Инфоурок Сайты учителей Махамбетова Жанаргуль Максутовна Блог Тақырыбы: «Елбасы. Жастар. Жасампаздық».
Махамбетова Жанаргуль Максутовна
4 года назад

Тақырыбы: «Елбасы. Жастар. Жасампаздық».

Мақсаттары:

- Оқушылардың санасында тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа құрмет көрсету, саяси құндылық пен саяси мәдениеттің бір тірегі екенін қалыптастыру;

- бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының ерекше қасиет-қадірін, тұлғалық тұғырын түсіндіру;

-елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын,халқынсүюге,ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттықсезімгетәрбиелеу.

Іс-шаратүрі:ғылыми - практикалық конференция.

Іс-шараныңкөрнекіліктері:

Слайдтар:

  • ҚазақстанРеспубликасыныңПрезидентіН.Ә.Назарбаевпортреттері.
  • Н. Ә. Назарбаевтың түрлі жанрларда түскен суреттері, ЭКСПО, « Мәңгілік ел», сыртқысаясаттақырыбындағысуреттері.
  • буклеттер « Елбасы-сегіз қырлы,бір сырлы»және «1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні»
  • «Балалық шағымның аспаны»» деректі фильм, 2010
  • «Елбасының еңбек жолы» атты көркем фильм, 2013ж
  • «Нұрлыжол-болашаққабастайтын Жол» аттыбейнематериал.
  • ҚазақстанРеспубликасыныңәнұраны «МеніңҚазақстаным»әні: Ш.Қалдаяқов, сөзі:Ж.Нәжімеденов,Н.Назарбаев.
  • «Отаным Қазақстан» аттыәнінебейне роликәні Б.Есебаевтікі, орындайтын Саят Медеуов.

-«Елбасыныңстуденттікшағы»» атты деректі фильм, 2012ж

ТОҚ:интерактивтітақта,слайдтаржазылғандиск,видеокамеражәнефотоаппарат.

Іс – шарабарысы:

I.Жүргізуші-оқытушы: Мұсабай Д.

Армысыздарқадірмендіқонақтар, ұстаздарменшәкірттер!

Бүгінгіөткізіліпотырғанғылыми – практикалықконференциямыздыңтақырыбы «Елбасы. Жастар. Жасампаздық».Сіздерді Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнімен – Елбасы күнімен, Қазақстан халқы тарихи таңдау жасаған күнімен құттықтаймыз. 1 желтоқсан – Тәуелсіз Қазақстан үшін айрықша күн. Осыдан 28 жыл бұрын отандастарымыз тарихи таңдау жасады. Дәл осы күні егемен еліміздің Тұңғыш Президенті сайланды.Жарқын болашаққа деген үміт жалпыхалықтық сенімге ұласты. Бұл қадам нәтижелі болып, ширек ғасыр аралығында Қазақстан әлемнің дамыған мемлекеттерініңқатарынан көрінді. Тұтас дәуірге татитын жылдардағы сындарлы жұмыстар жасампаздықтың жемісі мен жеңісіне айналды. Еліміздегі Президенттік басқару институтының қалыптасуына жол ашқан 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні болып белгіленді. Тәуелсіз еліміздің абыройлы асуларының Елбасы есімімен тығыз байланыста екендігінің бір дәлелі. Елдік дәрежедегі елеулі мерекеге айналған Тұңғыш Президент күні – Тәуелсіз, қуатты мемлекет қалыптастырған Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасын айшықтайтын маңызды мереке ретінде тарих көшіне жалғаса береді.

Қазір мемлекетіміздің ән ұраны шырқалады.

(ҚазақстанРеспубликасыныңМемлекеттікӘнұраныорындалады.)

Қазір «Елін сүйген,елі сүйген Елбасы»туралы11 «А» сыныбының оқушысыАғабекова Жанельбаяндайды.

Өткен ғасырдың соңында Қазақстан сияқты азаттық аңсаған елдерде тәуелсіздіктің таңы атты! 1991 жылы 16 желтоқсанда, Тәуелсіздікті жариялаған күннен бастап, ұлы мемлекеттік істерді жүзеге асыру кезеңі басталды. Сол сәттен Қазақстан Тәуелсіздігін әлем елдері мойындады.Қазақстан Бірікен Ұлттар Ұйымына мүше болып кіріп,біздің жеріміздің,шекарамыздың біртұтастығын мәлімдеді.Туымызды, Елтаңбамызды, Әнұранымызды қабылдап,өзіміздің төл теңгемізді шығарып, ал ел алдында экономикамызды аяғынан тік тұрғызу міндеті тұрды.Бейбіт мақсаттағы әскеріміз бен шекарашыларымыз бар.Тәуелсіздік қазығын нығайту жолындағы сол бір ауқымды істерді ақылмен,көрегендікпен жоғары деңгейде шешу қажеттілігі туды.Қазіргі мемлекеттіміз қоғамға сай, өзге мемлекеттермен терезесі тең,заманауи өнеркәсібі бар,халқының әл-ауқаты жоғары,білімділігі мен мәдениеті қалыптасқан тұрғындары бар, саяси-экономикалық дамуы тұрақты,әлемдік қоғамдастықтың беделді мүшесі бола алатындай мемлекет құру, алға қойған мақсаттарын орындай білу-мәртебелі де салмағы ауыр іс және ол өте жауапкерщілігі жоғары міндет.Сондай аса ауыр да абыройлы жауапкершілікті мойына ала білген адам-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.Н.Ә.Назарбаевтың жылы жүзі,жұртты бірден өзіне баурап алатын қасиеті,сөзден өрмек тоқитын шешендігі, кісілігі мен талғампаздығы, психологиялық байқампаздығы,айналып келгенде,елінің, халқының жалпы түркі әлемнің көк туына айналуына ықпал етті.Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көп қырлы қызметі-жас қазақстандықтар үшін өз Отанына шын беріліп қызмет етудің және оның мүдделеріне беріктіктің,шынайы отансүйгіштіктің жарқын үлгісі.Біздің алдымызда үлгі-өнеге аларлық тұлғамыз бар.Президенттің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында біздің қөкейіміздегі үміттеріміз бен ұмтылыстарымыз нақты көрініс тапқан.

(интерактивтітақтада «Балалықшағымныңаспаны» аттыдеректі филъмкөрсетіледі).

I. Жүргізуші-оқытушы: Мұсабай Д.

«Астананы асқақтатқан Нұрсұлтан» туралы 10 «ә» сыныбының оқушысы Қасымхан Айгерім баяндайды.

Армысыздар, қадірменді қонақтар мен қатысушылар!

Бас қаламыздың қалыптасуы және Еуразияның маңызды даму орталықтарының қатарына қосылуы – баршамыздың ортақ мақтанышымыз. Астананың 21 жылдық қалыптасу және қарышты даму кезеңі хақындағы ой-толғанысымызды ортаға салмақпыз.

Иә, қазақ ұлтының ұлы тұғыры, Алаш жұртының асқақ айбары – ару Нұрсұлтанға 21 жыл! Тарих үшін қас-қағым сәт. Бірақ мынау өзгерістер өлшемі көз ілеспес жылдамдықпен жарысқан бүгінгі кезең үшін аз уақыт та емес сияқты. Қалай болғанда да, осы уақыт өлшемінің ішінде Қазақстан халқының ерен еңбегінің нәтижесінде әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарастырып, көркімен де, көлемімен де бой таластыра алатын қазақ жұртының жас та бас қаласы қалыптасты. Осыдан тура 24 жыл бұрын астананы ауыстыру идеясы алғаш жария етілгенде, бұл тым «ұшқары» пікірдің қаптаған қарсыластары түгіл, ат төбеліндей жақтастары да айналасы 20 жылдың ішінде ел кіндігі – Арқа төсінде осындай заманауи мегаполис бой көтереді деп ойламаған еді.

Нұрсұлтан – Қазақстан тәуелсіздігінің тұғыры. Еліміздің елордасы Ақмолаға қоныс аударғаннан бергі өткен 20 жыл мемлекетіміздің қауіпсіздігін, геосаяси еркіндігін, территориясының мызғымастай беріктігін, ел экономикасының қарқынды даму стратегиясын қамтамасыз еткен тәуелсіз Қазақстан тарихындағы бетбұрыс кезең болып табылады. Жиырмабір жыл ішінде Нұрсұлтанда Қазақстанның шынайы тәуелсіздігі мен егемендігін паш еткен мемлекеттік орталық болып танылды. Болашақта да елдіктің ерен елордасы – Астанада ғасырлар бойы Қазақстан халқының азат ойы мен мүдделері, асқақ арманы мен мақсаттары іс жүзіне асырыла беретін болады.

Бүгінде Нұрсұлтан халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды. Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері, Астана экономикалық форумы және өзге де маңызды халықаралық оқиғалар тұрақты түрде өтіп келеді..

Назарларыңызға рахмет!

(интерактивті тақтада Астана қаласының суреттері менслайдтаркөрсетіледі).

I.Жүргізуші-оқытушы: Мұсабай Д.

Қазір«Семей полигоны:70 жыл:» туралы11 «А» сыныбыныңоқушысы Абсет Ақниет баяндайды.

Бұрнағы күні біз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халықаралық аренадағы ел мерейін биіктеткен аса мәртебелі жеңісіне куә болдық.

Біріншіден, Елбасымыз халқымызға жылдар бойы ажал сеуіп, қисапсыз қайғы-қасірет әкелген Семей полигонын жапты. Бүгінде бүкіл дүниежүзі Біріккен Ұлттар Ұйымы шешімімен Қазақстан Президентінің полигонды жабу туралы Жарлыққа қол қойған 1991 жылдың 29 тамызын ресми түрде Ядролық қарудан бас тартудың халықаралық күні ретінде атап өтеді.

Екіншіден, Елбасымыз өз еркімен әлемдегі қуаты жағынан төртінші болып келетін ядролық қарудан бас тарту арқылы дүниежүзіндегі тұңғыш әрі жеке-дара Президент ретінде тарихқа енді.

Үшіншіден, Елбасымыз Қазақстанды ядролық қарусыз аймақ ретінде жариялап, әлемдегі ең қуатты бес ядролық мемлекеттердің еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін кепілдігіне ие болды. Кейін Ол бүкіл Орталық Азияға да дәл осындай кепілдік әперді.

Төртіншіден, Елбасымыз «АТОМ» жаһандық жобасын жасау арқылы ХХІ ғасырдағы ядро­лық қаруға қарсы халықаралық қозға­лыстың көшбасшысы атанды. Қазақстан Президентінің әлем халықтарына жолданған ядро­лық қарудан бас тарту туралы үндеуіне бүгінде жүздеген мың адам қолдау көрсетуде. Сол себепті, Вашингтонда өтетін ядролық қауіпсіздікке арналған халықаралық саммиттерді ашу құрметі үнемі біздің Елбасымызға бұйырады.

Әлем таныған Елбасымыздың биік беделі – еліміздің де үлкен мерейі әрі мәртебесі.

Қуаныш құтты болсын, ағайын!

I. Жүргізуші-оқытушы: Мұсабай Д. «» сыныбының оқушысы «Сарыарқа» атты күйін қабыл алыңыздар

I. Жүргізуші-оқытушы: Мұсабай Д.

10 «а»сыныбының оқушысы Зұлыпхар Диана баяндаманың тақырыбы «Ұлттың тарихтың ұлықталғаны – Елбасының ұлы мұраты»

Армысыздар! Ұлағатты ұстаздар

Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Дала өркениетінің жеті бірегей тарихи жетістігін атап берді. Олар адамзаттың дамуына әсер еткен көшіп жүру мен ұрыс жүргізу тәсілінен бастап гүл және алма өсіруге дейінгі аспектілерді қамтиды. Алғашқысы адамның жылқы үйретіп, оған мінуі. Екіншісі – Ұлы Даланың ежелгі металлургиясы, яғни жоғары технологиялық білімді қолдануы. Үшіншісі – аң стилі. Табиғат пен қоршаған ортаның даналық үйлесімдігінің философиясы тасқа қашалған ежелгі петроглифтерде көрініс табады. Төртіншісі – Алтын адамның мүсіні, сақ мәдениетінің бай мұрасын, дала тұрғындарының дүниетанымын бейнелейді. Бесіншісі – замануи Қазақстанның жері түркі әлемінің бесігі екендігі ғылыми дәлелденгені туралы. Алтыншысы – Еуразия халқының өмір сүруі мен дамуына орасан зор әлеуметтік-мәдени әсерін тигізген Ұлы жібек жолы. Жетіншісі – бұл да ғылыми дәлелденген, Қазақстанның таулы аймақтары алма мен қызғалдақтың отаны.

Елбасы мақаласын: «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» деп тұжырымдайды.

Елбасы мақаласында айтылғандай, «бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұлан-ғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткен». Қыран ұшса қанаты талатын, құлан жортса тұяғы тозатын шексіз кеңістікте ғұмыр кешкен баһадүр бабалар тоқпақ жалды тарпаңды ерттеп мініп, арғымақтың тұяғы жеткен жерге иелік еткен, адамзат тарихында ірі бетбұрыстар жасап, Ұлы дала өркениетін қалыптастырған. «Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан жерде» пайда болып, дәуір дауылдарына шыдас берген алып емендей тамырын тереңге тартқан, ежелгі Мысыр, Қытай, Иран, Үндістан, Рим секілді іргелі елдермен қарым-қатынас орнатып, оларға балама өркениет құрған Түркі әлемі Шығыс пен Батыстың, түстік пен теріскейдің арасын жалғаған Ұлы Жібек жолы арқылы әлемдік сауданың күретамырына, дүниежүзілік дипломатияның дәнекеріне айналған. Сондықтан ғалымдар көне көшпелілерді «жаулаушы ғана емес, өркениетті жасаушы һәм оны жалғаушы ұлт» ретінде бағалауда.

Байқал мен Балқанның, Алтай мен Анадолының, Моңғолия мен Мажарстанның арасындағы Ұлы далада байырғы бабалардың өнегелі ізі мен өміршең сөзі сайрап жатыр. Оның үстіне әлем бізді түркі жұртының алтын бесік – қара шаңырағы, Қазақстан Президентін де түркі жұртының көшбасшысы деп танитыны белгілі. Сондықтан «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы болашақта ұлттық коды мен түпкі тарихы бір, тағдыры мен тамыры ұқсас, мақсаты мен мүддесі бір бауырлас халықтар арасын жақындастыратын, ағайын арасына алтын арқау болатын іргелі жобаға айналады деп сенеміз. Алаштың ақ парағына жазылған Елбасы мақаласы түркі жұртының рухани ұстыны, адастырмас темір­қазығы, Ұлы Даланың Ренессансы болары анық!

( интерактивтітақтаданҰлы даланың жеті қырытуралысуреттеркөрсетіледі).

I. Жүргізуші-оқытушы: Мұсабай Д.

11 «А» сыныбының оқушысы Берекешева Ақерке баяндаманың тақырыбы

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жастар қолдайды

2017 жылы 12 сәуірде Тұңғыш Президент «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» деген бағдарламалық мақаласын қазақстандықтарға ұсына отырып, елдегі қоғамдық сананы жаңғырту мәселесін егжей-тегжейлі баяндаған болатын. Міне, бүгінде «Рухани жаңғыруға» 3 жыл толып отыр. Ұлттық деңгейдегі ауқымды жоба жыл сайын маңыздылығын жоғалтпай келеді. Себебі бұл жобаның қарқынды дамуына үлкен-кіші, жас-кәрі демей барша қазақстандықтар ат салысуда.

Тұңғыш Президенттің барлық салаға көңіл бөліп, назар аударуы – жобаның басты ерекшелігі. Сонымен қатар, ұлттық идеяны негізге ала отырып, ұлттық құндылығымызды, мәдениет пен салт-дәстүрді заман ағымына сай дәріптеу арқылы халықтың санасын ояту арқылы алға жылжу. Жалпы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі»,«Жаңа гуманитарлық білім», «Туған жер»,«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандағы қазақстандық мәдениет», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» атты алты жобаны қамтиды. Бұл жобалар бойынша еліміздің барлық өңірі белсене жұмыс істеп жатыр. Тұңғыш Президент Қазақстанның жаңа кезеңге аяқ басқанын және еліміздің үшінші жаңғыруы басталғанын айтқан болатын. Осы орайда, саяси рефоорма мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылуды мақсат еттік. Елбасымыздың алға тартқан басты миссиясына мемлекет те, халық та кішкентай қадамдармен әрекет етуде.

Қазіргі таңда Елбасының бұл бастамасын жастар барынша дәріптеп жүр. Президенттің бастамасына негіз бола отырып, жас буынға жаңа дем, жаңа рух беруді көздейді. Елімізде сертіне адал, халқының қамын ойлап, бой түзеп, өсіп келе жатқан буындар өте көп. XXI ғасырды еркін, санасы ашық, өз ойы мен пікірі, алдында үлкен мақсаты бар азаматтар мен азаматшалар қалыптастырып жатыр деп айтуға болады. Елбасы «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, аштық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – табыстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсеткіштерінің бірі деп те айтқан болатын. Сонымен қатар жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне жастар дайын болуы керектігін алға тартты.

Иә, кешегі Мағжан атамыз сенген жастар бүгінде дұрыс бағытты ұстанып, елдің болашағы үшін тынымсыз әрекет етуде. Әрине, белсенді жастардың көп болуы баршамызды қуантады. Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев айтып жүрген тіл мәселесіне деген жастардың ынтасы мен талабы да жоғары. Қазіргі таңда шет тілдерін үйрететін білім беру орталықтары мен оған баратын жастардың қарасы да көп.Бұл өте қуантарлық жағдай. Себебі Тұңғыш Президент пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзі қалыс қалып жатқан жоқ.

(интерактивтітақтада Рухани жаңғыру» байланысты слайдтаркөрсетіледі).

I. Жүргізуші-оқытушы: Мұсабай Д.

«Мы выбрали собственный путь»атты баяндаманы баяндайтын 10 «а»сыныбының оқушысы Бегилдаева Аружан

День Первого Президента Республики Казахстан вошел в наши историю как Единства всенародного выбора казахстанцев.Формирование нашего независимого государство, его прогрессивное развитие,достижения в сфере внутренней и внешней политики напрямую связаны с именем Первого Президента.

Глава государства, взяв на себя историческую ответственность,обозначил основные вехи развитие суверенной республики,порявив завидную дальноозоркость и мудрость первого руководителя.

Безусловно, успехи современного Казахстана тесно связаны с именем Первого Президента Нурсултана Абишевича Назарбаева, его политической волей, мудрой прозорливостью, огромным желанием сделать Казахстан экономически сильным, демократическим государством.

День Независимости для казахстанского народа стал днем признания выдающихся заслуг и достижений Первого Президента РК – Лидера нации Нурсултана Абишевича Назарбаева, который стал основателем нового независимого государства и обеспечил единство нашей страны, защиту Конституции, прав и свобод человека и гражданина.

Как сказал Нурсултан Абишевич Назарбаев: «Независимость дала нам возможность смело смотреть в будущее, ясно видеть наши грядущие перспективы».

Мы, народ Казахстана, счастливый народ. Должен сказать без преувеличения, для нас стало великой исторической удачей, что в потоке бурного времени перемен нашей страной руководит Лидер мирового масштаба, сумевший сберечь и укрепить нашу Независимость, сохранить землю своих предков и приумножить богатство страны.

Сегодня каждый казахстанец должен глубоко осмыслить высочайшую историческую роль Первого Президента Нурсултана Абишевича Назарбаева и его бесценный вклад в становление суверенного Казахстана. В годы становления Независимости Глава молодого государства взял на себя ответственность за будущее страны. В сложных политических условияхначала 90-х годов, на стыке веков и тысячелетий он своим титаническимтрудом заложил надежный фундаменти по крупицам выстроил мощное государство, которое заняло достойное место на политической карте мира.

Дорогие ученики! Поздравляю с Днем Первого Президента, желаю всем крепкого здоровья, семейного благополучия, счастья! Пуст процветает наш область, наш народ, наш Казахстан!

(интерактивтітақтада «Елбасыныңеңбек жолы»деректі филъмкөрсетіледі).

I.Жүргізуші-оқытушы: Мұсабай Д.10 «А» сыныбының оқушысыЕрман Камилатақырыбы

I.Жүргізуші-оқытушы: Мұсабай Д.

Келесі кезекте «Жастарды жаңа белестерге бастайды»11 «Ә» сыныбының оқушысы Ешмұратова Елдана баяндайды.

2019 жылды "Жастар жылы" деген Елбасымыздың ұсынысына өз көзқарасымды білдіре кетсем.

«Қазақтың жайнар даласы, жетілер оқып баласы»,-демекші жастардың алаңсыз білім алып, еңбек етіп жатқаны ата-бабаларымыздың бірнеше ғасырлар бойы аңсап өткен тәуелсіздіктің арқасы екенін ешқашан да ұмытпаймыз.

Тәуелсіздіктің тірегі бұл, әрине, жастар. Жастар елі мен жерін сүйсе ғана, халқына жаны ашып, аянбай тер төксе, еліміздің дамуына үлес қосса – мәңгілік ел боламыз. Ол үшін біз ұлттық құндылықтарымызды дәріптей білуіміз керек. Оны жаңғыртып, жанымыздай жақсы көруіміз, сүюіміз керек. Сонда ғана біз ұлттық ерекшелігімізді сақтай аламыз.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында «Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек» деді. Келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынды.Жастарды қолдауға, жастарға жағдай жасауға құлықты болсақ, қандай мәселелерге мән берілуі керек? Бізді осындай сұрақтар қызықтыратыны рас.Алдымен "Жас" деген сөздің дефенициясына тоқталсақ.Яғни, жолдаудағы "Жас" деген ұғым ол адамның физиологиялық жасын емес, жаңа формациямен ойлана алатын, соны жұмысында қолдана алатын адамдарды меңзейді деп санаймын. Бұдан шығатын қорытынды "Жастар жылы" бұл - санамыз бен миымыздың жасаруы, жаңашыл ойлана алатын, дамыған қоғамға икемделе алатын, адаптивті және мобилді адамдардың жылы. Енді "заманауи жас" деген ұғымға сипаттама бере кетсем. ХХІ ғасыр - жаһандану мен ІТ технологиялар дәуірі екенін білеміз. Осы жағдайды ескерсек, қазіргі жастардың қандай болу керектігін айта аламыз.

Өйткені біз ақпараттық-технологияларды игерген, жаңа заманмен тете өскен жастармыз. Біздің үлкен мүмкіндіктеріміз бар деуімнің де өзіндік себептері болып тұр.

Әр секунд сайын біздер жаңа ақпараттар, яки мол білімдерді санаға сіңіріп отырамыз. Осы шақ жақсы жетістіктерге жетуге мүмкіндік мол кез. Дегенмен де жастарымыз нарықтағы қызып тұрған бәсекелестікке де даяр болуы қажет. Жастар қай кезде де білімдерін, дағдыларын жетілдіріп отырулары керек. Олар бірнеше тілді игеріп, музыкалық аспаптарда да ойнап, спортпен де шұғылданып, волонтерлық кәсіппен айналысуға да уақыт таба білсе нұр үстіне нұр болар еді. Мұның барлығын меңгеру үшін әрине ең бірінші еңбекқорлық, ізденімпаздық, жауаптылық сынды қасиеттер рөл атқарады.

Жастарға жігер берудегі ең бастысы қағида - алға үлкен мақсат қою. Сондай-ақ, армандау керек. Алдыңа айқын мақсат қойып, ешқандай кедергілерден қорықпау да маңызды. Қателесуден қорықпаған жөн.

«Бағалай білгенге бақ тұрақтайды,қадірлей білгенге құт тұрақтайды», дейді дана халқымыз. Мың алғыс, Сізге ,Елбасы!

Ықыласты тыңдағандарыңызға рахмет)

(Экранда Н.Назарбаевтың жастармен түскен суреттері көрсетіледі)

(

I.Жүргізуші-оқытушы: Мұсабай Д.

11 «А» сыныбының оқушысы Дүйсенбек Бейбарыс Менің баяндамамтақырыбы «Ұлы Дала елі – келісім мен татулықтың мекені.»

Бейбітшілікте, есендікте өмір суруге ұмтылу – қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі екені сөзсіз. Тәуелсіздікке қол жеткен тұстан бері де бұл қасиеттерден айнымаған халқымыз ел егемендігіне де үлесін қосып келеді. Бүгінде азат ел атанған, өзін әлемге бейбітсүйерлігімен мойындата білген Қазақстан жаһандық татулықты сақтау мен нығайту ісіне атсалысуда.Елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықты нығайту ісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбевтың бастамасымен құрылып, бүгінде конституциялық мәртебеге ие болып,елдің ішкі саясатына теңдессіз рөл атқарып отырған Қазақстан халқы Ассамблеясы екені даусыз.

1995 жылы 1 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.

Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.

Бүгінде Қазақстан – бірлігі жарасқан, мейманасы тасқан, атағы әлемге асқан мемлекет. Жүз отыз ұлт баласы қазақ шаңырағының астында жиналып, дүрдараз болмай, дүрлікпей, бір үйдің баласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Татулық, бірлік, береке, ынтымақ әр елде бола бермейді. Оны әлемнің әр тарапынан ақпарат жеткізіп отырған көк сандықтан көріп отырмыз. Қазақ елі осындай игіліктерге толы жұрт. Кей кездері бір әулеттің балалары сөзге келіп, біріне-бірі өкпе артып жатады. Діні бөлек, ділі басқа халықтарды бір мемлекетте ұйытып отырудың өзі үлкен күш. Бір-бірімен тіл табыстырып, алакөз қылмай, достықты сақтап қалу үшін қазақ билігі талай ауқымды шараларды, беделді бастамаларды қолға алды. Осынау көп ұлтты тұрғындардың «Қазақстан» атты бір шаңырақ астына топтасуы ұлт Көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сұңғыла саясаткерлігі һәм тәуелсіз елімізді әлемдегі дамыған, өркениетті елдердің қатарына қосу жолындағы сындарлы қадамдары жағдайында мүмкін болып отыр.

I. Жүргізуші-оқытушы: Мұсабай Д.

Қортынды.

Тәуелсіздігімізге 28 жыл ғана болғанымен, біз, қазақ, тарихы тереңнен тартатын байырғы халықпыз! Ұлы даланың лайықты ұрпағымыз! Ата –бабаларымыздың «Алтын адам» болғанын ардақ тұтуға тиіспіз!Тарихи тамыры тереңде, мәдениеттің мәйегі, өркениеттің құт мекені болған, Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейін көсіліп жатқан кең өлкені жайлаған, мыңғыртып мал айдаған, мәрттігі мен уәдесінен таймаған, алты Алаш ханын сайлаған, шаршы топқа түскенде, шешен болып сайраған, қылышын тасқа қайраған, найзасын үкі байлаған ұлы бабалардың ұрпағы болғаны бақыт екенін ұмытпағанымыз абзал.

Амандық болса,бұл ғасыр қазақтың алдына қара салмайтын «Алтын ғасыры» болады.

Ұлылығын емес,ұлтын ойлайтын,руын емес,рухын ойлайтын Қазақ елінің әрбір азаматы өз мойнына ел үшін жауапкершілік алатын заман. Өткенге – бабаларымыз,бүгінгі – біз, келешекке – жастар жауапты екендігін естен шығармайық!

Осынау мерекелі күні барлық шымкенттіктерге мықты денсаулық, отбасылық бақ-береке, ынтымақ пен мейірім тілеймін.

Бізді біріктіретін бір Отан, бір тағдыр және бір Көшбасшы!

Алдымыздағы ұлан асуға – Тәуелсіздігіміздің жиырма сегізжылдық торқалы тойына жарқын жүзбен, көтеріңкі көңілмен жетейік. Қазақстан Тәуелсіздігі жасасын! Мерекеқұттыболсын! – депаяқтайотырып,сөзкезегі --------беріледі.

(интерактивтітақтадан «Кешую тобы» «Туған жер» атты әнібейне ролик көрсетіледі.)

Поделиться:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.