Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
9 дней назад

Кожекенова Асель Болатбековна

Тарих пәнінің мұғалімі

Казахстан Семей қаласы №4 ЖОББМ КММ

Материалов: 2 Просмотров: 550 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: История
Инфоурок / Сайты учителей / Кожекенова Асель Болатбековна

Ұлт тарихын оқытуда технологиялардың маңызы Барша рухани құндылықтар бала бойына тарих пәні арқылы дариды, ендеше адамзат бойында қандай да бір құндылықтарды қалыптастыруда тарих пәнінің маңызы зор. Ал еліміздің төл ұлты қазақ халқының басынан өткізген тағдыр- талайын, тарихи тәжірбиесін баяндайтын «Қазақстан тарихы» пәнінің ұрпақ бойында рухани құндылық қалыптастыруда орны ерекше. Қоғам қай заманда да өз азаматтарының нені меңгеріп қалай оқып- біліп жетілгенін жіті қадағалап отырған. Өйткені, бүкіл мемлекеттің қуаты мен игілігі түптеп келгенде сол қоғам мүшелері алатын білімнің деңгейіне байланысты. Әрбір мемлекеттің интеллектуалдық, экономикалық, парасаттылық және мәдени білім саласының жай- жапсарына, оның прогрессивті даму мүмкіндігіне тікелей қатысты. Қазір әлемдік аралас- құралас күшейіп, жаһандану үрдісі қарқын алған сайын дүние жүзі халықтары өздерінің ұлттық төлтумалығын сақтап қалуға, отаншылдық сезімдерін шыңдай түсуге айрықша көңіл бөлуде. Оқу тәрбие үрдісінде бүгінгі ұлттық оқу орындарындағы ең өзекті мәселе тарихи сана арқылы ұлттық рухы басым қазақсандық менталитетті жетілдіру.Ұлттық құндылықтарға белгілі бір нақты ұлт өкілдері құнды деп есептейтіндер жатады. Тағы ұлттық құндылықтарға Отан, жер, туған ошақ, халық, ұлттық тіл, ұлттық мәдениет, дәстүрлер мен ғұрыптар жатады. Сабақты идеялық жағынан ғылыми негізінде, өмірмен байланысты ұйымдастыру оқушының қызығуын, білімге құмарлығын таныту, әр сабақта оқушылардың ойлануға, өздігінен ізденіс жасауға баулып, ойын ауызша, жазбаша жинақтап баяндай білуге, мәдениетті сөйлеуге үйрету арқылы ұлттық әдет- ғұрыпты бойна сіңіруге дағдыландыру әрбір ұстаздың абыройлы борышы. Тарих пәнін оқытуда әр оқушының жеке жұмыс қабілетін ескеру, сынып тапсырмаларын, үй жұмысын баланың ерекшеліктерін ескере отырып беру керек. Мектептің оқу үрдісіне енгізіліп жүрген технологиялар теориялық тұрғыдан дәлелденіп, тәжірбиеде жақсы нәтиже беріп жүр. Модульдік оқыту- оқытуды оңтайландыру, тұлғаның мүмкіндігіне даярлық деңгейін бейімдеу болса, дамыта оқыту- бұл қабілеттер мен мүмкіндіктерін ашуға, дамытуға жағдай туғызу, белсенді оқыту- танымдық белсенділігн, шығармашылығын ұйымдастыру. Алдымен сабақтың тәрбиелік жағын ерекше ескеріп, оқушылардың өз халқына деген сүйіспеншілігін арттыру және оны қалыптастыру үшін мүмкіндігінше халықтың педагогика элементтерін көбірек пйдалану керек. Ол үшін бағдарламада көрсетілген материалды жоспарлағанда сол тақырыпқа сай халықтық педагогика элементтерінің қандай түрін пайдалануға болатындығын қоса жоспарлау қажет. Мұның өзі сабаққа пайдалануға болатын материалды алдын ала дайындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, рухани құндылықты қалыптастыруда сабақта халықтық педагогиканы пайдалану үшін әдет ғұрып, салт- дәстүр және мақал- мәтел секілді үш бағыт бойынша сабақты өткізудің жаңа әдістерін жетілдіре түсуге болады. Дәстүрлі емес сабақтарды өту арқылы оқушылардың ой толғауын, білмін, қабілетін кеңейтуге болады. Білімді даяр күйде бермей, оқушылардың алдына белгілі бір мәселені міндет етіп қойып, оны олар халқымыздың озық салт- дәстүрін пайдалана отырып ізденіп шешуге тиіс. Мұның нәтижесінде өз бетінше өмір сүре алатын шығармашыл азаматтар тәрбиелейміз. Оқушыларға қазіргі заман талабына сай жоғарғы дәрежеде сапалы білім мен тәрбие беруде халықтық педагогиканы пайдаланып оқыту- бүгінгі күн талабы. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік- зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға жетуі керек. Содан кейін барын оның білім алуға деген ынта- ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Тарихи жадыға тиесілі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер болсақ, адамзат басынан аяғына дейін толық қамтып жатқанын көреміз. Қазақстан тарихы сабағында орта ғасырдағы қазақстан мәдениеті тарауында Ислам дініің қазақсан жеріне таралуына Қарахан мемлекеті зор ықпал тигізгенін, кейін Өзбек ханының тұсында Алтын Орда Ислам діні мемлекеттік дін ретінде қабылданғандығын, қазіргі таңда зайырлы мемлекет болсақта, төл ұлт қазақ халқының негізгі діні Ислам діні болып қала беретіндігін бала бойына рухани құндылықтың бір тармағы дінді қалыптастырамыз.Жеке тұлғаның бойында рухани құндылықты қалыптастыру процесінде оқушыларға алдын- ала ізденіс, зерттеу жұмыстарын бере отыра, қосымша мериалдар жинауға тапсырмалар беру қажет. Мұндай тапсырмалар оларды ынталандырып қана қоймай, сабақта білм алмасуға ықпал етеді, шығармашылығын қалыптастырып, интеллектуалдық қарым- қатынас қуанышына бөлейді. Жаңа Қазақстан үшін бүгінде өзіндік қазақ өркениетін дамыту, экономикалық потенциалын өсіру, салт- дәстүрін, әдет- ғұрпын, тілін, менталитетін, тағы да басқа ұлттық құндылықтар аясын кеңейту өзекті мәселелер болып табылады. Өрлеу дегеніміздің өзі жаңару, өткенді жаңғырту. Сонымен қатар, өзге халықтың мәдениетін түсінуді ең алдымен өзінің ұлттық мәдениетінің терең тамырын түсіндіруден бастау керек.

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • 2 материала

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх