Жиырма бірінші ғасыр –жоғары технологиялар, жаһанды өзгерістер, білім ғасыры. Осы заман талабына сай, бәсекеге қабілетті болу үшін қандай да салада білімді, жаңалыққа дайын, құзыретті мамандар қажет.
Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үш айлық курстарының бағдарламасы мұғалімнің оқыту үдерісіне, оқушыға, тіпті мұғалімнің өзінің рөлі мен көзқарасының түбегейлі өзгеруіне бағытталған. Осы бағдарлама бойынша оқудың бірінші кезеңінде жаңа оқыту әдістері мен ғалымдар еңбектері жайлы теориялық білім алып, оқу әдістерін өзіміз арқылы өткізіп, жеті модульдің негізгі идеяларымен таныстық.
Осы модульдердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар, сонымен қатар олар бір- бірімен тығыз байланысты. Жеті модульге негіз болған идеялар үш негізгі тарауға бөлінеді: ойлау жолдары, әдістер мен тәсілдер, жұмыс құралдары
Жиырма бірінші ғасыр –жоғары технологиялар, жаһанды өзгерістер, білім ғасыры. Осы заман талабына сай, бәсекеге қабілетті болу үшін қандай да салада білімді, жаңалыққа дайын, құзыретті мамандар қа...