Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
8 дней назад

Каршыгаева Гульжихан Нурлыбаевна

Бастауыш сынып мұғалімі

Казахстан №21 жалпы білім беру орта мектебі

Материалов: 6 Просмотров: 2994 Комментарии автора: 1 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Начальная школа
Инфоурок / Сайты учителей / Каршыгаева Гульжихан Нурлыбаевна

Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз: Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де ақымақшылық – деді. Бүгінгі өскелең ұрпағымызға ақылдың, ғылымның ар мен мінездің іргетасы ұстаздармен қаланады. Сондықтан да елімізде ұстаздарымыздың арқалаған жүгі ауыр. Орыстың ұлы педагогы К.Д. Ушинский: «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады», -деп асқан көрегендікпен айтқан. Мен өз білім алуымды, ізденуімді үнемі жалғастыру үстіндемін. Сондай оқулардың бірегейі 2015 жылы Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламасының Үшінші деңгей бағдарламасымен білім алуым болды. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған. Сындарлы оқыту теориясына негізделген оқытудың мақсаты – оқушыны пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез – келген жағдайда тиімді пайдалана білуге қамтамасыз ету. Оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс қалай енді, қалай басқарылды. Бағдарламадағы 7 модульді басшылыққа ала отырып, әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында тапсырмалар беру арқылы, оқуда және оқушылардың іс – әрекетінен өзгерістерді байқадым Мектептегі тәжірибе» айында ІІІ деңгей бағдарламасының жеті модулін сабақ барысында тиімді қолдану үшін мектебіміздің бастауыш сынып бірлестігі педогогикалық шеберліктерін ортаға салып, қолдау көрсетті . Өзім белгілі бір тарауды орта мерзімді жоспарлауды, топқа біріктіруді, бағдарламаның жеті модулін жоспарға енгізуді үйрендім. Әрбір сабағыма рефлексия жасап отыруды, оқушыларға зерттеу жүргізуді, уақытты тиімді пайдалануды, бағалаудың түрлерін үйрендім. Оқытудың сындарлы теориясына негізделген Үшінші деңгей бағдарламасы мұғалімнің алдына ең алдымен оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Осы орайда Абай атамыздың «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» деген өлеңі ұстаздарға жарық беріп тұрғандай көрінеді. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боларсың елден ерек Үш ақ нәрсе – адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. – дей келе адамды кемелдікке жеткізетін осы үш қасиетті ұстаз тең ұстаса, Ұлы ұстазға айналатынына көзіңді жеткізіп тұрғандай.

  • 6 материалов
Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер. Ақын тілегі. (1 сынып)

Начальные классы
Другие методич. материалы 05.12.2015 Просмотров: 863 Комментариев: 0

Уақыты: 14. 03. 2015 ж 1 «Е» сыныбы Сабақтың тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер. Ақын тілегі. Сабақтың мақсаты: Үй жануарларына қойылатын аттар бас әріптен басталып жазылатынын білгізу. Сілтемелер: 1 сынып «Ана тілі» оқулығы Атамұра 2012ж Күтілетін нәтижелер: 1. Мәтіннің мазмұнымен танысады. 2. Мәтіннің негізгі ойды анықтайды. 3. Жақсы адам туралы мақал - мәтелдің мағынасын ашады. Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: жеке жұмыс, топтық жұмыс, кері байланыс, СТО, АКТ-ны қолдану. Миға ш...

Сабақтың тақырыбы: Бас әріптен басталып жазылатын сөздер. Спандияр Көбеев. Екі соқа. (1 сынып)

Начальные классы
Видеоуроки 04.12.2015 Просмотров: 517 Комментариев: 0

Уақыты: 12 . 03. 2015ж 1 «Е» сыныбы Сабақтың тақырыбы: Бас әріптен басталып жазылатын сөздер. Спандияр Көбеев. Екі соқа. Сабақтың мақсаты: Жер-су аттары бас әріптен басталып жазылатын ережені еске ұстай отырып , жұмыс барысында пайдалануға баулу. Сілтемелер: 1 сынып «Ана тілі» оқулығы Атамұра 2012ж сайтты жазу Күтілетін нәтижелер: 1.Мәтінді өздігінен түсінуге, талдауға үйрету. 2.Өз ойы мен алған әсерлерін жеткізеді. 3.Топтық жұмыс жасауға, өзін бағалауға үйренеді. Оқытуда қолданылатын әдіс-т...


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх