Кунафина Динара Агзамовна Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы № 42 жанында интернаты бар жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сыныбының мұғалімі.осындай ұстаз деген атқа ие болып жүргенімді биік мәртебе санаймын. Барша қазақтың қара домалақ балалары сияқты мектеп табалдырығынан бастап білім беріп, тәлім көрсеткен ұстаздарымды үлгі тұттым, еліктедім. «Жақсы мұғалім жақсы шәкірт жасайды» демекші, ұстаз деген ардақты мамандықты таңдағаным – соларды құрмет тұтқаным, батылдығым, табандылығым болар.