: Кейкешева Ұлбосын Сахауқызы - 47 жыл еңбек өтілі бар , жоғары санаттағы ұстаз .Ол 1975 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген .Еңбек еткен
47 жылдың 45 жылын табан аудармастан Қарақия ауданы , Мұнайшы кентіндегі №7 орта мектепте мұғалімдік қызметін атқарып келеді .
Ұлбосын Сахауқызы өз өмірін жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруге арнап, еңбегі шәкірттерінің білімімен өрнектелген аяулы ұстаз.
Ардагер ұстаз ұжымдағы жас мамандардың тәрбиешісі , ұстазы , ақылшысы.
Республикалық әдістемелік « Бастауыш сыныпта оқыту», « Бастауыш білім»,
« Сынып жетекші» , « Мектеп» журналдарында « Егемен елдің ұланымыз»,
«Ұлы жеңіс жаңғырығы» , « Мәншүктің жұлдызды сәті» атты ашық сабақтары және « Маңғыстау мұғалімі» , «Қарақия» газеттерінде « Білім мен адамгершіліктің иесі», «Мақтанышым - әріптестерім» т.б. мектебі, әріптестері туралы жазған мақалалары жарық көрді .Өзінің айналысып жүрген «Бастауыш сынып оқушыларын мәнерлеп оқу мен сауатты жазуға үйрету» тақырыбы бойынша оқу – тәрбие үрдісінде өткізген жаңа үлгідегі ашық сабақтары - оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, интелектуалдық қабілеттерін дамытатыны сөзсіз.