Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
6 дней назад

Максимова Анаргүл Ыстыбайқызы

Қазақ тілі мен Әдебиет пәні мұғалімі

Казахстан Үстірт орта мектебі

Материалов: 6 Просмотров: 1906 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Русский язык и литература
Инфоурок / Сайты учителей / Максимова Анаргүл Ыстыбайқызы

Дулат Бабатайұлы (1802, Шығыс Қазақстан облысыАягөз ауданы Сандықтас қонысы — 1874, сонда) — көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген. Орта жүз құрамындағы найман тайпасынан шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Кейбір өлеңдері Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет “Өсиетнама” деген атпен жеке кітап болып жарық көрген. Жинаққа ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. Ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда “XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары” (Қазақ КСР ұылым академиясының баспасы, А., 1962) деген жинақта, кейін “Үш ғасыр жырлайды” (Революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары. А., 1965) жинағында басылып шықты. Ал, “Еспембет” поэмасы алғаш рет 1957 жылы “Жұлдыз” журналының 5-нөмірінде жарияланды. Дулат шығармаларын барынша зерттеп, жинап баспаға әзірлеген Қ.Өмірәлиев болды. Ақынның жеке жыр жинағы “Замана сазы” деген атпен 1991 жылы жарық көрді. Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны — 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Ақын “Тегімді менің сұрасаң”, “О, Сарыарқа, Сарыарқа”, “Асқар таудың сәні жоқ”, т.б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан “Сүлейменге”, “Бараққа”, “Кеңесбайға”, т.б. арнау өлеңдерінде қазақ жерінің отарлануын, ел билеушілердің отаршыл саясаттың шылауында кетуін “Сауыр жерден айрылып, Қазақ елі жұқарды..., Орыстың көрсе ұлығын, Қыздан дағы қылықты..., Майырдың алса бұйрығын, Борбайға қысып құйрығын, Ел пысығы жортады”, — деп, кекті де отты жыр жолдарына айналдырған. Д-тың ақындық өнері, негізінен, 19 ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасты. Осы кезеңнің өмір шындығы Дулат шығармаларына арқау боп өрілді. Қазақ даласындағы дәстүрлі хандық басқару жүйесін жою саясатын орнықтырған Ресей империясының 1822 — 1824 жылдары шығарған Қазақ даласын басқару жөніндегі ережелеріне қарсылық Дулат шығармаларының тақырыптық, стильдік, жанрлық ерекшелігін айқындады. Дулаттың уытты, шыншыл сөздерінің кімдерге арналғанын оның: “Халыққа емес сыйымды, Парақор баспақ биіңді, Ел бүлдіргіш бегіңді, Улы тілмен улаттым”, — деген өлең жолдары көрсетіп тұр. Туған халқының екі жақты езгіге түсіп, көз жасының көл боп ағуы, қайғысы мен мұңы ақынның жан сыры ретінде жыр болып төгілді. Дулаттың образ жасау, өлең өрнегін жетілдіру, замана сазына қарай ақындық өнерде жанрлық, стильдік, сонылық таныту ерекшелігі кейін Абай шығармаларында дамытылып, жалғастық тапқан. Дулат ендірген қазақ өлеңі құрылысындағы жаңалықты, яғни “а а а б” түріндегі желілі ұйқасты Абай ақындық дәстүр ретінде қабылдап, “Келдік талай жерге енді” өлеңінде одан әрі дамытты. 19 ғасырдың 1-жартысында ертеректе туған батырлық және лиро-эпос жырлары сияқты фольклорлық туындылар немесе тарихи жырлар болмаса, қазақ топырағында көне тақырыпты алып, ойдан сюжет құрып, поэма жанры үлгісінде шығарма жазу дәстүрге енбеген еді. Дулат өзінің “елге қорған ер туса” деген идеясын халыққа жеткізу үшін, қазақ-қалмақ соғысы тұсындағы сюжетті алып, “Еспембет” поэмасын жазған. “Еспембет” жанрлық ерекшелігі жағынан батырлық эпосқа жақын. Елдік, елдің батыр ұлдары туралы идея “Еспембеттей ер қайда?, Ер күтетін ел қайда”, — деп басталатын ірі туындыда айқын көрініс тапқан. Дулаттың бұдан басқа “Шаштараз”, “Тымсал өлең” атты ірі шығармалары бар. М.Әуезов Дулатты ғылыми зерттеулерінде, “Абай” романында жоғары бағалайды. 1947 жылғы ҚКП ОК-нің әдебиет, өнер жөніндегі қаулысындағы Дулатты діншіл, хандық дәуірді, ескілікті аңсаушы кертартпа ақын деген теріс бағадан кейін, 1959 жылы өткен қазақ әдебиетінің негізгі проблемаларына арналған ғылыми конференцияның ұсыныстарында Дулат жөнінде “... творчествосын орта мектепте оқыту қажетсіз деп саналсын”, — деген саяси қорытынды берілді. Сол себепті “Абай” романында өз атымен берілген Дулат “Абай жолында” Барлас атанып кете берді. Әйтсе де, Дулат шығармалары хрестоматиялық оқулықтарда, кейбір жинақтарда жарияланып келді. Дулат мұрасы қазақ әдебиеті тарихында әр қилы таным тұрғысынан бағаланып, 1940 — 1950 жылдары қызу пікірталас нысанына айналды. Дулат мұрасы жөніндегі ғылыми таным мен дұрыс баға талантты ғалым Қ.Өмірәлиевтің“Қазақ поэзиясының жанры мен стилі” деп аталатын көлемді ғылым монографиясының басылым көруіне байланысты тұрақтана бастады.[1]

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • 6 материалов
БЛУМ ТАКСОНОМИЯ БОЙЫНША СҰРАҚТАР ДАЙЫНДАУ

Русский язык и литература
Презентации 09.02.2016 Просмотров: 334 Комментариев: 0

БЛУМ ТАКСОНОМИЯ БОЙЫНША СҰРАҚТАР ДАЙЫНДАУ Кез келген ертегіні алып, Блум таксономиясы бойынша 6-деңгейді қолданып, мәтін бойынша сұрақтар қоя білу (білу, түсіну, қолдану, анализ, жинақтау, бағалау - «Шалқан» ертегісі бойынша). Бұл әдістің басты мақсаты – берілген мәтін бойынша нақты сұрақтарды қою, проблемаларды анықтау, дұрыс шешім жолдарын табу. 1-тапсырма. Білу- ертегі бойынша сұрақтар құрастыру ( мысалы, Кім? Не? сұрақтары қолданып: Шалқанды кім екті? Ертегіде бас кейіпкер кім?) 2-тапсыр...

Поэзия падишасы мәңгі есімізде...

Русский язык и литература
Презентации 09.02.2016 Просмотров: 55 Комментариев: 0

Поэзия падишасы мәңгі есімізде... Қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосып, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген ақын әр оқырманға жақын,әр оқырманмен сырлас болды. Жауһар жырларымен талайдың жанарындағы жасты кептіріп, жаныңа ем, жүрегіне шипа болған ақын жырлары мәңгілік жадымызда қала бермек.Қазақтың қарымды қаламгері,ақиық ақын қызы Фариза- бүгінгі заманның Махамбеті.Жастайынан қазақ поэзиясы мен қазақ әдебиетіне жаңа бет алып келген ақын қатарластарын ғана емес, қазақ және шетел оқырмандарының ...

Аруана бауыр – дүние

Русский язык и литература
Презентации 09.02.2016 Просмотров: 252 Комментариев: 0

Т. Айбергенов «Аруана бауыр – дүние» Сабақтың мақсаты: 1.Өмірден ертекеткенталанттыақын Т. Айбергеновтың «Аруанабауыр – дүние» өлеңіноқытаотырып, өлеңніңайтаройынашу, талдау. 2.Оқушылардың сөз байлығын, сөздікқорынбайыту, әдебишығармаидеясынтаныту, өзойынауызша да, жазбаша да жеткізебілуге баулу. 3. Оқушылардыңтуғанжерге, отанғадегенсүйіспеншілігінарттыру. Сабақтың түрі: жаңа сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, шығармашылықжұмыс, салыстыру. Көрнекілігі: Ақынсуреті, буклет, кітап...

Сыныпта топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары

Музыка
Презентации 18.01.2016 Просмотров: 212 Комментариев: 0

Тақырыбы: Сыныпта топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары Мақсаты :Топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы ынтымақтаса жұмыс істеу ережесін құру.Мәселелерді бірлесіп шешуге ,идеялармен алмасуға және қорғауға үйрету.Шағын топтағы жұмыс моделін құру. Музыка сабағы 3 сынып Тақырыбы: «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі Мақсаты: «Отырар сазы» оркестріндегі аспаптармен танысу. Н.Тілендиев еңбегімен танысу,еңбегіне үлкен құрметпен қарауға тәрбиелеу. Сабақ барысы: (Оқушылар сыныпқа Н.Тілендиевтің ...

Қасым Аманжолов «Өзім туралы» ән -өлеңі

Русский язык и литература
Презентации 18.01.2016 Просмотров: 957 Комментариев: 0

Күні: 26.02.15жыл Пәні: әдебиет Сыныбы: 7 «Г»- сыныбы Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Өзім туралы» ән -өлеңі Сабақтың мақсаты: Білімділік: Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру, ақынның өзіндік мұратын таныту,өлеңнің идеясы мен тақырыбын ашу Дамытушылық: оқушылардың ой - өрістерін, сөйлеу мәдениетін, әдеби тіл байлығын арттыру, СТО технологиялары арқылы өз бетімен жұмысқа, шығармашылық жұмысқа дағдыландыру. Тәрбиелік: Отанды, туған жерді сүюге, қастерлеу...

Әбіш аға жан едің-елге дана

Русский язык и литература
Презентации 18.01.2016 Просмотров: 102 Комментариев: 0

Әбіш аға жан едің-елге дана (арнау ) Әбіш аға жан едің-елге дана, Қазақтың ішіндегі болған дара. Ақын едің еліңнің мақтанышы Мен үшін алып тұлға Әбіш аға . Естігенде ауыр сөзді дүниеден өтті деген. Абыз аға , Әбіш аға мәңгілікке кетті деген. Шөлейт жерде жалғыз қалған ағаштай , Болып қалдық , төбемізден суық суды құйғандай. Жүрегім жылап отыр өлең жазып, Өлеңіңмен сөздеріңді еске алып. Жұма күні сізден де айырылдық , Өтіп жатыр күндер де сырғып ағып. Ажал айтып келмейді деймін сірә Жұмақтан ...


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх