Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
2 дня назад

Козыбакова Алтын Панзабековна

преподаватель физики, математики

Казахстан Мангистауский гуманитарный колледж

Материалов: 9 Просмотров: 887 Комментарии автора: 1 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Математика Физика
Инфоурок / Сайты учителей / Козыбакова Алтын Панзабековна

Елбасы Н. Назарбаев 2030 жылға арналған стратегиялық жоспарында, оқу іс-әрекетінде айшықты орны бар жеке тұлғаның өзіндік білім алуы, өзін-өзі тәрбиелеуі және өзін-өзі дамытуы бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі екені айтылған. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – Қазақстан мемлекетінің жаңа саяси бағыттары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, шешімдерді қарқынды енгізуге тиіспіз, – деп атап көрсетіп, – Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануы тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек» деген болатын. Оқыту үрдісін ақпараттандыру – қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыты болып табылады. Елбасының тапсырмасы бойынша Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту үдірісі басталды. Мамандарды даярлау жүйесінде оқытудың дуалды жүйесін енгізу тапсырылды. Дуалды оқыту жүйесін енгізу Міндеттері: - дуалды оқытуды енгізу жөніндегі тәжірибені зерделеу; - дуалды оқытуды енгізу бойынша эксперименталдық алаңдар құру; - салалар және өңірлер бөлігінде дуалды оқытуды ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау; - Қазақстан Республикасының колледждерінде дуалды оқытуды енгізу бойынша ұсынымдар дайындау. Жоба 3 жылға (2013-2016 оқу жылдары) көзделген. Бүгінгі таңда дуальды оқыту жүйесі әлемдегі кәсіби-гуманитарлық, техникалық мамандар даярлаудың тиімді жолы. Ол өндірістік дамыған елдерде таралған 60-тан аса елде мамандарды даярлау жүйесінің негізіне айналды. Біздің колледжде жас ұрпақтың оқып, білім алуы үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. Оқыту үшін қажетті техникалық құралдар да жеткілікті: лингафон, компьютер, интерактивті тақта («сиқырлы тақта»), электронды оқу құралы, интернет, мультимедия, т.б. Маңғыстау гуманитарлық колледжінде 2014-2015 оқу жылынан бастап «0101000 – Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша дуалды оқыту жүйесі эксперимент ретінде енгізілді Оған құрамында 29 студенті бар МДБ-11 тобы алынды. Дуальдік оқыту жүйесі бойынша шығармашылық топ құрылды. Осы жүйенің талаптары бойынша бұл топқа пәндік-циклдік комиссия төрағасы, колледж-психологы, педагогика пәнінің оқытушысы, әдіскер, арнайы пәрдер оқытушысы, топ жетекшілер кіреді. Дуалды оқыту жүйесі жұмыс беруші мекемелердің белсенді қатысуы арқылы ғана жүзеге асады. Әлеуметтік серіктестік және кәсіби мамандарды мақсатпен дайындауда оқу қызметін бірлесе жүргізуде оқытудың дуалды жүйесін енгізу туралы келісім-шарт үш жақты –колледж-студент-жұмыс беруші болып жасалды.

  • 9 материалов

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх