбиеші хабарлайды, Жақсы тәрбиеші түсіндіреді, Керемет тәрбиеші көрсетеді, Ұлы тәрбиеші шабыттандырады. дегім келеді. «Адамның адамшылығы ... жақсы тәрбиешіден» деп Абай атам айтқандай, мен қандай болсам, алдымдағы бүлдіршіндерім де сондай боп шығарын түсінем. Шынында да, бала болашағы – менің қолымда. Қызығы да, қиындығы да мол тәрбиеші жолдан мүдірмей өтсем, менің де биік шыңға шыққаным. Абай атамның «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» деген қасиетті қағидасы менің әрдайым жүрегімнің түкпірінде ұстайтын ұстанымым.

В друзьях у автора: 0

Автор в друзьях: 0

  • Материалы: 10
  • Просмотры: 5934
  • Коментарии автора: 0
  • Коментарии автору: 0