Каймуханов Асыл Кайрбекович

  • учитель математики
  • СШ имени Гани Муратбаева
  • Казахстан
  • 26.12.1990
Бұрын қалай оқыған VS қазір қалай оқиды Тым алыс, 5000 жыл бұрын болған кездерге кетпей-ақ қояйық, жай ғана шамамен 1000 жыл бұрын қалай болғанын елестетіп көрейік. Оқушы білімді мұғалімінен тікелей алатын. Мүмкіндігі болса, қағазға жазып алатын. О кезде қағаздың өзі қымбат екенін білетін шығарсың? Мүмкіндігі болмаса, амал жоқтан құлақпен естіп жаттап алу қабілетін дамытуға тура келетін. Айтпақшы, сенің ойыңша, эпостар біздің заманға дейін қалай жеткен?)) Егер бір данышпан кітап жазса, оны жай ғана көшіріп алу мүмкіндігі болмайтын. Отырып, оны қолмен көшіріп алу керек болатын. "Шарик" немесе "гель" қаламмен емес, қауырсынды сияға батырып жазу керек болатын. Лас жұмыс па?) Одан кейін ұстазыңа барып, көшіріп алған кітабыңды бірге өтіп алу керек болатын. Себебі кітаптағы ақпаратты өзің алғың келсе, ұсақ-түйек нәрселерді түсінбегеннің кесірінен шатасып кету оңай. Ал мұғалім сол тақырыпты толық меңгеруге көмектесетін. Ата-анаңнан сұрасаң, олар кітапханада бір кітап босағанын бірнеше сағат күтіп отырғанын біліп таң қаласын! Басқа амалы қанша? Ксерокс деген бәле ол заманда жоқ, ал университеттік сабақтардың үй жұмысын жасау керек қой! Біздің заманда тіпті үйден шығудың да қажеті жоқ! Керек нәрсеңді google.com сайты арқылы тауып аласын! Кітаптардың көбісін тіпті vk.com/docs арқылы жазып алсаң болады! Бір тақырып жайлы жалпы көріністі википедия арқылы қалыптастыруға болады. youtube.com арқылы сені қызықтыратын тақырыптарға миллиондаған оқытатын видео табуға болады!

В друзьях у автора: 0

Автор в друзьях: 0

  • Материалы: 5
  • Просмотры: 2103
  • Коментарии автора: 1
  • Коментарии автору: 0