Лязат Сагындыковна - өз орнын тапқан , ұстаздықтың қыр – сырын меңгерген маман. Өз пәнін оқушыға жеткізу барысында түрлі әдістерді меңгерген, оқушымен ынтымақтастықпен қарым-қатынас орната біледі. Лязат Сагындыковна– өзінің салмақты мінезімен оқушыларының жүрегіне жол таба білетін жан. Сабақты әр түрлі әдіс-тәсілдермен өткізе біледі. Ол –әрбір адамның көңіл-күйін терең түсініп, мейлі оқушы, әріптесі болсын көмек қолын созуға даяр, тығырықтан шығарда жол сілтей алатын, адамгершілігі мол адам. Педогогикалық басылымдар бетіндегі әріптестер ізденісіне үнемі көз тігіп отырады. Оқушылардың сөздік қорын байытуға аса құштар, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйретеді. Әр жұмысының нәтижелі өтуін қадағалайды. Ұстаз болу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Лязат Сагындыковна қазіргі заманғы ұстазға жүктелген міндеттерді дұрыс атқара біледі.
Карбозова Лязат Сагындыковна сабақтарында білім беруді ойластырып қана қоймай, балаларының жеке бастарының қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын ойластырады. Қазіргі заман талабына сай сабақтарын түрлі жаңа технологияларды, интербелсенді тақтаны пайдаланып қызықты өткізеді. Оған мынадай тақырыпта өткізген сабақтары дәлел: 3«б» сыныбында «Біздің отбасымыз» сабағы, 5«б» сыныбындағы «Барыс септігі»ашық сабағы, 5-11сыныптар арасында өткен «Абай оқулары», 11 «б» сыныбына өткізген «Кім болғым келеді?» сабағы , 2012-2013 оқу жылында «Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру –жаңашыл мұғалімнің басты міндеті» атты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің аудандық семинарында 2 орыс сыныбында «Қазақстан –менің Отаным» тақырыбы бойынша ашық сабағы өз деңгейінде өтті; 2013-2014 оқу жылында 5-6 «б» кіріктірілген сыныптарда өткен Зат есім «Қыс келбеті»; Сын есім. «Қыс » тақырыбында ашық сабағы жан-жақты дайындықпен өткізілді.5-10 сыныптар арасында өткен «ғылыми шығармашылық конференция» т.б оқу-тәрбие барысындағы жұмыс түрлері дәлел бола алады. Пән мұғалімі жыл сайын жоспарлы түрде ашық сабақтарын өткізіп тұрады.
2011-2012 оқу жылы бойынша ҰБТ нәтижесі қазақ тілі пәнінен 100% көрсеткішке ие болды, бұл да мұғалім мерейінің айғағы.
2012-2013 оқу жылында 5 «б» сынып оқушысы Тлеухор Аруна І Республикалық Қазақстандық интернет- олимпиадасына КІО –ға қатысты. Аудан бойынша ең үздік нәтижеге ие болды; 9 орыс сынып оқушысы Ашимхан Шахризада ІІ Республикалық Қазақстандық интернет- олимпиадасына қазақ тілі пәнінен қатысып аудан бойынша үздік көрсеткіш иесі атанды.
2013 жылы 9 орыс сыныбының оқушысы Әлкеева Арай «Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер» атты ғылыми жұмыс қорғап, аудандық ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
2013 жылы Қазақ әдебиеті пәнінен мұғалімдерге арналған Республикалық КІО интернет- олимпиадасына қатысып, аудан бойынша үздік сертификат иесі атанды. Карбозова Лязат Сагындыковна – еңбекқор, жігерлі, қайратты, үнемі шығармашылық ізденісте жүретін, оқытудың жаңа түрлерін тиімді қолданып жүрген, өзіндік ерекшелігін жоғалтпай жүрген - ұстаз деп танимыз. Пән мұғалімі шәкіртерінің бойынан қандай да бір өнерін көрсе, соны ортаға салуға әр уақытта, «Бұлақ көрсең – көзің аш» дегендей көпшілікке танытуға тырысып жүретін жан. Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылығын оятып, түрлі іс-шаралар жүргізіп, білімдерін үнемі шыңдап отырады.
Карбозова Лязат Сагындыковна -алдағы уақытта да біздің сенімімізді ақтап, мол жетістіктерге жетеді деген үкілі үмітіміз мол .