Мен Агротехникалық колледжде қазақ тілі мен әдебиет сабағыннан беремін.Маған қазақ тілі сабағы өткізу өте ұнайды.Қазақстанның болашағы -қазақ тілінде , демекші меніңде қазақ тіліне үлесімді қосқым келеді.Тілге деген құрметімді,қастерлетіп ұрпақтан -ұрпаққа ана тілін сусындап үйренсе екен деймін.Тілді үйрету мен үшін аброй.Тіліміздің тарихы бар қол жетпес,
Айтсаң оның тарихына сөз жетпес.
Өткеніне тіліміздің көз жүгіртсек,
Тіліміздің тарихы бар сан жетпес.
Тіл деген қасиетті ұғым екен,
Қазақ тілі жырлайтұғын жырым екен,
Ұмытпайық тілімізді ешқашан.
Қасиетін сақтайтұғын сырым екен.
Тілім саған әрқашанда бас иемін,
Бар ғой сенің бойыңда қасиетің,
Тіліміз деп әрқашан мақтан тұтқан,
Ұмытпайық бабалардың өсиетін.
Мәртебесі тіліміздің биік екен
Қазағыма қазақ тіл боп енген екен.
Тілімізді ұмытпайық әрқашан
Қазақ тіл боп мәңгілікке қалған екен.
Тілім саған арналады бар күнім
Сен арқылы таси түсті шаттығым.
Қазақ тілін білмесең сен егер де,
Онда сенің қазақ тілге жоқтығың.
Қазақ тілім сенсің бар гүлім
Арналады менің саған бар күнім.
Ана тілін ұмытпасаң ешқашан,
Жоғалмайды ешқашанда пәктігің.