Блог К Г К

  • 10 материалов

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗГЕ 25 ЖЫЛ

Барша ұлтты бауырына басқан бауырмал Қазақ халық біреудіартық, біреуді кем деп көрмеген. Татулық пен достықта тұруды ежелден серікеткен. Қазақстан - өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрібар құдіретті ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-қайрат,қайтпас қанат мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жеткен. Тарихқа үңіле отырып:«Кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз?» - деп ойлансақ бұл - туғанелінің, халқының өткені мен келешегіне көз жіберген әрбір азаматтың жүректүкпіріндегі сөзі. Қазақ елі тәуелсіз болса деген арман ұшқын шашса, бүгінгі...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ - ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ

Тіл- ұлттық категория. Тілсіз - ұлтты, ұлтсыз - тілді айқындау мүмкін емес.Ал қазақ ұлтының тілі - қазақ тілі. Ендеше, Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзініңхалыққа Жолдауында атап өткендей «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде».

Әрұлт өзінің тарихын, салтын және ана тілін мақтан тұтады. Дегенмен де, біздіңмемлекетімізде өкінішке орай өз тілін білмейтін және білем деп үйренугеталпынбайтындардың бар екендігі және олардың жауапты мемлекеттік лауазымдардаәлі де билік тұтқасын ұстап отырғандығы алаңдатумен келеді. Өйткені ана тілін

білмейтін адам ана тілін көктете де алмайды ғой. Ал біз, қазақ...

Сондықтан да мен бүгін бақыттымын!

Ұсынар шәкірттерім шаттық гүлін,

Төгеді көңіліме уақыт нұрын.
Барша жұрттан сеземін жылылықты,
Сондықтан да мен бүгін бақыттымын!

Қызық думан-өміріміз ғаламат!
Қас қаққанша жаңа қала, жаңа бақ!
Қыруар істің қайсысында болса да,
Құдіретті математика жүр аралап.


Қазақстан-қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы.

Қазақстан-қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, тұрды, өмір сүрді, оның кең жазира жерін ата-бабамыз қасық қаны қалғанша қорғап, ұрпақтан ұрпаққа қалдырып келеді. Ол-біздің ең қасиетті, қадірлі асыл мұармыз!

Арман - алға жетелейтін жарық жұлдыз

Арман - алға жетелейтін жарық жұлдыз, адам адал еңбек етіп, қиындыққа мойымай, қажырлылық танытқанда ғана өз мұратына жетеді, яғни арманы жүзеге асады.

Қайырлы кеш ұстаздар!

Қайырлы кеш ұстаздар! Мен қазір ертеңгі сабақтарыма дайындалып отырмын. Егер сен жұмысқа қуанышпен барып, үйіңе қуанышты қайтсаң, сол бақыттың ең қарапайым формуласы - дейді ғой. Шынында да, мұғалім мамандығы ешқашан оқуға қайда барамын, кім болып жұмыс істеймін деген сұрақ мазаламайды. Себебі мұғалім осы бір мамандыққа ыңғайланады. Мұғалім тек ертеңгі сабағын ғана ойлап оқушының сабаққа деген қызығушылығын қалай арттырсам екен, қандай қылып өткізсем екен деп ойлайды. Сондықтан мен балаларға тәрбие, білім беру арқылы қоғамға қандай да бір пайда әкеле аламын деген нық сенім мені алға...

" Ұстаз беделі дегеніміз - шәкірттерінің көрсеткен сыйы."

Тәлім-тәрбие, ұстаз бен шәкірт, оқыту әдістері туралы


Балаға тәрбиеде қандай бағыт берсек, үлкенге де сондай бағыт-бағдар беріп отыру керек, онсыз үлкен адамдар да қателесіп кетуі ықтимал.

Баланы не бұзатынын білсем, соған амал табар едім, бірақ оның қиындығы барлық талап тілегіне шектеу қоймауында ма деймін?

Адам табиғатындағы ақылсыздықты тек тәрбиенің күшімен ғана ақылға келтіруге болады. Сондықтан тәрбиеге әрқашан бірінші жетекшілікті беру керек.

Бабалар дәстүрінде тәрбиелеудің ең басты белгісі сенім. Осы берік сенім негізінде адамды қалыптастыра аласың.

...

"Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мамандығымды мақтан тұтамын."

Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – жүректің батырлығы.

Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның асылдығы.

Осы төрт қасиет әр ұстаздың бойынан табылуы қажет. Себебі мұғалім қай сабақта болмасын оқушысын еркіндікке баулиды. Сондықтан да ұстаздың міндеті талап пен еңбекті оқушыдан талап ете отырып, білімнің теңізінен маржан тергізу. Оқушы сабағыңнан ешқашан жалықпау керек.

Ұстаз - Қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыратын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға дарын қанатын бітіретін ғажайып...

Ұстаздық ұлы қасиет.

Бала бойында білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін басты тұлға - ұстаз. Адам жанын нұрландырар ұғымының ұлысы – ұстаз. Елбасымыз Н. Назарбаев халқымыздың болашағы туралы тереңнен толғай, «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғи байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар- біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» дегені мәлім. Олай болса, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес биік тұлға.

Ұстаздық ұлы қасиет. Ұстаз – білім нәрімен сусындаған жан. Абай атамыз «сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та, бар қалан» деп айтқандай әр оқушыға білім...

Ұстаз жүрегін жарып шыққан тебіреніске толы шұрайлы шығарма

Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады.

Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен.

Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар емес пе? Иә, ғылым иесі ғалым д...