КОЩАНОВА КУЛЯШ
Воспитатель РЕДАКТИРОВАТЬ БИОГРАФИЮ
Туған күні:1959-12-11
Жұмыс орны: «№7 орта мектеп » мемлекеттік мекемесі
Лауазымы: мектепалды даярлық сыныбы тәрбиешісі
Облысы: Маңғыстау облысы
Мекен-жайы: Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы
Педагогикалық тәжірибесі: 31
Санаты: бірінші
Педагогикалық өмірбаяны:
1983жылы Красноводск педагогикалық училищесін мектепке дейінгі тәрбие мамандығы бойынша бітірген, бірінші санатты мектепалды даярлық сынып мұғалімі. Еңбек өтілі 31 жыл.
2001 жылдан бері Маңғыстау облысы Қарақия ауданы,Мұнайшы селосындағы №7 орта мектепте мектепалды даярлық сынып мұғалімі қызметін атқарып келеді. Осы жылдар ішінде бірнеше рет 5-6 жастағы балаларды мектепалды дайындықтан өткізген тәжірибесі мол, білімді, білікті маман ретінде танылды.Ол кіші жас балаларының психологиясын жақсы меңерген, олармен жұмыс жасаудың қыры мен сырын толық игерген шебер маман. Кіші жастағы балаларды мектепке дайындау барысында тек бағдарламамен шектеліп қоймай, оқушыларын аудандық, облыстық, халықаралық жарыстар мен олимпиадаларға қатыстырып, алғысқа бөленген ұстаз. Оқушысы Шамун Ақсындар 2014 ж. Аудандық «Жұлдызды сәт» байқауында жүлделі ІІ орынды иеленсе, 15 оқушысы халықаралық «Весеняя карусель» олимпиадасына қатысып, жоғары көрсеткіштер көрсетті. Қощанова Күлаш Жақсылыққызы білім беру саласының үздік ұстанымдарын, озық іс- тәжірибелерін алға тарта отырып, жаңалыққа құмар , шеберлігі мен әдіс- тәсілдерін көрсету мақсатында түрлі жобаларға қатысып ,алғысқа бөленді. 2014 жылы аудан өнері мен мәдениетіне жемісті үлес қосқаны үшін алғыс хатпен, 2015 ж «Инфоурок» сайтының ұйымдастырумен мұғалімдерге арналған жобаға қатысып, алғыс хатпен марапатталды
Үлгілі сабақтары республикалық «Мектепалды даярлық», «Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі», сынды ғылыми –әдістемелік журналдарда, еліміздің озық тәжірибелі мұғалімдерінің шығармашылығын насихаттайтын топтамаларда жарық көрді.Үлгі боларлықтай сабақтары халықаралық «Инфоурок», «Копилка уроков», «Мұғалім әлемі», «Готовим урок», «Мультиурок» сайттарында жарияланды.Оқушылары халықаралық «Инфоурок» олимпиадаларына қатысып, арнайы сертификаттармен марапатталды.
Марапаттар, грамоталар, алғыстар, сайыстар:
Аудандық білім бөлімінің марапаты
2014ж. Аудандық білім бөлімінің алғыс хаты
2015ж. Халықаралық «Инфоурок» сайтының алғыс хаты
2015ж. Республикалық «Ең үздік әдістемелік әзірлемелер» байқауы:
ІІІ дәрежелі диплом
2011 ж.Кент әкімінің алғыс хаты
2015ж.Сертификат .КИО .Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық қашықтық олимпиадасы .
2015ж. Сертификат.КИО.Жеңістің 70 жылдығына орай республикалық қашықтық олимпиадасы.