Мінездеме
Бастауыш сынып мұғалімі
«№2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебі»
Ертіс ауданы Павлодар облысы
Киашова Маржан Жумагалиевна 1984 жылы
Білімі-жоғары (Павлодар Инновациялық Еуразия университеті, 2008 ж.)
Санаты-ІІ (ІІІ деңгей)
Лауазымы-бастауыш сынып мұғалімі
Жалпы пед. өтілі-10 жыл
Оқыту тілі-қазақ
Іс тәжірибені тарату.
- 2012 жылы «ХІІ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясына белсене қатысып, «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары» атты мақала кітапқа енді.
- 2014 жылы «Бастауыш сынып» Республикалық әдістемелік-педагогикалық журналға «2-4 лицей сыныбында ғылыми шығармашылық жұмысты ұйымдастыру үшін күнтізбелік жоспар» жарияланды. (2014 ж. №2(46))
- 2014 жылы мектепшілік әдістемелік бірлестік отырысында «Сабақта ойын түрлерін тиімді пайдалану арқылы оқушының логикалық ойлау қабілеттерін дамыту» тақырыбында баяндама оқылды.
- 2014 жылы Инновациялық Еуразия университеті ұйымдастырған «Түрлі пән салаларында қолданылатын инновациялық технологиялар» атты курс-семинарға белсене қатысып, «Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту» тақырыбында баяндама оқылды.
- 2014-2015 оқу жылы 1-сыныпқа арналған «Логикалық математика» пәні бойынша оқыту әдістемесі атты авторлық бағдарлама өңделуде.
- 2015 жылы тамыз конференциясында шебер сынып тақырыбы «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы бастауыш сыныпты сапалы білімге бағыттау» өткізілді.
Педагог жетістіктері.
- 2012 жылы «ХІІ Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясына белсенді қатысқаны үшін Алғыс хат
- 2013 жылы Ертіс ауданының білім бөлімі аудандық мұғалімдер олимпиадасында ІІ орын
- 2014 жылы Ертіс ауданының білім бөлімі аудандық мұғалімдер олимпиадасында ІІІ орын
- 2014 жылы Бастауыш сынып мұғалімдерге арналған І-ші Республикалық қашықтық олимпиадасы. (Сертификат)
- 2014 жылы Қазақстанның бастауыш сыныптар арасындағы «ЛУЧ» қашықтық олимпиадасы. (Сертификат) т,б,