Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
11 дней назад

Кустаубаева Бакыт Ерболаткызы

учительница по информатики

Казахстан Карасу орта жалпы білім беретін мектебі

Материалов: 5 Просмотров: 2318 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Информатика Классное руководство
Инфоурок / Сайты учителей / Кустаубаева Бакыт Ерболаткызы

Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы. Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Ұстаз болу – адамның асылдығы, Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті қажет етеді. Өйткені қазіргі жас буын - еліміздің келер күнгі келбеті. Бұл жөнінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»,- деген тұжырым жасады. Ол үшін бүгінгі оқу үрдісіне сай педагогикалық шеберлік қажет. «Педогогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Мұғалім шеберлігі жайлы жазылған дайын қағида жоқ, болуы да мүмкін емес. Адамның өзіне-өзі өмір бойы қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтары болады екен. Мен үшін сол мәңгі сұрақтың бірі де біре-гейі - Мұғалім деген кім? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір айқындап бағайық.Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшы-лық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай силау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады. Ал,ХХІ ғасырдың нағыз ұстазы қандай болмақ керек? Әрине, ол өз кәсібінің майталманы, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын салу керектігі айтпаса да түсінікті. Бұл - әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет. Сондай-ақ ұстаз күнбе- күнгі өзінің көп қырлы еңбегінде мазмұны әр түрлі кездейсоқ жайттардың туындап отыратынын алдын ала сезіп, болжап және оның оң шешімін табуға дайын болуға тиіс.Сондықтан да ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып-білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушы, ел болашағының мүсіншісі деуге болады. «Ұстаз» сөзінің 2 түрлі сипаты бар. Бірі – белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, екіншісі – жоғары беделді адамдарға ықпал етуші дана адам. Мектептегі ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?! Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты проблема – жаңа формацияның жаңа ұстазын қалыптастыру. Жаһандану дәуірі – әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді..Елбасымыз: "Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады”, -деген болатын. XXI ғасыр ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты тәрбиелеу- әр мұғалімнің міндеті. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады.

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • 5 материалов
Ғасырдың өлім тұзақтары тәрбие сағаты

Классному руководителю
Презентации 04.03.2015 Просмотров: 244 Комментариев: 0

Грек тілінде ұйқы мағынасын білдіредіретін Narke сөзі ағылшын тілінде Narkotik деген сөзге айналған. Құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар бар. Адамның орталық жүйке жүйесіне әсер етіп,рухани және физикалық тепе-теңдікті бұзады. Түрлері өте көп. Құрамында никотин және 4 мыңға жуық улы зат бар. Темекі жапырағында танин, желім,шайыр,крахмал және алколоидер бар өсімдік.Темекінің елі Америка болып табылады.Колумб және достары 1511 жылы Petrus (Tabaccoc) атыме...

Салауаттылық - денсаулық кепілі

Классному руководителю
Рабочие программы 04.03.2015 Просмотров: 555 Комментариев: 0

Сабақтың тақырыбы: Салауаттылық – денсаулық негізі. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ізденімпаздыққа, белсенділікке, қосымша материалдарды пайдалануға дағдыландыру, ойлау қабілетін дамыту және есте сақтау қабілетін арттыру, ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке, қоғамдағы жат қылықтардан аулақ болуға, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.Типі: Аралас сабақӘдіс – тәсілдері: тренинг, сұрақ – жауап, ойқозғау, жоба қорғау, топтық жұмыс.Көрнекілігі: өмір, денсаулық, бақыт туралы сөздер, брашуралар, кестел...

"Аналар асыл жандар" атты аналар мерекесіне арналған шара

Классному руководителю
Рабочие программы 04.03.2015 Просмотров: 278 Комментариев: 0

Мұғалім сөзі: Ана тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Өмірде анаға деген сағыныш, оның ыстық мейірімге толы жылы құшағын аңсамайтын адам бола қоймас. Күннің шуақты сәулесіндей ыстық ана жүрегі, одан туындайтын ананың махаббаты әр перзент үшін. Сондықтан баршамыз ана атына кір келтірмей аялайық. 1-жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі...

Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс

Информатика
Презентации 04.03.2015 Просмотров: 992 Комментариев: 0

Үлгерімі төмен балаларды болдырмау үшін әсіресе бастауыш сыныптарда ата анамен және ұстазбен шәкірт арасында тартыс тумауы қажет. "Егер бала бұзақы болса, онда оған бала кінәлі емес. Педагогикалық әдістер кінәлі" деген А.С.Макаренко. Олай болса мұғалім, біріншіден, терең білімді, жауапкершілікті жете түсінетін, сабағын жан-жақты даярлану арқылы саналы, тиімді қызғылықты етіп өткізсе, оқушылар сабаққа зейін аударады да, басқа нәрсеге көңіл бөлмейді. Екіншіден, оқушының әрбір тәртіпсізді

Әлем өркениеті - Информатика кілтінде 4 сынып

Информатика
Рабочие программы 27.02.2015 Просмотров: 249 Комментариев: 0

Мақсаты: а) Оқушылардың білімдерін тексеру, алған білімдерін тиянақтау, берілген тапсырмаларды орындап, нәтижесін алу; ә) Компьютерде программамен жұмыс жасауда әртүрлі амал тәсілдер арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту; б) Танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Берілген топтық жұмыстарды орындату арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Типі: Дәстүрлі емес Түрі: сыныптан тыс шара Әдіс тәсілдері: топпен жұмыс, жоба қорғау, сұрақ жауап, ақыл-ой аллеясы Көрнекі құралдар: тақырып, тапсырмалар Б...


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх