Мен математика және информатика пәнінің мұғалімі. 17 жыл еңбек өтілім және І санатым бар. 9 "Ә" сынып жетекшісімін.
Үш балам бар.
Мақсатым оқушыларға жаңа технологияларды пайдалана отырып білім беру және алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету. Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын
қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын
анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет
Білім беруде ақпараттық технология құралдарын қолданып сабақ өтудің мақсаты мен міндеті мақсаты: Интерактивті сабақтарды өткізу барысында АСTIV тақтаны қолдануға негізделген ActivInspire программалық құрылғыны қолдана білуге үйрету; Интерактивті тақтаны қолданудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін көрсетудің қолданбалы бағытын игерту; Интерактивті тақта әр түрлі бағытта оқытуды және сабақ беруді өзгертуі мүмкін. Олар сабақтан тыс, уақытты жоспарлауға, сондай-ақ сабаққа дайындалуға, оқушылардың зейінін аударуға және ынталандыруға, ақпараттарды көрсетуге, уақытты тиімді пайдалануға өте қолайлы.