Инфоурок Сайты учителей Малбагарова Айгуль Сыдыковна Блог математика Биік. Аласа. тең Абылкайрова Пания Сейтовна дайарлық тобы
Малбагарова Айгуль Сыдыковна
7 лет назад

математика Биік. Аласа. тең Абылкайрова Пания Сейтовна дайарлық тобы

Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы Тақырыптар 1. Биік. Аласа. Кең. Тар. Үлкен. Кіші. Ұзын. Қысқа 2. Жуан. Жіңішке. Қалың. Жұқа. Жалпақ. Жіңішке 3. Жүк машинасы 4. Бауырсақ ертегісі 5. Балабақша мен мектеп Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру Тақырыбы: Биік. Аласа. Кең. Тар. Үлкен. Кіші. Ұзын. Қысқа Мақсат - міндеттері: Балаларды заттар мен шамаларды салыстыра білуге үйрету. Биік - аласа, кең - тар, үлкен - кіші, ұзын - қысқа ұғымдарымен таныстыру. Ұғымдардың мағынасын түсініп, бір - бірінен ажыратуға баулу. Ойын - тілін, танымдық әрекетін дамытып, баланы өзін қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Құралдар: әліппе - дәптер, салыстыруға арналған құралдар Мұғалімнің іс - әрекеті Ұйымдастыру Балалардың назарын сабаққа аудару. а) Балаларды қарапайым математикалық түсінік беру пәнімен таныстыру; ә) Пәнді оқытудың мақсаты — міндеттерін ұғындыру. Негізгі а) Жаңа материалды түсіндірмес бұрын сынып бөлмесінен, он дағы заттарды таныстырып, салыстыру жұмыстары жүргізіледі. Сыныптың бөлмесі қандай? (Кең). Терезелері қандай? (Үлкен). Мектептің дәлізі қандай? (Кең, ұзын). Мектеп үйі ше? (Биік, үлкен), т. с. с. ә) Оқулықпен жұмыс. 1. Бала оқулықтағы екі үйді салыстырады. Мұғалім не тәрбиешінің сұрақтары арқылы екі үйдің айырмашылықтары айтылады. Екі үйдің біреуі биік әрі үлкен, екіншісі аласа, әрі кіші екендігін; үлкен үйдің бөлмелері кең, кіші үйдің бөлмелері тар, дәліздері де ұзын, бірінікі қысқа болуы мүмкін екендігі анықталады. Үйдің төңірегіндегі ағаштардың көлемі, биіктігі салыстырылады. Шыршалардың биіктігі бірдей немесе олардың біреуі екіншісінен биігірек, болмаса аласа т. б. 2. Оқулық дәптердегі суретте көлік жүретін үлкен көше мен тротуардың ені, ұзындығы қарастырылды. Көше кең. Тротуар тар. 3. Екі оқушы баланың бойы мен жасы салыстырылады. Олардың бірі — үлкен, екіншісі — кіші. Үлкенінің бойы — кішісінен (немесе інісінен) биік, інісінің бойы — аласа. Ағасының киімі інісіне кең, інісінікі ағасына тар болатынын сұрақ - жауап арқылы анықтау қажет. Ағасы — үлкен доппен, інісі кіші доппен ойнайды. Үлкен доп — футбол, волейбол, баскетбол ойнау үшін қажеттігі айтылады. Доптар бір - бірінен үлкенірек, кішірек болатыны, жасалған материалына қарай қатты, жұмсақтығы анықталады. Сондай - ақ, киімдердің ұзын - қысқалығы, кең - тарлығы, үлкен - кішілігі айтылады. Қылқалам қарындаштардың ұзындықтары салыстырып ажыратылады. б) Ойындар. Бұл сабақта "Өз үйіңді тап", "Үй тұрғызайық", "Сипаттамасы бойынша тап" деген дидактикалық ойындар ойнау ұсынылады. в) Дәптермен жұмыс. Өтілген ұғымдарға сәйкес оқулық дәптерде берілген тапсырмалар орындалады.

Оқу іс-әрекеті

Оқу іс-әрекетінің тақырыбы

Білім беру саласы

Сағат

Мерзімі

Дүйсенбі

Тіл дамыту

Матем

Сурет

Орыс тілі

Д/тәрбие

Жолда жүру/вар.

Білім еліне саяхат.

Заттың қасиеттері.(үлкен-кіші,ұзын-қысқа).

Түстер әлемі.

Мой любимый детский сад.

Аяққа арналған жаттығулар.

Жолдан өтерде абайла!

Қатынас

Таным

Шығармаш.

Қатынас

Денсаулық

1

1

1

1

1

1

01.09

01.09

01.09

01.09

01.09

01.09

Сейсенбі

Сауат ашу

Мүсіндеу

Музыка

Дене тәрбиесі

Орыс тілі

Көркем жазу/вар

Бақшада. Әңгіме құру.

Күн мен бұлт.

Білім күні.

Тізені сәл бүгіп, баяу қарқынмен жүгіру.Жаттығулар.

Мой распорядок дня.

№1тапсырма «балапаннан

Қатынас

Шығармаш.

Шығармаш.

Денсаулық

Қатынас

1

1

1

1

1

1

02.09

02.09

02.09

02.09

02.09

02.09

Сәрсенбі

Көр.әдеб

Жапсыру

Дене тәрбиесі

Сауат ашу

Валеология

Ертегілер елінде/вар

Алтын күз. Ғ.

Үй.

Шығыршықтан шығыршыққа секіру.

Күз кереметі. Әңгіме құрастыру.

Жеке гигиена

«Саяхатшы бақа»

Қатынас

Шығармаш.

Денсаулық

Қатынас

Таным

1

1

1

1

1

1

03.09

03.09

03.09

03.09

03.09

03.09

Бейсенбі

Математика

Дене тәрбиесі

Қоршаған орта

Музыка

Әдеп/вар

Геометриялық фигуралар.(үшбұрыш, төртбұрыш, текше, шаршы).

Тура теріс тұрып адымдап, қол ұстасып жүру, жүгіру.

Балабақша және мектеп

Музыка әлемінде.

Мен ұқыпты баламын

Таным

Денсаулық

Таным

Шығармаш…

1

1

1

1

04.09

04.09

04.09

04.09

Жұма

Өзін-өзі т

Экология

Құрастыру

Орыс тілі

«Өзін-өзі тану әлеміне саяхат.

Балабақша.(Мектеп)

Үй.

Культура поведен

Тақырыбы: «Ойлай отырып, ойнайық!» Мақсаты: мектеп алды дайындық тобы тәрбиеленушілерінің шығармашылық қабілеттерін ойын арқылы дамыту. Сабақ түрі: ойын, тренинг сабағы Сабақ әдісі: ойын Қажетті құралдар: суреттер, слайд. Ұйымдастыру: Тренинг ережесі: - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл - күйлерің қалай, жақсы ма? Ендеше, бүгінгі ойын сабағымызды бастамас бұрын, әрбір ойынды ойнағанда мына ережелерді есімізге сақтап алайық, сонда ойынымыз сәтті өтеді. *Күлімсіреу; *Бір - біріне кедергі жасамау; *Өзгенің пікірін сыйлау; *Сөзді бөлмеу, тыңда; Барысы: І. Кіріспе сөз. ІІ. Танысу рәсімі: «Достық тренингі». Топ мүшелерін біріктіру, топта жағымды ахуал құру, жұмыс белсенділіктерін арттыру. Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Өз есімін теңеу сөздермен(өзін қалай атаған ұнайды?) таныстырады да, бір - бірінің қолдарынан ұстайды. Жаттығу осылай жалғасады, барлық қатысушылар қамтылу керек. Соңында «достық шеңбері» пайда болады. ІІІ. «Шеңберді бұзып кір!». Қатысушылар шеңбер болып тұрады. Олардың біреуі шеңбердің сыртына шығып, қалғандары қол ұстасады және бір - біріне тығыз тұрады. Басты ойыншы кез келген әдіспен, күшпен, айла - амалмен шеңбердің ішіне кіру керек. ІV. «Белсенді әріптер». Әр топқа әр түрлі әріптер көрсетіледі және 1 минуттан уақыт беріледі. Сол берілген уақыт ішінде тек тиесілі бір топ ғана көрсетілген әріптен сөз ойлап айтып, жарысады. Бұл ойында балалардың ойлау қабілетін арттыруға бағытталады. Талдау: 1. Балалар, ойын ұнады ма? 2. Жауап беру қиынға соқты ма? V. Түрлену. Шарты: берілген әр түрлі аңдарды, жеміс - жидектерді, мамандықтарды, т. б. ым - мимика, яғни пантомима әдісімен қимылдап бейнелеу, көрсету. Қалған балалар жасырылған бейнені табады. VІ. «Ертегі ойлап тап!». Суретке қарап қызықты ертегі, әңгімені ойдан құрастыру. Әңгіме, ертегілер кейіпкерлерінің суретін көрсете отырып, балалар сол сурет бойынша ретімен өз ойларынша ертегіні өзгертіп, қияли түрде құрастыру қажет. Бір оқушы басын бастаса, келесі оқушы жалғастырады. Талдау: 1. Ертегі ойлап шығару қиын болды ма? 2. Жан - жануарлардың бір - бірімен тату болғанын қалайсыңдар ма? VІІ. «Ойлан, тап!» 1. Айгүлдің алдында 3 зат тұр: кітап, доп, қарындаш (немесе т. б. нәрселер) қойылады.. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады? 2. Үстел үстінде 4 алма тұр (немесе т. б. нәрселер). 1 алманы алып, ортасынан бөліп қайтадан қояды. Үстел үстінде неше алма болды? VІІІ. «Ойлан, не болуы мүмкін?!» Егерде, «... ертегі кейіпкеріндегі бауырсақ болсаң,...» «... адамдар құстарша ұшуды үйренсе,...» «... иттер адамша сөйлесе бастаса,...» «... су құбыры кранынан шырын аға бастаса,...» ІХ. «Күлегештер»(смайликтер) салу. Балалар бүгінгі ойын - тренингтерден алған әсерлерін, көңіл - күйлерін ақ қағаз бетіне күлегештерді сала отырып, ол арқылы өзінің көңіл - күйін көрсетеді, салады, өз еркісімен әсемдеуге болады. Қорытынды. - Жақсы, балалар, бүгінгі ойын сабағымыз сендерге жақсы көңіл - күй сыйлаған екен, оны қолдарыңдағы күлегештердің көңіл - күйі арқылы байқап тұрмын. - Осылайша, сабақтарда ойындарды ойнағанда үнемі дұрыстап ойланып, белсенді ойнасаңдар, өздеріңнің ақылды бала екендеріңді дәлеледеп, көрсетесіңдер. Бақытты балалық шақтарыңда әрдайым өмірде күлімдеп, ақылды болып жүріңдер! - Сау болыңдар, балалар!

Поделиться:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.